Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2261 0 пікір 24 Маусым, 2009 сағат 11:48

Серік ӘБІЛХАН. Полицейлер «Сөз бостандығының» алдында дәрменсіздік танытты

Сәрсенбінің сәтінде Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубының алдына адам қарасы көп жиналды. Құрал-сайманын асына келген журналист қауымынан гөрі, қолдарына бір-бір хабарлауыш рация ұстаған тәртіп сақшыларының қатары мол сияқты көрінді. Белгіленген жерге күні бұрын жетіп алған полицайлар құдды бір лаңкестерді құрықтайтындай тас-түйін жүр. Сонымен, ақпарат құралдары арқылы алдын ала хабарланып айтылғандай, елдегі «Сөз бостандығын қолдау» акциясы тура сағат 11:00-де басталып кетті.

Сәрсенбінің сәтінде Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубының алдына адам қарасы көп жиналды. Құрал-сайманын асына келген журналист қауымынан гөрі, қолдарына бір-бір хабарлауыш рация ұстаған тәртіп сақшыларының қатары мол сияқты көрінді. Белгіленген жерге күні бұрын жетіп алған полицайлар құдды бір лаңкестерді құрықтайтындай тас-түйін жүр. Сонымен, ақпарат құралдары арқылы алдын ала хабарланып айтылғандай, елдегі «Сөз бостандығын қолдау» акциясы тура сағат 11:00-де басталып кетті.

«Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» демекші, қызықтың көкесі арнайы дайындап әкелген плакаттарды айқара ашқан кезде басталды. Жемтігін аңдыған құзғын-қарғадай қыбыр еткенді қалт жібермей бақылап тұрған қызыл жағалылар «Интернетке бостандық!», «Рамазан Есіргеповке бостандық!», «Прокурор, сот мырзалар! Ар-ұятты ойлаңдар!» деген жазулары бар плакаттар жайылған сәтте-ақ журналистердің қолындағы қағаздарға жармасты. «Тарт қолыңды, жолама! Қағазды алуға қанша қақың бар?!» деген дауыстардан құлақ тұнады. Алғашқы кезде осылай шабуыл жасап, белсенді топтың үрейін ұшырып аламыз деп ойлаған болулары керек, бар-жоғы он минуттың айналасында әлгі әкіреңдеген полицайлардың «ауруы» басылып, жуасып сала бергені. Тек шараға қатысушылар көшеге шығып кетпес үшін сақшылар Фурманов көшесін бойлай қаз-қатар тізіліп тұрып алды. Прокуратураның киімін киген кейбір пысықай мамандар дыбыс күшейткіш арқылы жиналған қауымға бағыштап: «Бұлайша наразылық акциясын өткізуге сіздерге рұқсат берілген жоқ. Бұларыңыз заңсыз! Тезірек тараңыздар!» деп қояды. Алайда, өздерінің заңға қайшы келетіндей ештеңе бүлдіріп тастамағандығын жақсы білетін тәуелсіз БАҚ өкілдері құқық қорғау орындарының мұндай мәлімдемесіне құлақ та түрген жоқ. Керісінше заң қызметкерлерінің өздеріне тарпа бас салып: «Не себепті біздің бейбіт түрде жиналуымызға рұқсат етілмейді. Ондай заңды қайдан тауып алдыңыз! Түсіндіріп беріңізші, егер Сіздің айтқан сөзіңіз заңмен расталса, біз осы жерден дереу кетеміз», - десті.

Бір өкініштісі аталған акцияға атсалысуға тәуелсіз БАҚ өкілдерінен басқа тірі пенде қатысқан жоқ. Басына іс түскенде, немесе өзін жарнамалау керек болған кезде билікке бағынбайтын тәуелсіз газет-журналдардың көмегіне жүгінетін жұрт алдында жүрген танымал тұлғалардың, қоғам қайраткерлерінің, ұлт жанашырларының бір де біреуі ол маңнан табылмады. Бәлкім «естімедік, шақырту алмадық» деп ақталатын шығар, олай болса қателеседі. Кеше ғана осы шараны ұйымдастырушы азаматтар журналистердің басын қосып, осындай жиын өтетіндігін айтқан. Интернет сайттарда бұл туралы материалдар жарияланып та қойған. Сондай-ақ, шақырылмай қалғанына өкпелеген болса, тағы да қайталаймыз. Әріберіден кейін наразылық акциясы әр адамға жеке-жеке шақырту жіберетіндей той-томалақ емес. Сондықтан, сөз бостандығының келешегіне бейжай қарай алмайтын Қазақстанның кез-келген азаматы осы акцияға қатысуға ерікті еді.

Алайда, бұл құқықты тәуелсіз БАҚ өкілдерінен басқа, екі-ақ азамат пайдаланды. Олардың бірі «Азат» демократиялық партиясының төрағасы Болат Әбілев болса екіншісі Виктор Ковтуновский деген азамат болды.

Сөйтіп, тәртіп сақшылары мен журналистер арасындағы «Сөз бостандығы үшін» текетірес екі-үш сағаттан кейін тыныштықпен аяқталды. Құдайға шүкір құқық қорғаушылар да бұл жолы «мейірімділік» танытып ешкімді қамауға алған жоқ. Бас жарылып, көз шыққанын да көрмедік.

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504