Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2841 0 пікір 12 Қазан, 2011 сағат 07:05

Сергек Ерқосай. Этносаралық келісім: қазақ һәм басқалар

Қазақстанның ішкі саясатында этносаралық келісім басты рөл атқарғанымен, оның жүзеге асу механизмдері өмір талабына сай айқындалмаған. Ел қауіпсіздігінің ішкі сипаты аталмыш салаға басымдық берілгенімен, оның саяси негіздемесі елдегі ұсақ этностардың мүддесін қазақ ұлты мен Қазақстан мемлекетінің мүддесі есебінен қамту қолға алынған. Бұл сайып келгенде өзін ақтайтындай саяси тетік болмай отыр. Мұның салдарын соңғы жылдар ішінде елде болып жатқан этносаралық қақтығыстардың орын алуына әкеліп соғуда.

Қазақстандағы этносаралық келісімнің өзі не нәрсеге негізделгенін айыру қиын. Бір қарағанда, елдегі азаматтардың құқық теңдігі ғана емес, этностардың да тепе-теңдігі саяси жалауша желбірейді. Алайда, бұл теңдіктің тамыры неде екендігі және қандай критерилерге негізделгендігі түбірімен анық емес. Ғылыми негізсіз және зерттемесіз құрылған Қазақстан халқы ассамблеясы атауының өзінен «халықтары» сөзінің жуырда ғана ығысуы мемлекеттің субъектілік сипатында қандай қауіптің болып келгендігін көрсетіп берді. Бұл құрылым қазіргі кезде конституциялық қайшылыққа ұрындырып отырған заңнамалық көп фактордың бірі болып отыр.

Қазақстанның ішкі саясатында этносаралық келісім басты рөл атқарғанымен, оның жүзеге асу механизмдері өмір талабына сай айқындалмаған. Ел қауіпсіздігінің ішкі сипаты аталмыш салаға басымдық берілгенімен, оның саяси негіздемесі елдегі ұсақ этностардың мүддесін қазақ ұлты мен Қазақстан мемлекетінің мүддесі есебінен қамту қолға алынған. Бұл сайып келгенде өзін ақтайтындай саяси тетік болмай отыр. Мұның салдарын соңғы жылдар ішінде елде болып жатқан этносаралық қақтығыстардың орын алуына әкеліп соғуда.

Қазақстандағы этносаралық келісімнің өзі не нәрсеге негізделгенін айыру қиын. Бір қарағанда, елдегі азаматтардың құқық теңдігі ғана емес, этностардың да тепе-теңдігі саяси жалауша желбірейді. Алайда, бұл теңдіктің тамыры неде екендігі және қандай критерилерге негізделгендігі түбірімен анық емес. Ғылыми негізсіз және зерттемесіз құрылған Қазақстан халқы ассамблеясы атауының өзінен «халықтары» сөзінің жуырда ғана ығысуы мемлекеттің субъектілік сипатында қандай қауіптің болып келгендігін көрсетіп берді. Бұл құрылым қазіргі кезде конституциялық қайшылыққа ұрындырып отырған заңнамалық көп фактордың бірі болып отыр.

Ассамблеяның құрылу мақсаты мен қалыптасу әдісі де, жолы да саяси және заңдық қисынға келмейді. Егер ассамблеяның мақсаты елдегі ұсақ этностарды қазақ ұлтымен теңестіру болса, оның түбінде қандай пиғыл жатса да, мемлекеттің унитарлық құрылымы мен мұратына қарама-қайшы. Ал ассамблея мәртебесінің анықталмағандығы өз алдына, енді оның атынан мемлекеттік басты органдарды жасақтау мүмкіндігінің  жартылай заңдануы елдің ішкі саясатын тұйыққа тірейтін тағы бір факторға айналатын түрі бар. Мәселен, демократиялық та, заңды жолға да татымайтын әдіспен ассамблея атынан парламент мәжілісінің тоғыз депутатының сайланбай тағайындалуы (сайлау тек қана сайлаушылар тарапынан атқарылатын акт) азаматтар теңсіздігінің жаңа көрінісін әйгілеп отыр. Оның үстіне ұсақ этностардың тікелей жоқшылары парламент деңгейінде пайда болып, мемлекет құраушы ұлт ретінде қазақ этносының мүддесін қорғайтындай заңдық мотивацияға негізделген мандатты тұлға болмай қалуда. Мұның өзі қазақ ұлты тарапынан зор қарсылық туындатуда. Сөйтіп, о баста елдегі этносаралық келісімді нығайтуға тиісті Қазақстан халқы ассамблеясының миссиясы кереғарлыққа тап болуда.

Оның үстіне сөз етіп отырған органның не мемлекеттік екені, не қоғамдық екені белгісіз, мәртебесі айқындалмаса да, жоғарғы мемлекеттік органдармен теңестірілуі елдің стратегиялық саяси бағытына үлкен өзгеріс апаруға итермелеуде. Мәселен, 2030 жылға дейінгі елдің стратегиялық даму программасына сәйкес болашақта азаматтардың этностық тегін мойындамау арқылы қазақстандық ұлт аталмақшы космополиттік пиғыл осы жайттан туындап отырған саяси салдар деуге болады. Бұл пиғылға қазақ халқы түгілі ұсақ этностардың өзі өздерінің жұтылу қатері ретінде үзілді-кесілді қарсы болды.

Ассамблеяны құрайтын ұлттық-мәдени орталықтардың жасақталуы да көкейге көп түйткіл туындататын мәселе. Қазіргі кезде Қазақстанға кездейсоқ келген кез келген азаматтар тобының әлдебір этносқа бірігу көрінісі саяси және заңдық мәртебеге ие бола беретін түрі бар. Қазақстанның кез келген бір этносқа біріккен оншақты азаматы елдің кез келген өңірінде өздерінің ұлттық мәдени орталық құру мүмкіндігіне ие болып отыр. Мәселен, тараздық дұңғандар Астанаға саудамен жайғасып алып, ассамблея мен ішкі саясат департаменті тарапынан тегін таратылатын грантты алу мүмкіндігіне қол жеткізу үшін тағы да елордада ұлттық мәдени орталық құрып алған, солтүстікке бұрын соңды жоламаған ұйғыр, өзбек, тәжіктер де бір бір отау тігіп үлгеріпті. Шын мәнінде Астанада гастербайтерлерден өзге мүдделі болып отырған аталмыш этностық топ бар деуге болмайды.

Астана қаласы бой көтергелі жиналған түрлі этностық шетелдік топтарға дейін ұлттық орталықтар құру мүмкіндігі ешбір нақты талапсыз, критерисіз түрде мәдени этностық ошақтарын құрумен бірге кәсіптік нысандарға да ие болуда. Мысалы, украиндар Астана маңынан гектарлап жер алу арқылы өздерінің ұлттық мәдени ықпалдарын күшейтуді қолға алуда, оған Украина  елшілігі қаржылай және заттай жәрдем бермек болғаны бар (оның қаншалықты нәтижесі барынан хабарсызбыз), оның үстіне Қазақстан халқы ассамблеясы тарапынан бөлінетін грант тағы бар. Осындай мақсатпен елорда маңынан ұйғырлар да қауымдасқан түрде жер телімін алуда. Болгарлар Павлодардан жер іздеуде. Бір қарағанда, мұнда тұрған ештеңе де жоқ секілді, ұсақ этникалық топтарға мәдени мүмкіндік беріліп жатқандай сыңай бар.

Алайда, бұл терең ойластырылып, әділетті сипат алып отырған шара емес. Елдегі ұсақ этностық топтар арасында келісімді нығайтудан гөрі эгоистік өзара бәсеке бары анықтала түсуде. Елде кімнің ықпалы мен мүмкіндігі мол болса, сол қарпып қалуға тырысуда. Мысалы, байығыш та біріккіш өкілдері арқасында кәрей диаспорасы да өздерін материалдық және мәдени жағынан әжептәуір еркін сезінуде. Ал, ноғай, қарақалпақ секілді жоқшысы жоқ этностық топтардың халы керісінше мүшкіл. Сөйтіп, елдегі әрбір биліктегі ықпалды немесе бақуатты этнос өкілі өз этносын саяси әлемге жетелейтін локомотивтің рөлін атқаратындай ахуал қалыптасқан.

Ассамблея тарапынан ұйымдастырылып жатқан шаралардың діттеген мақсаттарына жетіп жатқанына күмән келтірерліктей жағдайлар да орын алуда. Мысалы, ана бір жылы Тілдер мерекесі күні Астананың орталық стадионында этносаралық спорт жарысы болып өтті. Сол жарыстағы әйелдер арасында өткен қолкүрес нәтижесінде дұңғандар мен тәжіктердің арасында төбелес бола жаздағаны бар. Бұл шараның не мақсатты көздегені де белгісіз, спортты насихаттау ма, әлде этностарды спорттық бәсекесін арттыру арқылы кикілжіңге ұрындыру ма? Мұндай этносаралық спорт бәсекесі кімге керек еді деген сауал өзінен өзі туындайды. Мұның өзі ассамблея тарапынан бөлінетін қаржының жұмсалуын ойластырылмағаны, арнайы жоба ретінде рәсімделмегені көзге қораш көрінеді.

Жалпы, елдегі этносаралық саясат шынайылықтан гөрі сырт көзге жақсы атты болуды көздеген жалаң насихаттан тұратындығы барған сайын ашыла бастауда. Бірнеше жыл бұрын бірінші мамырда Қазақстан халықтарының бірлесу күні аталатын мерекеге байланысты Астана қалалық кіші ассамблея мүшелері болып табылатын түрлі этностық мәдени орталықтар өздерінің өнерлерін даярлау сәтінде ұлттық-мәдени орталықтардың басшылығы міндетсіп, бұлдана отырып, кіші ассамблея хатшысына бағынбай оны жыларман еткені бар. Соған қарағанда, кіші «ұлттардың» шаруасы әбден түгелденіп, мемлекеттің қамқорлығы олар үшін міндетті әлдиге айнала бастаған секілді. Тіпті, әр ұлттың әнін шырқап, киімін киіп, биін билеп жүрген қазақтың ұл-қыздарын көргенде не деріңді білмейсің!

Бір қызығы, бірнеше жүз мыңдаған қазақтар атынан астаналық ассамблеяға тек  бір ғана «Тіл және мәдениет» қоғамдық бірлестігі енген. Шын мәнінде ассамблеяға ену тәртібі  мен талабы тиянақсыз, нақты айқындалмаған. Астанада тұратын кездейсоқ келген он жапон да, бөгде планеталық приматтар да қазақтың төлқұжатын қолға түсірсе болғаны, ұлттық орталық құрып алатын құқығы бар, ал он миллион қазақ та олармен теңестіріліп, бір ұйыммен барлық мәдени мүмкіндігін дамытуға қанағат етуде.

Басқа жағынан алғанда ассамблея құрамының бірыңғай ұлттық-мәдени орталықтармен бірге қоғамдық саяси қозғалыстардан да құралғаны таң қаларлық жағдай. «Лад», славян қауымдастығы мен казактар қоғамын қандай этностық мәдени орталықтарға жатқызуға болатыны түсініксіз.

Қазақстандағы ұлт пен этнос және этностық топ ұғымдары ажыратылмаған. Елдегі этностардың еріксіз саясилануы барған сайын тереңдей түсіп, оның арты этносаралық шиеленіске апаратын түрі бар. Бұл жағдайды үйлестіріп, бақылап отырған маман да, орган да жоқ. Қазырғы ассамблея аталатын мемлекеттік құрылым тек қана диаспораларға қаржы тауып беріп, солардың мүддесін көздеу арқылы әлгі ассамблеядағы жекелеген қазақ қызметкерлері өздерінің де жеке мансабын көздейтіндей ахуал орнаған.

Ал, елдегі қазақ еместердің қазақтарға қатынасы жалаң ұран мен насихатқа құрылғанын ескерсек, мұның арты жадағай саяси нәтижеге ұрындыратыны сөзсіз. Елді егесіздік билеп бара жатқандай әсер бар. Қазаққа деген құрмет емес, оны мүсіркеу орын алған.

Жоғарыда аталған ұлттық орталықтардың белсенділері Қазақстанның патриоттары емес, ең алдымен өздерінің тарихи отандарының осындағы бір бөлшегі сезінеді. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында республика күніне арналған ұлтық мәдени орталықтарының бір концерті кезінде армяндардың көркемөнерпаздары арқаларына бадырайтып «Армения» деп жазып алыпты. Сөйтіп, олардың қай елдің республика күнін тойлап жүргені күдік күйінде қалды. Айта берсе, мұндай көрініс жеткілікті. Мәселе, елдегі этнос өкілдерінің қазақты не Қазақстанды менсінбеуінде емес, этносаралық саясаттың бейбастақ кетуінде және елдің этностық саяси мәртебесінің нақты айқындалмауында. Бұл саланың елдің ішкі саясатының маңызды бөлігі ретінде салиқалы саясатқа айналмай отырғандығында.

Қазақстандағы этносаралық келісім ішкі саяси саудаға айналмас үшін, жоғарыдағы жайттарды атай келіп, мынадай ұсыныстарды алға тартуды жөн көреміз:

1. қазақ халқын мемлекет құраушы ұлт ретінде ресми түрде мойындау құжаты керек;

2. аталған құжат қазақ ұлтының миссиясы мен оның рухани-мәдени даму тұжырымдамасын және бағдарламасын қамтуы керек;

3. елдегі этностық топтардың мәдени сақталуы жөніндегі өз алдына бөлек бағдарлама жасалуы керек;

4. Қазақстанды этностық саясиланудың құрбаны еткелі отырған ассамблея аталатын жасанды заңсыз органнан құтқару керек;

5. Ұлттық-мәдени орталықтардың заңдық формасы нақтыланып, олардың құрылу және жасақталу жолдары заңдандырылуы қажет;

6. Ұлттық-мәдени орталықтар, этностық-мәдени орталықтар аталып, олардың қызмет ететін этностық топтары сандық және сапалық жағынан ажыратылуы керек және олардың қызметтерін тұрақты бақылайтын, мониторинг жасайтын, сондай-ақ материалдық жағдайды ұйымдастыратын арнайы тігіңкі бағыттағы құрылым болуы керек;

7. этносаралық келісім шаралары мен этностық мәдени талаптарды орындау шаралары бір-бірінен ажыратылатындай нақты жобалар білікті мамандардың қатысымен жүзеге асырылуы қажет.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5512