Мемлекет тарапынан нақты қадам жасалуы тиіс
Халыққа шыныменде вирустың қауіпті қатер екенін көрсету үшін цифрдың өзгеріп отырғандығы сенім бермейді. Біздің елде цифрдың қалай түрленетінін халық жақсы біледі. Халық әзірге бей жай жүр. Халық үйден шықпай отырсын десек мемлекет тарапынан бірнеше қадам жасалуы тиіс:
- Халыққа ауырған,жазылған адамдардың, емдеп жүрген дәрігерлердің видео-фотоларын тарату керек. Қытай, Италия сияқты елдердің ютуб желісінде түрлі видеолары таралуда, халық сол видеолар арқылы ғана кино көргендей қарауда, бірақ елде таралып жатқанына толық сенімдері жоқ. Елімізде індеттің таралып жатқанына көздерін жеткізу үшін видеолар таралу керек, халық тез етек жеңін жинайды.
- Халықтың басым көпшілігінде жинаған қоры жоқ, сондықтан азық түлікпен қамтамасыз ету керек. Азық түлікпен қамтамамыз етудің екі жолы бар:1) ақшалай; 2) азық түлікпен. Мемлекетке ақшалай төлем жасаудың немесе азық түлікпен қамтамасыз етудің механизмін жасау қажет.
Азық түлікпен қамтамасыз ету этап бойынша жүру керек, мысалы, ретімен көп балалы аналар, жағдайы төмен отбасылар, карантин кезінде жұмысынан айырылғандар, өзін өзі жұмыспен қамтушылар және т.с.с.
-Карантин кезінде коммуналдық төлемдерді бөліп жармай Республика бойынша мемлекет есебінен төленуі керек.
Қазіргі таңдағы мемлекет тарапынан беріліп жатқан көмектердің түрлері:
- Жергілікті әкімшіліктерде жағдайы төмен отбасыларға(Атаулы әлеуметтік көмек алушылар) азық түлік үлестірілуде. Карантин қалаларында өздері жеткізуде. Облыстарда халық жиналып келіп кезекке таласып хаос болуда, арасында індет таратушы адамның болмауына ешкім кепіл бере алмайды⁉️
- 42500 теңгелік көмек берілуде, оған ресми түрде жұмыс жасап , уақытша төлемсіз демалысқа кеткендер, ешқайда барудың қажеті жоқ, жұмыс беруші жұмысшыларының тізімін өткізуі керек.
Аш халыққа ешқандай індет қорқыныш болмайды. Сондықтан, мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмек жоғарыдағы көрсетілген қадамдармен толықтырылмай, халықты жәй цифрмен, қорқытумен үйде отырғыза алмайды.
Қадамдарды толығымен орындағаннан кейін, талап етіп қатаң шара қолдануға көшуге болады.
Сағындық Бекұланның әлеуметтік желідегі жазбасы
Abai.kz