Сенбі, 23 Қараша 2024
Аймақ 4136 0 пікір 26 Наурыз, 2020 сағат 21:21

Індеттің алдын алуға бағытталған 10 шара

Бүгінгі күні бүкіл әлем COVID-19 індетімен күресуде. Барлық ауқымды іс-шаралар коронавирустан сақтанудың амалын жасап жатқан азаматтар мен мемлекеттік қызметтерді қолдауға арналған.

Ал Алматы облысына карантин қалай әсер етеді?! Аймақ басшысы Амандық Баталов тапсырған коронавирус індетіне қарсы облыс орталығында жүргізіліп жатқан 10 шараны сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

1. Алматы облысының кәсіпкерлері Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үндеуін қолдады. Өз мәлімдемесінде кәсіпкерлер коронавирусқа қарсы күресте ынтымақтастық туралы бастаманы толығымен бөлісетінін атап өтті. Мысалы, Болат Назарбаевтың "Салиқалы ұрпақ" қоры COVID-19 вирусымен күресу үшін 150 миллион теңге қаражатты бөлді. Өз кезегінде, "SODUL development" компаниясы Алматы қаласында коронавирусқа қарсы күреске белсенді қатысатын медициналық мамандарға, ІІМ, ТЖ және басқа да салалардың қызметкерлеріне 18 мың этил спиртін жіберді.

2. Алматы қаласының шыға берісіне 16, Ал Талдықорғанда тәулік бойы жұмыс істейтін 4 санитарлық бекет орнатылды. Алматы маңындағы блокпостарда көлік пен жүк дезинфекцияланады. Мұнда тәулік бойы полиция нарядтары мен СЭС қызметкерлері кезекшілік етеді. Кезекшілер тепловизорлармен, медициналық маскамен және арнайы костюмдермен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, облыстың денсаулық сақтау басқармасы күзет орындарында кезекшілік ететін құқық қорғау органдары мен әкімшілік құрылымдардың қызметкерлеріне арналған медициналық маскалар қойылған.

3. Коронавирустың таралу қаупіне байланысты Алматы облысының медициналық мекемелері жоғары дайындық режимінде жұмыс істейді. Облыс бойынша коронавирустық инфекция диагнозы бар пациенттерді емдеу үшін 150 жұқпалы ауруларға арналған төсек, 800 провизорлық және 1217 карантиндік (обсервация) төсек-орын дайындалды. Қажет болған жағдайда жатын орын саны ұлғайтылады (11 217-ге дейін). Амбулаториялық және стационарлық деңгейде 38 инфекционист, 143 анестезиолог-реаниматолог, 8 нефролог, 12 трансфузиолог, 98 невролог және 447 терапевт дәрігерлер жұмыс істейді. Орталық аудандық ауруханаларда коронавирус туралы жалған ақпаратты анықтау бойынша мобильді топ құрылды. 17 ауданда және 2 қалада бір командадан жұмыс істейді, Олар барлық түскен сұрақтарға жауап береді. Қорытынды жасай отырып, осы өңірде барлық медициналық мекемелерде маскалар мен дәрі-дәрмектердің жеткілікті саны бар, сондай-ақ олар күшейтілген режимдеқызмет атқарады.

4. Алматы қаласында жүктілік бойынша есепте тұрған әйелдер қазіргі уақытта тұрып жатқан Алматы облысының кез келген медициналық мекемесіне кедергісіз жатқызылуы мүмкін. Сондай-ақ, Алматы қаласының шекаралас аудандарының гемодиализ (созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі) диагнозы бар пациенттерді аудандық жедел медициналық жәрдем ауруханасынан Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізеді.

5. "Қорғас" ШЫХО жабылуы мерзімін ұзартты. Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қ. Баймұхамбетов "Алматы облысында коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу шараларын күшейту туралы" қаулы қабылдады.

Бұл қаулыда "Қорғас" ШЫХО жұмысын ағымдағы жылдың 15 наурызынан бастап облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің ерекше өкімі шығарылғанға дейін тоқтата тұру туралы айтылған. Сондай-ақ, қаулыға сәйкес барлық өндірістік үй-жайларда күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим енгізіледі. Азаматтар көп және ұзақ уақыт болатын ғимараттарда қолды өңдеуге арналған дезинфекциялық құралы бар арнайы аспаптар (санитарайзерлер) орнатылады.

6. Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттерінде бақылау күшейтілді. Атап айтқанда, әрбір жүк көлігі мұқият дезинфекцияланады. Ал жүргізушілер санитарлық тексеруден өтеді. Өңірде барлығы 6 кеден бекеті бар. "Нұр Жолы" өткізу пунктіне келетін әрбір жүк көлігі кемінде екі рет дезинфекциялаудан өтеді. Бұл тек машина шанағы. Сондай-ақ, мамандар жүк көлігінің кабинасын мұқият өңдейді. Қазіргі уақытта өткізу пунктінде 20-ға жуық термометрия аппараты бар.

7. Алматы облысындағы блок-бекеттерді кесіп өту әрекеті үшін 26 азамат қамауға алынды. Ұсталған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалды. Сонымен қатар, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың қаулысымен аталған тұлғаларды әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарылды.

8. Өңірде азық-түлік және өзге де тауарлардың бөлшек бағалары мен қорына күнделікті мониторинг жүргізілді. Бүгінгі таңда облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының саны жеткілікті. Алматы облысының тұрақтандыру қорының жұмысы және әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді әлеуметтік дүкендер арқылы сату жандандырылды. Жалпы сомасы 1063,3 млн.теңгеге 8626,4 тонна көлемінде азық-түлік тауарлары сатылды. Облыстың тұрақтандыру қорында қазіргі азық-түлік тауарлары 2364,8 тоннаны құрайды, оның ішінде бидай ұны, құмшекер, күріш, күнбағыс майы, рожки, пияз және картоп.

9. "NurOtan" партиясының басшылығымен белсенділер мен еріктілер Алматы облысының көп балалы отбасыларына азық-түлік және гигиена құралдары бар тегін әлеуметтік пакеттерді жеткізеді. Жұмыс Облыс бойынша жүргізіледі, өтініштер "онлайн" режимінде қабылданады. Бүгінгі күні " Біз біргеміз" акциясы аясында 581 отбасына 7 млн.835 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.

10. Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында Алматы облысында 27,3 мың жұмыс орнын құрумен 1 240 жоба іске асырылатын болады. Өңірде "Жұмыспен қамтудың жол картасы" 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Біріншіден, бұл әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеу, қайта жаңарту. Мысалы, тек білім беру саласында 88 нысан күрделі, ағымдағы жөндеуге жатады, ал 351 мектепте сыртқы дәретханаларды жою керек. Жалпы әлеуметтік-мәдени салада 31,8 млрд. теңгеге 491 жоба іске асырылатын болады. Екіншіден, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін ағымдағы, орташа, күрделі жөндеу және қайта жаңарту. Осы бағыт бойынша 79 нысан бойынша 5 мыңға жуық жұмыс орнын құру керек оған 20 млрд.теңге қарастырылған. Үшінші бағыт, бұл инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу және қайта жаңарту. Мұнда 547 нысан бойынша 8 500 мың жұмыс орнын құрылмақ, осыған  34,2 млрд.теңге бөлінбек. Төртінші бағыт-елді мекендерді абаттандыру. Барлығы 153 нысанды  17 млрд. теңгеге жаңартпақ. Сонымен қатар, ирригациялық желілерді қайта жаңартуға 6,2 млрд. теңге қарастырылған.

Соңғы пункт туралы бүгін селекторлық режимде өткен кеңес барысында белгілі болды. Өңір басшысы "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасының маңыздылығын атап өтті.

- Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23 наурызда Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында "Жұмыспен қамтудың Жол картасын" жүзеге асыру үшін 1 трлн.теңге бөлуді тапсырды. Оның ішінде Алматы облысына 109,2 млрд.теңге бөлінді. Бұл біздің өңір үшін өте маңызды және қажетті қаражат. Бірінші кезекте халықты жұмыспен қамту мәселесін шешу маңызды. Өйткені коронавирусқа байланысты облыстың көптеген тұрғындары жұмыссыз қалды. Олардың отбасыларына жағдай жасап, жаңа жұмыс орындарын ашу қажет. Бұған дейін жұмыс жасауға осындай орасан зор қаражат бөлінген жоқ. Сондықтан біз оларды бөлгенде жауапкершілікпен қарауымыз керек. Есепті кездесу, жеке қабылдаулар кезінде тұрғындар жүгінген облыстың аудандары мен қалаларына да қаражат бөлеміз. Тұрғындардың барлық өтініштерін талдап, бөлінген қаражатқа маңызды және қажетті жобаларды жүзеге асыру қажет. Жолдарды жасау, әлеуметтік нысандарды жөндеу және т.б., - деді Амандық Баталов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395