Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2046 0 пікір 23 Маусым, 2009 сағат 20:02

ҚХР-дың экономикалық дамуын Кеңес Одағы экономикасының өткен ғасырдың 20-30-шы жылдардағы дамуымен салыстыруға болады - сарапшы

Алматы. 23 маусым. ҚазТАГ – Игорь Киндоп. ҚХР-дың экономикалық дамуын Кеңес Одағы экономикасының өткен ғасырдың 20-30-шы жылдардағы дамуымен салыстыруға болады. «Қоғамдық келісім» ұлттық жобасы институтының директоры, «Мемлекеттің, бизнестің және қоғамның өзара іс-қимылы: позитивті реинтеграция» жобасының жетекшісі Александр Аузан Алматыда Қазақстан экономистері қауымдастығының өкілдерімен кездесуде осындай пікір білдірді.

«Егер Гонконг, Сингапур және ҚХР қозғалып отырған траектория бойынша қарайтын болсақ, Қытай «үлкен деревняға» және оның «қорыту» мүмкіндігіне ие бола тұрып,  Кеңес Одағының 20-30-шы жылдардағы сталиндік шарықтаудың феномені іспеттес. Сондықтан нәтижені уақыт өте келе көретін боламыз. Өйткені жаңа кезеңдерге ауысқан кезде ҚХР Кеңес Одағында алпысыншы жылы туындаған проблемаларға тап болуы мүмкін», - деп мәлім етті ол дүйсенбі күні.

ҚХР ЖІӨ өсімінің жылдық қарқыны 1990 жылдағы 3,8 пайыздан 2007 жылдағы 11,9 пайызға дейін артты. 2003-2007 жылдары ЖІӨ өсімі 10% кем түскен емес. Қытайда шығарылған тауарлардың жалпы қосымша құнындағы ауыл шаруашылығының үлесі 1990 жылғы 27,1 пайыздан 2007 жылдағы 11,3% дейін төмендеді. Өнеркәсіп және қызмет көрсету секторының үлесі 1990 жылдағы 41,3 және 31,5 пайыздан 2007 жылдағы 48,6 және 40,1 пайызға дейін артты. 1990- 2007 жылдары экспорт көлемі ЖІӨ-нің 19 пайызынан 40,7 пайызына дейін көбейді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5511