Жұма, 23 Қазан 2026
4390 2 пікір 28 Наурыз, 2020 сағат 11:07

Қос қалада кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады,- деп хабарлайды primeminister.kz.

Бұл туралы Үкімет басшысының төрағалығымен өткен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысында айтылды.

-Мемлекеттік комиссия коронавирустық инфекцияның таралуын шектеу мақсатында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында биылғы 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысын уақытша тоқтату туралы шешімді бекітті,- делінген хабарламада.

Толық тізім қалалардың әкімдіктерімен келісе отырып анықталады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1175
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1631