Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 97-ге жетті
![](https://abai.kz/content/uploads/2020/03/1f4f56de7a0623e3bea03c1404ac7c46_original.77395.jpeg)
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты жазды.
Осы сағатта:
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 55 адам,
Алматы қаласында – 34 адам,
Қарағанды қаласында - 2,
Шымкент қаласында - 2 адам,
Алматы облысында - 1 адам,
Ақтөбе облысында - 1 адам,
Жамбыл облысында -1 адам,
Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам. Жалпы 97 науқас тіркелді.
Abai.kz