Соттың қашан басталатыны әзірге белгісіз. Айыпталушылардың дені өмірлік түрме жазасын алуы мүмкін.
Күдіктілердің арасында Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің бұрынғы кеңесшісі де бар.
The Washington Post газетінің колумнисті болған Жамал Хашоггиді 2018 жылы қазанда Сауд Арабиясының Стамбулдағы елшілігінде өлтірді. Журналист Эр-Рияд саясатын, әсіресе тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманды сынап келген. Хашогги мәйіті әлі табылған жоқ.
Өткен жылы қазан айында Human Rights Watch Хашогги өліміне қатысты іс бойынша жабық сот процесін халықаралық стандартқа сай емес деп таныған еді.
Abai.kz