Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2463 0 пікір 13 Қазан, 2011 сағат 19:27

Төлен Әбдікұлы. Парасат майданы (жалғасы)

Мен хатты каридордағы келiсiлген жерге апарып тықтым да, бөлмеге келiп, өзiм жазған хаттың әсерiмен ойланып ұзақ жаттым.
Менiң мазамды алған ең алғашқы хатта келтiрiлген қытай философиясындағы “Ян” мен “Инь”-нiң арақатынасы. Бiр заттың мезгiл-мезгiл кереғар екi күшке айналып тұратынын мойындайын. Бiрақ   осы кереғар  екi күш қалайша өздерiнiң мән-мағыналарынан айрылуға тиiстi? Неге ақ пен қара, адал мен арам, iзгiлiк пен қиянат  iштей былығып, бiр бiрiмен мидай араласуы керек?  Толып жатқан шырғалаң ойлармен көз байламай, анық ақылмен, сезiммен пайымдасақ, тамақ пiсiрiп жатқан қазан түбiндегi от пен адамдардың жиған-тергенiн күлге айналдырып жатқан сұрапыл өрттi түбi бiр деп бiр құбылысқа айналдыруға бола ма? Жоқ. Екеуi бiр табаққа сыймайтын құбылыс. Алайда екеуiнiң бiр табақта жатқаны кiмге керек болуы мүмкiн?
Осыны” бәрi, менiңше, адалға да, арамға да, iзгiлiкке де, қиянатқа да жататын рухани қосмекендiлердiң көбеюiнен. Рухани гермофродиттердiң көбеюiнен. Кембағалдар қашан да өмiрге өшпендiлiкпен қарайлы.

Мен хатты каридордағы келiсiлген жерге апарып тықтым да, бөлмеге келiп, өзiм жазған хаттың әсерiмен ойланып ұзақ жаттым.
Менiң мазамды алған ең алғашқы хатта келтiрiлген қытай философиясындағы “Ян” мен “Инь”-нiң арақатынасы. Бiр заттың мезгiл-мезгiл кереғар екi күшке айналып тұратынын мойындайын. Бiрақ   осы кереғар  екi күш қалайша өздерiнiң мән-мағыналарынан айрылуға тиiстi? Неге ақ пен қара, адал мен арам, iзгiлiк пен қиянат  iштей былығып, бiр бiрiмен мидай араласуы керек?  Толып жатқан шырғалаң ойлармен көз байламай, анық ақылмен, сезiммен пайымдасақ, тамақ пiсiрiп жатқан қазан түбiндегi от пен адамдардың жиған-тергенiн күлге айналдырып жатқан сұрапыл өрттi түбi бiр деп бiр құбылысқа айналдыруға бола ма? Жоқ. Екеуi бiр табаққа сыймайтын құбылыс. Алайда екеуiнiң бiр табақта жатқаны кiмге керек болуы мүмкiн?
Осыны” бәрi, менiңше, адалға да, арамға да, iзгiлiкке де, қиянатқа да жататын рухани қосмекендiлердiң көбеюiнен. Рухани гермофродиттердiң көбеюiнен. Кембағалдар қашан да өмiрге өшпендiлiкпен қарайлы.
Мен бейтаныс құрбымның бойынан террористiк бiр қасиет байқаймын. Ол адам баласының ғасырлар бойы ақыл-парасаты мен жiгерiн жұмсап тұрғызған рухани ғимаратын       тас-талқан етiп жарғысы келедi де тұрады. Егер  ол пиғыл  орындалса, адамзаттың сан мың жылдық еңбегiнiң зая кеткенi. Бұдан кейiн қаласаң да, қаламасаң да - хайуанаттар әлемiне қайтып баруға тура келедi.
Рухани терроризмге қарсы күрес керек.

11

8 көкек

Жалғыздық жайында көп ойландым. Қиындыққа да, қиянатқа да, зорлық-зомбылыққа да, жала мен бәлеге де төзуге болатын секiлдi. Төзуге қиын жалғыз нәрсе - жалғыздық.
Адам өмiрi құнсызданған кедей елдерден гөрi төрт құбыласы түгел дәулеттi елдерде адамдардың өзiне өзi қол салу әрекеттерi көп дейдi. Себептерi әртүрлi: айықпас дерт, алданға махаббат, адасқан арман, түзелмес тұрмыс т.с.с. Бұлардың бәрiн де бiр ғана жалғыздық  деген ұғымға сыйдыруға болады. Дауасыз дертке шалдыққандардың бәрi өздерiн өздерi өлтiре бермейтiндерi белгiлi. Төңiрегiңде  қасiретiңдi бөлiсетiн,   тiршiлiктегi әр сәтiңе қуанатын қалың қауым қаумалап тұрғанда  ешқашанда өзiңе өзiң қол жұмысай алмас едiң.  Тағдырдың толып жатқан басқа да соққылары,   бөлiсетiн жан болса, сенi есеңгiрете алмайды. Адамның жұлын-жүйкесiнiң қайғы қасiретке төтеп бере алмауы  жан азабын бөлiсетiн жақын жанның жоқтығынан. Ондай кезде жалғыз әмiршiң - Жалғыздық. Ғашығыңдай жабысқан, түнде түсiңде, күндiз iсiңде серiк болған, жатырлас сыңарың Жалғыздық  - ендi сенiң тағдырың. Етегiнен ұста да, о дүниенiң ызғарлы да тұманды кеңiстiгiне сүңги бер.
Ғалымдардың айтуынша ғалам кеңiстiгiндегi ой жетпес алыс галактикаларда “қара тесiктер” (“черные  дыры”) болады екен. Осынау  космостық  құрдымға  жұтылмайтын ештеңе жоқ, бүкiл масса атаулы, тiптi оған тап болған сәуле де одан қайтып шыға алмайды.
Жалғыздық та осындай космостық қара тесiк секiлдi. Бойыңдағы сәулеңдi, күш-қуатыңды, жiгерiңдi, үмiтiңдi, сенiмiңдi  қайтып шықпастай етiп  сорып алады. Жалғыздыққа кеткен қайратыңның жүзден бiрiне қыруар ерлiк жасауға болар едi. Жалғыздықтан құр сүлдерi қалып қажыған қанша адам ерлiк жасамақ түгiлi қарақан басын әрең алып жүр.
Жалғыздықтың өзiме тым жақын келiп қалғанын денеммен, сыздаған жүрегiммен сезiп тұрмын.
Аласұрып серiк iздеймiн. Коридормен өтiп жатқан әркiмдерге, бөлме тазалаушы мен медбикелерге де жабысып жағдайларын сұрап, олардың өзiммен әңгiмелескенiн тiлеймiн. Олар маған таңырқай қарап, әлде мазақ, әлде сандырақ деп ұғып, жауап бермей өте бередi.
Аутотренингке бардым. Дәрiгер қыздың үнемi бiрдеңе айтқысы келiп тұрғандай сәл-пәл түрiлiп тұратын сәби ерiндерiн көргенде көңiлiм аздап та болса  жайланғандай болды. Бiрақ iшкi беймаза сезiм әлi толастамаған едi. Сеанстың өн бойында өтiрiк ұйықтаған болып, тiптi жұрт тарап кеткеннен кейiн де қимылдамай жата бердiм. Ақыры көзiмдi ашып қалған кезде тура қарсы алдымда айрықша бiр жылы шыраймен өзiмдi үнiз барлап тұрған дәрiгер қызды көрдiм. Оның жанарынан  тараған жылы ағынға жаным да, тәнiм де балқи түскен секiлдi. Апырмай, адамнан жұмбақ  не бар екен жер бетiнде! Жалт еткен жалғыз жанар жаныңа осынша қуат бередi деп кiм ойлаған?
Алайда оның:
- Сiз ұйықтамадыңыз ғой,- деген сөзi әзiл үнмен айтылса да, менi сәл-пәл абдыратып тастағандай болды.
Мен өзiмнiң “тәттi” ұйқыммен жұртты алаңсыз сендiрдiм деп ойлағам... Бiрақ қыздың жұмсақ жүзi бәрiн жуып-шайғандай болды. “Адамға көп ештеңенiң керегi жоқ, иә, тiптi ештеңенiң де, тек дәл осылай жылы шыраймен бiр қараса жетiп жатыр” деп ойладым iшiмнен.
- Сiз өзiңiздi қинаған мазасыз ойларды маған бере аласыз ба?- дедi кенет ол менiң қолымнан ұстап.
Абдырау сезiмi маған қайта оралды. “Қайтiп? Қалай?” Алақаным терлегендей болды. Қолымды босатып алдым. Ол маған “мұныңыз не, көңiлге келетiн ештеңе деген жоқ   едiм ғой” дегендей, ренiшсiз наздана қарады. Тұңғиық жанары тұтас бiр әлем секiлдi. Ондағы мейiрiм, инабат, әдемiлiк жаныңды баурап, жаураған жүрегiңдi беймағұлым рахатқа бөлейдi. Әлгi жанар менi үнсiз жұбатқандай болады:
“Көңiлiңiзге ауыр тиетiндей оспадар қылық жасасам, ғафу өтiнемiн! Жаныңыз сонша нәзiк пе едi?! Сiздiң iшкi ой азабыңызға дауа болсам деп едiм. Жанға жаннан басқа шипа жоқ. Қараңыз менiң жанарыма. Жанар ешқашанда өтiрiк айтпайды.”
“Сiздiң жақтан жанға жайлы бiр жылы ағынның есiп тұрғанын бiрiншi көргенде сезiп едiм,- деймiн мен де үнсiз.- Бiрақ оның кiмге бағытталғанын айыра алмағанмын. Мазасыз ойлар менде тым көп қой. Оның бәрiн берсем, Сiзге обал жасаймын ба деп қорқамын.”
“Сiздi ой азабынан құтқара алсам,  ол - маған да бақыт.”
Мен селк ете қалдым. Үйткенi әлгi сөз iшкi әңгiмеге ұқсаңқырамайды. Құлағыма анық естiлгендей.
- Не?- дедiм даусымды шығарып, естiген-естiмегенiмдi анықтау үшiн.
- Сiздi ой азабынан құтқара алсам, ол - маған да бақыт, - дедi ол айтқан сөзiн қайталап. 
Iшкi диалог сыртқы диалогқа ауысты. Маған жанармен сөйлескен әлдеқайда шынайы да түсiнiктi көрiнiп едi. Сөз - көп жағдайда буалдыр, екiұшты... Мен үндегем жоқ. Үйткенi әңгiменi үнсiз жалғастырғым келдi. “Сiзге азапты ойларымды бергенiм - бүкiл тағдырымды бергенiм”,- деймiн iштей ғана. Әрине, өмiрде бiр-ақ рет айтылатын мұндай шешушi ойларды естiртiп айту мен үшiн қиын болар едi.
“Қабыл алдым бәрiн де”,- дейдi оның жанары әлде бiр нартәуекелге бел байлағандай түрмен. Менiң жүрегiм лүпiлдеп қоя бердi.
- Рас па?- дедiм қалай сөйлеп қоя бергенiмдi өзiм байқамай.
- Рас,- дедi ол сабырлы үнмен.
Тоғанды бұзған дария суындай әлдебiр қуатты сезiм тасқыны менiң жан дүниеме лап бердi. Құлазыған көңiлiмнiң шөл даласы лезде құлпырған көк-жасыл өлкеге айналды. Адам жанына қуат беретiн   құдiреттi күш бұл өмiрде бар екен. Тек кезiгуге құдай жазса...
Мен алақанымның құп-құрғақ екенiн сезiп, оның қолынан ұстадым. Ол өзгенiң пәрменiне мойынсұнған адамдай мұңайған шарасыз күйде жанарын төмен түсiрдi. Қолын босатпақ болып, болмашы қимыл жасап едi, мен жiбермедiм. Үйткенi менiң бойымды билеген қуат пен сенiм тым зор едi. Мен өз бойымнан әлде бiр жеңiс салтанатын сезгендей бодым. Мұным, әрине, пенделiк. Үйткенi осының алдында ғана жалғыздық қаһарынан қалтыраған бейшара жанға бұл қуатты оның өзi бердi. Ендi сол қуатты арқаланып бұл өзiнiң жарлықаушысына өзi күш көрсетiп тұрған секiлдi.
Мен оны қолынан тартып өзiме жақындаттым. Жанға жәйлi қоңыржай жұпар иiстi сездiм. Оның   дымқыл тартқан қолынан болмашы дiрiл байқалады. О, тоба, оның бойындағы дiрiл күшейген сайын, мендегi әлдебiр астамшыл, тентек сезiм қан иiсiн сезген акуладай ойқастап, айбаттана түскендей болады. Мен өзiме өзiм түсiнбей, бейтаныс бiреудi көргендей аңырып қалдым. Ақыры әлгi бейтаныс бiреудi танығандай болдым. Ол - менiң бiр сәттiк пенделiгiмдi пайдаланып, көңiл түбiндегi зынданнан бас көтерген хайуани сезiмдер екен.
- Жоқ! - дедiм ышқына сыбырлап. - Жоқ! Ешқашанда! - Мен хайуани сезiмдердi зындан iшiне қайта қуып, әрең дегенде аузын бекiтiп, уһ деп демiмдi алып, басымды көтердiм. Ол әлденеден қысылған сәбидей бетiнiң ұшы қызырып, маған үрке қарап, абдырап тұр екен.
- Сiзге емес. Сiзге айтып отырғам жоқ. Өзiме, өзiме,- деймiн өзiмдi қолыммен көрсетiп.    
Ол сәл-пәл жымиғандай болды. Адам жүзiндегi алқызыл арай тазалық пен нәзiктiктiң белгiсi iспеттi. Қызара бiлетiн жаны жұқа жандардың  өн бойынан теңдесi жоқ сұлулықтың, имангершiлiк пен шыншылдықтың лебi еседi.
Ол қатардағы орындыққа отырып, бiрдеңе айтуға оқтала берген едi, мен ақырын ғана қолыммен оның аузын жаба қойдым. Оның жұп-жұмысақ ерiндерi алақанымды қытықтағандай болды.
- Керегi жоқ,- дедiм сыбырлап.- мынандай ғажайып үнсiз әңгiмеден кейiн, қалғанның бәрi артық. Ештеңе айтпаңыз.
Ол сыңғырлап күлiп жiбердi де, үнсiз әңгiменiң соңғы нүктесiн қойғысы келгендей, маған күн шұғыласындай шуақты жанарымен мейрiмiн төге қарап, төңiрегiмдi аппақ нұрға бөледi. Мен тағы да ертегi әлемiне сүңгiдiм де кеттiм.
Нағыз ертегi - анық өмiр.   

12

9 көкек
Мен ұзақ уақыт күңгiрт те қапырық ғимараттың iшiнде болып, ендi сыртқа шығып, табиғатты, қоғамды, адамдарды көрiп, өзiнен өзi мәз болып жүрген бiреудей күй кешiп жүрмiн.
Өзiмдi мазақ қылып жүрген зымиян құрбымды ауруханадағы аурулардың арасынан табам деген ойдан бiрте-бiрте қайта бастаған секiлдi едiм. Әлде бiр шашы көзiне түскен арық жiгiттiң менi көргенде сасқалақтап бөлмесiне кiрiп кете беретiнi болмаса, қалғандарының жүрiс-тұрысынан күдiктi ештеңе бiлiне қоймаған. Арық жiгiт , тек мен емес, бетiне тура қараған адамды көрсе болды, бөлмесiне тығылатын үрей дертiне шалдыққан бiреу екен.
Бiрақ ойым тағы өзгердi. Бойыма қуат жиналған кезде Бейтаныс құрбымен текетiрес iшiмде қайта басталады. Оны қолға түсiрудiң жаңа айла-тәсiлдерiн ойластыра бастаймын.
Кiм бiледi, бәлкiм, кездесiп қалар деген оймен сыртқа шыққанмын. Ауладағы адамдар өзгерiптi. Төбелескiш дәу жiгiт те, таяқ жеген жалбыр шаш та, аузы сөзден босамайтын ақсары кiсi де жоқ. Өзiн “Айса пайғамбармын” деп таныстыратын қараторы жiгiт аула түкпiрiндегi ең шеткi орындықта өзiмен өзi сөйлесiп отыр. Жаңа келгендердiң көбiсi кiсi киiктенiп ешкiмге жоламайды. Сондықтан менiң жұртты сөзге тартпақ болған әрекетiмнен ештеңе шықпады. Әркiмнiң жүзiне күдiкпен сұқтана қараған    осы жүрiсiмнiң ерсi екенiн өзiм де түсiне бастаған секiлдiмiн.
Ақыры күдерiмдi үзiп, әбден қалжырап шаршаған күйiмде түннiң бiр уағында төсегiме қисайдым.

13

13 көкек
Көңiлiм бей-жай. Бiрнеше күннен берi басым аурып, күнделiк жазуға құлқым болмады.
Бейтаныс құрбымның қарасы батқан секiлдi. Хабар жоқ. Бiрақ оның кесапат ойлары менiң көкiрегiмде сайрап тұр. Оның өзiнiң бар, жоғы ендi маған бәрi бiр секiлдi, мен әлгi кесапат ойлармен iштей арпалысудамын.
Табиғат аясында көгалды жерлердi бiрте-бiрте құм басып,шөлейтке айналдырып жатқаны секiлдi, мұрат тазалығы мен имангершiлiк деп аталатын рухани көгалды сайқал әлемнiң бiрте-бiрте тарылтып келе жатқанын аңғармау, әрине, мүмкiн емес.
Көркем әдебиет, музыка, театр, кино неғұрлым дөрекi сезiмдерге  толы болған сайын, неғұрлым шектен тыс ұятсыз болған сайын, соғұрлым өтiмдi. Бетховендi тыңдамайтындар ең төменгi санаға арналған тұрпайы музыкаға құмырсқаша қаптайды. Шынайы да мағыналы көркем фильм жасаған режиссер бағасын ала алмай, бағы жанбай, қайыршылықта жүруi мүмкiн, ал таза парнографиядан добалдап фильм жасаған шалағай бiреу ақшаның астында қалып жатады. Яғни арсыздық әлемiне сұраныс мол.
Өркениеттi елдерде аты шулы актриса иә әншi тыр жалаңаш күйiнде журналға жарияланып, журналистерге өз бойында күнiне неше рет оргазм болатыны туралы сұқбат берiп, ең жоғарғы заң жүйесi Парламенттер әйелдiң әйелге, еркектiң еркекке үйленуiне рұхсат беретiн заң шығарып жатса, және бiз оны бүгiнгi демократияның жеңiсi деп қабылдап жатсақ - оны iзгiлiктiң жеңiлiсi демегенде не деймiз? 
Бiрақ бұл құлдырау дәуiрiнiң  болмыс заңдарымен үндескен дәйектi анықтамасы жоқ. Кез келген рухани құбылыс өмiр сүруге хақылы болу үшiн, математикалық теңдiкке бағынатын табиғат жаратылысы секiлдi, белгiлi бiр жүйелi қисынға бағынуға тиiстi. Ал жаппай рухани күйреуде   универсальды қисын жоқ. Тұйыққа тiрелу ғана бар. Арақтан жеңiлген маскүнем, немесе есiрткiге уланған нашақор өзiнiң түзелуден кеткенiн сезген кезде өзiне өзi қол жұмысайтыны секiлдi, адамзат та бұдан өзiн өзi мерт қылу арқылы ғана құтыла алады. Парасат майданында iзгiлiк жеңiлiске ұшыраса, оның ақыры немен тынатыны жөнiнде басқаша болжам айту мүмкiн емес.
Иә, иә, ғылым мен техниканың ең жоғарғы жетiстiктерiмен қаруланған бүгiнгi адамды әлдебiр сыртқы алапат күш құртып жiбере алмайды. Ядролық қатер немесе космос апаты әшейiн аңыз ғана. Адам құрыса шегiне жеткен рухани азғындықтан ғана құриды.
Ал сонда рухани күйреудiң басты себебi не? Менiңше, әуелде жан иесiнiң тiршiлiгiне тұтқа болып басталған, одан шегiне шыға шарықтап, ендi парасатты өмiр тұсында аяққа тұсау болып отырған Өзiмшiлдiк ауруы. Оның ұраны - “Мен”. Бiрақ анық өмiрде осы “Мендi” құтыртпай, ауыздықтап отыратын күш адам бойында бар ма? Тiптi оны былай қойғанда, адам өз “Менiн” ауыздықтау қажет деп есептей ме?
Биологтар ұзақ уақыт қабыландардың өз күшiктерiнiң аузынан тамақты тартып алып жейтiн әдеттерiн хайуани тағылық деп бағалап келген. Бiрақ кейiн мүлде басқа нәрсе анықталған. Қабыландардың балалары қомағай болғандықтан, сырттан бiреу тоқтатпаса, тойғандарын бiлмей, күптi болып өлiп қалады екен. Қабыланның өзi болса, генетикалық жад арқылы мұны жақсы бiледi. Сол себептi артығын жегiзбейдi.
Өмiрдiң барлық саласында - iшетiн тамақтан бастап, басқа қонған бақ-дәулетте де, бәсеке-тартыста да, нәпсiде де қомағайлық пен ынсапсыздыққа бой алдырып, қабыланның күшiгiндей қатерде тұрмыз. Қабыланның күшiгiн құтқаратын күштi табиғат күнi бұрын ойластырған. Ал адамды құтқаратын өзiнен басқа күш жоқ.
Тiршiлiкке қажеттi соқыр сезiмдер қаншалықты құдiреттi болғанымен, жоғары сапалы   парасат әлемiнде  билеушi күш бола алмайды, ең бастысы, болуға тиiстi емес. Бiрақ адам баласы әлi де өз “Менiн” өзi қызықтап, сол соқыр сезiм патшалығынан шыға алмай жүрген сияқты. Егер бүкiл “Мендер” қосылып парасатты “Бiзге” айналса, адамгершiлiк қағидаларын iске асыру, әрине, әлеқайда жеңiлдер едi.
Адамның рухани түлеп, жаңаруына, жаңа биiкке көтерiлуiне кедергi болып отырған қатыгездiк, күншiлдiк, қызғаншақтық, менмендiк, астамшылдық, сараңдық,   ақшақұмарлық, араққұмарлық, әйелқұмарлық, атаққұмарлық секiлдi кесапат қасиеттердiң қай-қайсысының да түп-тамырында “өзiм, өзiм ғана“ деп емiнген “Меннiң”  жатқаны ешкiмге де құпия емес.
Тарихта iргелi мемлекеттердiң құлауына негiзiнен басқарушылар арасындағы алауыздық себеп болған. Ал алауыздықты  бас басына би болған, бiрiгуге жандары қас “Мендердiң” өзiмшiлдiгi тудырады.
От басынан бақ тайып, ерлi-зайыптылар ажырасып жатса, оған да бiреуiнiң иә екеуiнiң бойындағы өзiнен басқаны ойламайтын өзiмшiлдiк  кiнәлi.
Ағайынды екi адам немесе қанды көйлек достар араздасып жатса, ол  да өңмендеген өзiмшiлдiктiң кесiрi екенi даусыз.  “Меннiң” өлермендiгi тұрған жерде жарасымды махаббат та, риясыз достық та, береке-бiрлiк те болуы мүмкiн емес.   “Мен” қашан да тойымсыз - бәрiнен артық, бәрiнен биiк, бәрiнен ықпалды болғысы келедi де тұрады. Оның бас сұқпайтын, бүлдiрмейтiн жерi жоқ.
Рас, арсыздау “Меннiң” арқасында өзiнiң ғана емес, өзгенiң де несiбесiне ие болып жүрген олжабайлар жетерлiк. Алайда “Мен” жүйесi  қауым талабын орындауға жарамсыз. 
“Өмiр дегенiң қашан да - кеменiң апаты”,- дейдi Х.Ортеге- и-Гассет.
1912 жылы 14 сәуiрдiң түнiнде  Ұлыбританияда жасалған “Титаник” кемесiнiң Нью-Иоркқа бет алған сапарда Атлант мұхитында апатқа ұшырағаны мәлiм. Өз заманындағы ең алып, ең көрнектi бұл кемеде негiзiнен зиялы қауым өкiлдерi, аса дәулеттi адамдар орналасқан едi. Айсбергке соғылып, қираған  кеме  мұхитқа батып барады. Ажал құрсауында қалып, үрейлерi ұшқан  екi мыңнан астам адам ессiз жанталас үстiнде. Әркiмнiң санасында - жалғыз “Мен”. “Қайтып аман қаламын? Қалай құтыламын?” Басқаша ойлауға уақыт та, мүмкiндiк те жоқ. Бұл табиғи құбылыс. Бiрақ парасатты адам қашан да рухани әлемнiң биiк қағидаларымен өмiр сүргiсi келедi. Ол қағида бойынша сен ең алдымен өзiңдi емес өзгелердi ойлауың керек ( бұл өз бойыңдағы “Менге” қарсы соғыс ашу деген сөз). 
Кеме капитаны төтенше жағдай негiзiнде құтқарушы қайықтарға ең алдымен балалар мен   әйелдердi  отырғыза бастады. Құтқарушы қайықтардың саны өте аз едi. Қайыққа отыруға ұмтылған ессiз топтың тасқынына, қисапсыз ақша берiп, қайыққа отырғыз деп жалбарынған миллионерлердiң  арызына төтеп беру, бәлкiм, оңай да болмаған шығар. Бiрақ шарттың бәрi орындалды. Құтқаруға мүмкiн адамның бәрiн құтқарып, бақытсыз 1500 адаммен бiрге экипаж батып бара жатқан кемеде қалды. Көзi көргендердiң айтуына қарағанда, теңiз суы кемедегi музыканттардың тiзелерiнен асқан кезде де оркестр тоқтаусыз ойнап тұрған. Оркестр осылайша рух мәңгiлiгiнiң гимнiн ойнаған күйiнде ажал құшағына енген. Кеменiң капитаны мен оның экипажы өз мiндеттерiн орындап болғаннан кейiн, кемедегi қалған жолаушымен бiрге қаза болады.
Осылайша “Мен” емес, “Бiз” деп аталатын жүйенiң арқасында кеме басшылығы ажал алдында адамгершiлiктiң биiк қағидаларын           (мейлi, толық күйiнде болмаса да) iске асыру арқылы адам баласының парасат мүмкiншiлiгiнiң мол екенiн көрсеттi. Егер сол сәтте адамдардың бәрi тек қара бастарын ғана ойлап, “Меннiң”  жетегiнде кетсе, кемедегiлердiң бәрi о дүниеге хайуан күйiнде аттанған болар едi.

(Жалғасы бар)
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5541