Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5329 3 пікір 22 Наурыз, 2020 сағат 13:55

Бірінші әулет, олигархтар және нумерология

Былтыр Н.Назарбаев ресми түрде президент тағынан кеткен кезде жағымпаздар қауымы бір-бірімен жарысып экс-президенттің шешімін “тағдыршешті кезеңдегі ғаламдық деңгейдегі саясаткердің тарихи шешімі” деп сипаттаған еді. Олардың ішінде “2019 жылдың 19 наурызында сағат 19:00-де шешім қабылдаған кісіні қалайша әулие демейсің?!” дегендер де болды. Сол кезде мынау енді жағымпаздықтың емделмейтін IV стадиясы шығар деген ой келген еді.

Бүгін Назарбаевтар әулетіне тиесілі фондтар мен олигархтар коронавируспен күрес үшін бөлген қаражат жайлы жаңалықты оқып отырып, әулеттің өкілдері мен олигархтардың бәрі нумерологияға сенеді-ау деген ой келді. Әулетбасы Н.Назарбаев Nur Otan арқылы 150 млн тг., ал “Тұңғыш президент қоры” атынан 200 млн тг. бөліпті. Б.Назарбаев ағасының жолымен 150 млн тг. бөліпті. Д.Назарбаева “Дегдар” фонды атынан 100 млн тг. бөліпті. Динара Кулибаева 4,5 млрд тг. бөліпті.

Олигархтардың ішінде Тимур Кулибаев – 10 млн доллар, Айдын Рахимбаев – 2 млн доллар, Кенес Ракишев – 1 млн доллар, Галимжан Есенов – 2 млн доллар, Рашид Сарсенов – 2 млн доллар, Александр Клебанов – 2 млн доллар, Александр Белович – 2 млн доллар, Б.Утемуратов қоры 200 млн тг, ал “Верный Капитал“ 1 млн доллар бөліпті.

Қазір 1 доллар=450 тг. деп алсақ, келесідей сандар шығады:

а)Теңгені долларға айналдырғанда (әулет құны қалмаған теңгенің алдында ыңғайсызданып ұлттық валютамен берген сияқты)
- 100 000 000 /450= $222.222.222
- 150 000 000 /450= $333.333.333
- 200 000 000/450= $444.444.444
- 4 500 000 000/450= $10.000.000

б) Долларды теңгеге айналдырғанда (олигархтар өмірде теңге ұстамайтынын жасырмай, “қолдағы бары осы енді” деп доллармен берген сияқты)
- $10 000 000 X 450= 4.500.000.000 тг.
- $2 000 000 X 450= 900.000.000 тг.
- $1 000 000 X 450= 450.000.000 тг.

Мына сандарға қарап, мына әулет пен нұр жауған олигархтар шынымен әулие немесе нумерологияның күшіне қатты сенеді деген ой келеді екен (Кейбір кісілер үшін арнайы ескерту: бұл жағымпаздану емес, қалжың сымақ).

Арамызда нумерологтар болса, мына сандарды қалай түсіндіріп берер екен?

Шалқар Нұрсейіттің әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502