Өзіңе үлгі бол!
* Әдемі көйлек сатып алып, бірде бір рет кимей, шкафқа іліп қою деген бір қызық.
* Серванттың ішін жуып-шайып, қонақ келгенше қайта сап қою деген де бар.
* Елдің ахуалы адам айтқысыз деп күйзеліп, көктемгі сенбілікке шықпай қалатындар баршылық.
* Толеранттылық туралы сөз қозғап, көлігіңді мүгедектер қоятын тұраққа қоюың қалай?
* Шетелге саяхаттаған суреттеріңді елмен бөлісіп, ал саябақта ішкен кофенің қағаз стақанын сәкіде қалдырып кету неге тұрады?
* Көктемнің самалын сезіне, көшеде шемішке шағып, айналаңа қабығын шашу жақсы үрдіс пе?
* Мәдениет төмен деп байбалам салғанда алдыңа жан салмайсың, ал сенбі күні шақырған концертке бармай қалуыңды не деп түсінуге болады?
* Итіңді өлердей жақсы көргенің тамаша, бірақ оның б-ғын тазаламау дегенді не деп айтады?
* Дінді ұстанатын адамның әр жерде дөрекі пікір қалдырғаны да жанға батады.
* Әр адамның ойлап, талдап, өзгеруге, жетілуге мүмкіндігі бар.
* Шамасы келген сайын өзгелерге үлгі бола алады.
* Ең қиыны өзіңе үлгі болу.
* Біз басқалар үшін өмір сүрмейміз ғой.
Лена Клименкова
Аударған Шынар Әбілда
Abai.kz