Сәрсенбі, 9 Қазан 2024
3495 0 пікір 18 Наурыз, 2020 сағат 15:24

ИЫҰ Қазақстанның халықаралық деңгейдегі бастамаларын қолдайды

Ислам Ынтымақтастық ұйымы – 1969 жылы қыркүйек айында мұсылман мемлекеттерінің бастамасымен құрылған. Ұйым 2011 жылдың маусым айына дейін Ислам конференциясы ұйымы болды.

Бүгінгі таңда аталған ұйымға 57 ел мүше болған. Ал, жалпы халық саны 1,2 миллиардқа жеткен. Ислам Ынтымақтастық Ұйымына Герцеговина, Босния, Тайланд және Ресей бақылаушы ретінде қатысуға құқылы. Ұйымның штаб-пәтері Сауд Арабиясының Джидда қаласында орналасқан.

Ислам Ынтымақтастық ұймының басшысы – Бас хатшы, ал, атқарушы орган – Бас хатшылық деп аталады. Ұйым басшысын мүше елдер Сыртқы министрлер конференциясында 4 жылға бір мәрте ғана сайлайды. Аталған ұйым жанынан құрылған бірнеше құрылымдар мен органдар бар. Олар: Ислам жаңалықтары агенттігі, Ислам даму банкі, Иерусалим қоры, Ислам ғылыми-техникалық даму қоры, Экономика және мәдени мәселелер жөніндегі ислам комиссиясы және тағы басқа құрылымдар.

Ислам Ынтымақтастық ұйымы – әр халықтың өз тағдырын өзі шешу құқығына құрметпен қарау, мемлекеттердің егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтасығын құрметтеу, толық теңдік, ішкі істерге араласпау, ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы даулы мәселелерді бейбіт жолмен, ынтымақтастықпен шешу, ұйымға мүше елдердің саяси тәуелсіздігіне қарсы күш қолданбау, аумақтарыныңы тұтастығына кепілдік беру сынды қағидаттарды қамтиды.

Қазақстан Республикасы аталмыш ұйымға 1995 жылы толық құқылы мүшесі ретінде қабылданды.

Ал, 2011 жылдың маусым айында Астана қаласында Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-отырысы болып өтті. Содан бастап Қазақстан аталмыш халықаралық ұйымға төрағалық етуге кірісті. Сол басқосуда осы уақытқа дейін Ислам конференциясы деп аталған ұйым Ислам Ынтымақтастығы ұйымы деп өзгерту туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, сол жиында Адам құқықтары жөніндегі тұрақты комиссия құрылды. Және, тұңғыш рет ұйымның Орталық Азиямен ынтымақтастық жөніндегі жоспары қабылданды.

Аталған басқосуда сыртқы істер министрлер кеңесі жүзден астам қарар қабылдаған. Олардың ішінде Қазақстанның бастамасымен Ауғанстандағы заңсыз есірткі өндіру, есірткі айналымымен күресу, сондай-ақ, Арал теңізі мен Семей ядролық полигонын қалпына келтіру жөніндегі құжаттар да қабылданған.

Астанада өткен кездесу барысында қатысушылар ұйым қағидаттарын жақтайтынын тағы да қуаттап, оның жаңа даму жолдарын айқындаған болатын.

Қазақстан Ислам Ынтымақтастық ұйымының сыртқы істер министрлер кеңесі төрағалығының бғдарламасы мен тұжырымдамасында айтылған басымдықтарды жүйелі түрде, біртіндеп жүзеге асыра бастады.

Одан бөлек, Қазақстан ұйымның бас хатшылығымен және ұйымға мүше мемлекеттермен, институттармен бірлесе отырып, VII Бүкіләлемдік Ислам экономикалық форумында сондай-ақ, Ислам ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлер кеңесінің 38-ші отырысында айтылған өзара шағын және орта бизнесті қолдау тетігін қалыптастыру, өзара азық-түлікпен жәрдемдесу жүйесін құру, ұйым өкілдерінің G20 және өзге де саммиттерге қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстанның бастамаларын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілді.

Ислам ынтымақтастық ұйымы ислам әлеміндеі күрделі ахулдарға байланысты мәселелерді шешуде айтарлықтай роль атқарады. Осы мақсатта  Ливия мен Сирия мәселелерін реттеуге арналған төтенше отырыс өткен болатын. Сонымен қатар, Сомалидегі гуманитарлық апатты жеңу мен исламофобиямен күрес және дінаралық қақтығыстардың алдын алу да Ислам ынтымақтастық ұйымының назарынан тыс қалмады.

Ал ұйымға Қазақстан төрағалық еткен кезеңде аталған мәселелер бойынша нақты шаралар істелді. Мәселен, Қазақстан кең ауқымды науқан аясында Сомали халқы үшін жалпы мөлшеі 500 миллион доллардан астам қаржы жиналған.

Одан бөлек, Елбасының 3 жаһандық бастамасы Біріккен ұлттар ұйымы тарапынан қолдау тапты. Олар: 29-тамыз күнін Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялау және Ядролық сынақтарға бршаға бірдей тыйым салу туралы шарттың күшіне енуі. Екінші қолдау тапқан ұсыныс – Ауғанстаннан тасымалданатын заңсыз есірткі айналымына қарсы тұру, үшінші ұсыныс – Ислам ынтымақтастығы ұйымы мен ықпалды өңірлік ұйымдар арасындағы өзара ықпалдастықты нығайту жөніндегі бастамалар еді.

Сонымен қатар, Қазақстан ИЫҰ Сауда және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды. (КОМСЕК). Аталмыш комитет – Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер арасында сауда-экономикалық өзара әрекеттестікті жүзеге асыруға тиісті жауапты орган.

Ұйымның бас хатшылығы Қазақстан төрағалық еткен кезеңнің мазмұнды һәм кәсіби деңгейінің жоғары болғанын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстанның төрағалығы ұйым тарихының жарқын белестерінің бірі болып қалатынын да тілге тиек етті.

Бүгінде Ислам Ынтымақтастық ұйымы Қазақстанның халықаралық деңгейдегі бастамаларын қолдап, олардың сәтті жүзеге асуына ықпал етіп келеді.

Нақты айтар болсақ, Азиядағы өзара іс-қимыл мен сенім шаралары жөніндегі кеңес пен Әлемдік дәстүрлі діндер көшбасшыларыныңы сьезін шақыру жөніндегі бастамалар ұйымның жыл сайынғы жоспарында көрініс тапқан.

Ислам Ынтымақтастық ұйымы Қазақстанның “Шығыс-Батыс”арасындағы қарым-қатынаста өзіндік көпір болатын өркениетаралық һәм дінаралық диалогты дамыту саласында маңызды үйлестіру рольі бар екенін мойындайды.

Соның дәлелі ретінде Ислам ынтымақтастық ұйымының қаржылық құрылымдарымен әсіресе мұсылман әлеміндегі ең ірі инвестор саналатын Ислам даму банкімен арадағы ынтымақтастық шараларын айтуға болады. Бүгінде Ислам даму банкінің жалпы инвестиция көлемі Қазақстанда 700 миллион доллар шамасында екен.

Ал, өз кезегінде еліміз Ислам ынтымақтастығы ұйымының Орталық Азия жөніндегі арнаулы бағдарламасын жасауды қолдайды. Аталған жоба – мұсылман қоғамдастығының да, Орталық Азияның да мүддесіне сай келетін сауда операцияларын, инвестиция мәселелерін, өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыруға ұйым тарапынан қолдау жасауға және өзара келісім шараларын көздейді.

Abai.kz

0 пікір