Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 5353 0 пікір 20 Қазан, 2011 сағат 06:01

Садық Смағұлов. Сыпатай батырдың саяси келбеті - сатқындық

«Қазақ  әдебиеті» газетінен оқыған «Сыпатай батырдың келбеті» деген мақалаға 22 жасар Жамбыл жыраудың жыры менің мақаламнан гөрі әлде қайда салмақты болар.

Дулатта батыр Сыпатай,

Жаудан қорқып сенделіп,

Сарыбұлақтың басына,

Аңырақайдың тасына,

Түнде барып тығылды.

Батырынан түңіліп,

Елдің түгі жығылды.

Сарыкемердегі еліңді,

Сарттар келіп шапқанда,

Дұшпаныңнан кек алмай,

Сені Құдай атқанда,

Батыр деген Сыпатай,

Ежелден пейілі жаманды,

Сатқындық жасап қулықпен,

Сытылып қашып кеткенді. - деп Сыпатайдың сырын ашса «Ұраным менің Қарасай» деп Сұраншы, Саурық, Өтегенді жырлағанда  тау бұлағындай сарқыраған жырын Сыпатайдан неге аяды? Ал ұстазы-пір Сүйінбай Аронұлы Сыпатай қайтыс болғанда арнайы шақыртылып көңіл айтты дейді. Қазақта өлген адамға ғайбат айтпайтын әдетпен, (менікі ғайбат емес бұрынғылардың сөзін қайталау) туған бауыры Батырбекті сөзбен түйреп Сыпатайды Төле биге «теңеп» былай дейді:

Сыпатай Дулаттағы ер кісі еді,

Ақылы дариядай көл кісі еді.

Жаныстан өтіп кеткен әзіз Төле,

Сеңкібай, Шойбекпенен тең кісі еді.

Батырбегім, топ болса айқайлайсың,

Үшеуінің қасында нең кісі еді.

«Қазақ  әдебиеті» газетінен оқыған «Сыпатай батырдың келбеті» деген мақалаға 22 жасар Жамбыл жыраудың жыры менің мақаламнан гөрі әлде қайда салмақты болар.

Дулатта батыр Сыпатай,

Жаудан қорқып сенделіп,

Сарыбұлақтың басына,

Аңырақайдың тасына,

Түнде барып тығылды.

Батырынан түңіліп,

Елдің түгі жығылды.

Сарыкемердегі еліңді,

Сарттар келіп шапқанда,

Дұшпаныңнан кек алмай,

Сені Құдай атқанда,

Батыр деген Сыпатай,

Ежелден пейілі жаманды,

Сатқындық жасап қулықпен,

Сытылып қашып кеткенді. - деп Сыпатайдың сырын ашса «Ұраным менің Қарасай» деп Сұраншы, Саурық, Өтегенді жырлағанда  тау бұлағындай сарқыраған жырын Сыпатайдан неге аяды? Ал ұстазы-пір Сүйінбай Аронұлы Сыпатай қайтыс болғанда арнайы шақыртылып көңіл айтты дейді. Қазақта өлген адамға ғайбат айтпайтын әдетпен, (менікі ғайбат емес бұрынғылардың сөзін қайталау) туған бауыры Батырбекті сөзбен түйреп Сыпатайды Төле биге «теңеп» былай дейді:

Сыпатай Дулаттағы ер кісі еді,

Ақылы дариядай көл кісі еді.

Жаныстан өтіп кеткен әзіз Төле,

Сеңкібай, Шойбекпенен тең кісі еді.

Батырбегім, топ болса айқайлайсың,

Үшеуінің қасында нең кісі еді.

Сүйінбай ақынның бұл өлеңі 1965 жылғы жинақтарда жарияланды. Ал Жамбыл жыраудың жыры 1946 жылғы «Шығармаларының толық жинағында» жарияланды. Жамбыл жырау үш дастанында да батыр атанып жүрген Сыпатайды «қорқақ, ынжық, сатқын» деп жерден алып, жерге соғады. Жамбыл жырларындағы Сыпатайға қатысты өлең жолдарын жыраудың 150 жылдығына арнап шығарған жинақтардан алып тастаған. Оның себебі түсінікті. Ол Сыпатайды батыр деп дәріптеу үшін керек болды. Тіпті Жамбыл жыраудың өзіне шабуылдауды Арғынбай Бекбосынов деген бастап та кеткен секілді. «Жамбылдың сақалынан садаға кет» деп Шерхан Мұртазалар жан айқайын шығарып жатыр. Оған да, Тәуба!

1952 жылы Кенесары ханды қаралап, тарихшы-ғалым Ермұхан Бекмахановты «халық жауы» етіп көрсетіп, Мұхтар Әуезовты, Қаныш Сәтпаевты қудалау үшін табылмайтын тақырып болды. Сыпатай Кенесары ханмен бетпе бет соғысқа барған адам деп дәріптеу үшін аудай қажет болды. Шовнистік саясаттың мақсаты да қазақ ұлтын бодандықтан шығармау, бас көтерер азаматын тұқыртып ұстап, итжеккенге айдап отыру еді.

Қырғыз Шабдан манап Кенесарының басы үшін полковник шенін алды. Ал Сыпатай қазақ ұлтын сатқаны үшін (қырғыздың жиені, Ботпай руының тумасы) үшінші рет медаль және мақтау грамотасын алып патша үкіметі алдында мәртебесі көтерілді. 3 мың алтын ақшаны да бөлісіп алды. («Жұлдыз» жұрналы № 11, 2010 жыл. Қалиқан Ысқақовтың Эссе романы үзінділерінде көрсетілген.)

1862 жылғы 12 июньде «пропрчик Сұраншы Хакімбаевқа генерал-губернатор Калпаковскийдің жазған хаты: «Сұраншы, Диханбай, Сыпатай, Андас! Біз сіздерді қохандықтарға қорлатпаймыз. Барлық азияттарға хабарлаңдар! Россия деген алып мемлекет. Сіздерді қорғай алады».

1798 жылы туған Саурық батыр Ыстамбекұлы 1826 жылы Қарақыстақ аңғарында, Тікендісай бұлағының басында қырғыздың Орман ханына қарсы   28 жасында соғыс ашып ерлік көрсетеді. Бұл соғысқа батыр деп жүрген Сыпатай қатыспайды. Қайда жүрген?

1846 жылы маусым айында «Суықтөбе» тауының етегіне 7-8 ақ үй тіккізіп, Кенесары ханды қошаметтеп қарсы алып қонақ етеді. Сыпатай төбе көрсетпейді. Саурық батыр ел мүддесі үшін Орта жүздің Атамқұл, Нарбота, Тайторы, Байсейіт секілді би-батырлармен дос-жаран болады. Орман ханға қарсы соғыста Саурықтың жасағына ерген Наурызбай батыр Жаманқара батырын найзамен шаншып өлтірген. Сыпатай бұл соғыста да төбе көрсетпейді. Сонда ол кіммен соғысып батыр болып жүр?

1850 жылы Іле өзенінің жағасына жайғасқан отарлаушы отряд командирі қазақтар оны Ерентал (Тереннтьи) деп атап кеткен Жалайыр мен Наймандар еліне қайта-қайта шабуылдап маза бермейді. Найманның Артық батырына Сыздық төре бастап Ағыбай, Байсейіт би, Саурық батыр үш мың қолмен барып Еренталды қолға түсіріп, ұрып, соғып босатып жібереді. Ол кек алу үшін солдат жинап қайта келеді. Қайта шапқан жаумен аянбай соғысып Еренталды өлтіреді, әскері ту-талақай қашып, құтылады. Сыпатай тым болмаса өзінің туған жері үшін бұл соғысқа да қатыспайды. Неге? Орыс патшасының нанын жеп, медалын алған адамға қазақ, туған жер тағдыры неге керек!?

Соңғы екі айдың көлемінде Кенесары хан мен Ағыбай батырдың құлағын шулатқан, Сыпатайды дәріптеген екі мақала оқыдым. Алғашқысы «Айқын» газетінің №55 санынан Аян Нысаналиннің «Жүрекжұтқан» мақаласы. Екіншісі «Қазақ әдебиеті» газетінің №24 санынан Үміткен Сүйінішқызының «Сыпатай батырдың саяси келбеті». Екеуінің де тақырыбы дардай, бақырып тұр. Екеуі де қып-қызыл өтірікші. Бірін бірі әшкерелеп тұр. Бірі - жүрек жұтқан батырлығын көрсете алмайды. Екіншісі, батырының келбетін аша алмайды.

Бірінші сөзді Аянға берсек: «Орыс әскерінің қару-жарағын Сыпатай батыр, Құдайберді Бәйетұлы бастаған мың жігіт қаздай тізіліп атқа қонып кіре тартқан». Патша үкіметіне қызмет етті ме? Етті. Қару-жарақтың кімге қарсы жұмсалатынын білді ме? Білді. Сатқындық па? Сатқындық.

«Сыпатайдың азат басы бұғалықтан босамай, кіріптарлық күн кешті. Ботпайлар арасына сыйыспай Арыстандай аласұрып, Жолбарыстай жан жарақатын жалады». Басымен қайғы боп жүрген адам қалай батыр болады? Жалайырдың малын ұрлап, қарақшылық жасап жан сақтап, қара басын қазақ жеріне сыйғыза алмай нағашы жұрты қырғыздарды паналап Сыпатай мен Андас Солта руының манабы Қанайдың қолтығына кіріп, қолшоқпарына айналды. Қырғыздардың нанын жеп, көжесін ішіп жүрген Сыпатай өз руы Ботпайға сыймай жүргенде қай қазаққа опа қылады.

Сыпатайдың байлығын мақтағанда «Менің бай екенім рас, Сыпатайға қайдан жетсін - Сыпатайдың қорасы шағын болғанмен құрығы ұзын ғой - деп жауап береді Жыланкөз. Сонда оны ұры деп меңзеп тұрғаны көрініп тұрған жоқ па? Сыпатай шын бай болса жоғалып кеткен екі биесін өзін ақы пұлсыз емдеп, ажалдан құтқарған Ысты Бөлтірік шешен аулының ұрыларынан көріп: «Екі биенің бес жылдан бергі өсімін есепте, айып-қиыбын қосып бір үйір жылқыны алдыма тездетіп саласың, - деп қаһарына мініп күш көрсетеді. Бағы жанбаған ұры-қарының іс әрекеті емес пе? Бөлтірік шешен:

- Айтқаныңыздың бәрін таптыртып берейін, жартысын маған байлаңыз - дейді. Сыпатай:

- Қанды мойын қарақшыға (өзі кім?) жартысын байлап маған не көрініпті - деп ашуланады

Жалайыр, Ботпайға - исі қазаққа шөкімдей пайдасы тимей, нағашы жұрты - қырғызды паналап жүргенін Аян Нысаналин анықтап жазды. Одан артық не керек?   Қазақтың  емес, қырғыздың найзасынан   жараланып,  өлгелі жатқан

Сыпатайды ауызына су тамызып, қорақас шөбімен тірілтіп алған Бөлтірікке Сыпатай неге опасыздық жасады? «Мен үшін Бөлтірік - бір төбе, қалған Дулат - бір төбе» деп жүрген Сыпатай «аулыңның ұрысы алған екі биені саған байладым» десе бірдеңесі қисайып қалатын ба еді.

Сайрамда Сұраншы батырдың қапияда қолға түсуіне, Байзақ датқаны Шымкентке ертіп барғанда зеңбірек ауызына байланып атылуына себепкер болған да Сыпатайдың сатқындығы емес пе?  Сонда Сыпатайдың жүрек жұтқан батырлығы қайда?

Кенесарының баласы Сыздық төре Әлімқұл хан әскерінің бас қолбасшысы болып тұрғанда Түркістанға орыс патшасының әскері басып кірмек болады. Сыздық төре Арқадағы Ағыбай батырға хабар беріп, Түркістанды қорғауға шақырады. Ағыбай өз кезегінде Сыпатайға, Байзақ датқаға хабар беріп Түркістан түбіндегі Иқан бекінісінде кездеспек болады. Бірақ Сыпатай да, Байзақ датқа да келмейді. Түркістаннан қайтар жолда Ағыбай батыр ашуменен Сыпатайдың ауылын шаппақ болып Меркеден өтіп қырғыз жеріндегі Шалдуарға келеді. Сыпатай да, Байзақ датқа да нөкерлерімен Қохан хандығына қашып кетіпті. Ағыбай батыр алған сапарынан бос қайтпай өзі іздеп келер деп баласы Тоқтамбетті ала кетеді. Сыпатай іздеп келмейді. Өлгенін естіген соң баласын үйлендіріп, алдына мал салып еліне қайтарады. Қохандықтар Әлімқұл ханның тапсырмасымен «қазақты сатқан Сыпатай, өзбекті сатпай ма? - деп басын кестіріп алады. Денесі еріп келген адамдарына беріледі. Қазақтың жерінен топырақ бұйырмай қырғыз жеріне, Шалдуардағы Андас ағасының бейітіне көміледі.

Марқұм Жүсіпбай Алтайбаев «Ара» жұрналының Бас редакторы болып тұрған кезінде «Ағыбай батыр» романын жазып жүргенде «Сыпатайдың басы жоқ» деген сөзді естиді. Анығын білу үшін Меркеге барып, Бірінші хатшы Сауранбаевқа жолығады. Бірінші хатшы өз кезегінде төрт-бес көне көз ауыл ақсақалдарын жинатып, Жүсекеңнің сөзін қайталағанда «Ондай сөздің бары рас. Андас ағасының қасына қойылыпты. Бірақ кейінгі дүрбелең замандарда олардың үстіне көп адамдар тағы да қойылды. Бергі ашаршылық нәубетінде де көп адамдар жерленді. Сүйектері мидай араласып кеткен шығар. Әруақтарды қопарылыстырып қайтесіздер!? - депті. Жүсекең де осы сөзге тоқтаған екен.

Енді кезекті сөзді Сыпатайдың саяси келбетін іздеген Үміткен Сүйінішқызына берейік. Үміткен әуелі өкпесін ғалымдарға айтады: «Бір ғылыми жұмыс, не бір дәлелдеме құжаттар мен материалдар жинағын шығармаған» деп қынжылады. Өз сөзін дәлелдегісі келіп: «Сыпатай орыс отаршылдарына қарсы бір кісідей күрескен адам» дейді. Қашан, қай жерде кімдермен соғысқанын хабарлай алмайды. Бір қазақты «сатқын», «сатқын емес» деп екіге бөлгеннен не шығады деп ренжиді. Кенесары - Ағыбай тарихына кәсіби тарихшыларды айтпағанда Мұхтар Әуезов, Серік Қирабаев, Мұхтар Мағауин өз пікірлерін білдірді.

Ал Балтабай Адамбаев: «Кенесары жорығының сәтсіздікке ұшырауын ел Сыпатайдан көреді. Ол - жаңсақ пікір». Мәмбеттің атын Наурызбай сұрағанда бермегені Сыпатайдың кетіп қалуына себеп болған». Ағыбай мен Сыпатай ниеттес адам. Екеуі - бөле. Қалай бөле болады? Сыпатайдың шешесі қырғыз, Ағыбайдың шешесі қазақ. Сыпатай сатқын болса Ағыбай да сатқын дейді. Қоханға барғанда Есенгелді мен Саржанды өлтіртіп келді. Қырғызға барғанда Кенесары мен Наурызбайды өлтіртіп келді» деп бөседі де сөзінің соңында жазғанының бәрін жуып шайып, Ағыбай - халық батыры дейді. Неге Сыпатайды халық батыры демейді. Өйткені, Рақманқұл Бердібаев жазғандай  «Рүстем төре мен Сыпатай, (Балтабай да) мәселеге өз төбешігінің биігінен қарады, олар ресей аждаһасымен ондаған жылдар арпалысып, күші азайған Кенесарының қисайған жүгін түзеуге емес, орға құлатуға ат салысты.»

Ілияс Есенберлиннің «Қаһарында» Сыпатайдың аты аталынбайды. Сыпатайды дәріптеушілер қандай бір соғысқа қатыстырып ерлігін көрсете алған жоқ. Көрсете алмайды да. Тек қана Жанғара Дәдебаев: «Ағыбайға қарсы соғыста кәрі Сыпатайдың баласы Тоқтамбет Ағыбайдың қолын қақ жарып өтіп, ту ұстаушысын сайып түсіреді. Ағыбай қашуға мәжбүр болып, көп адамдары  шығын болады. Сыпатай батыр Ағыбайды өлтіртпей баласын қайтарып алады». Ал Балтабай Адамбаев: «Ағыбай мен Сыпатайдың арасында қантөгіс соғыс болмаған» деп жазады. Екеуінің қайсысы шын жазып отырғанын оқушы қауым өзі ажыратып алар. Тіпті, Ағыбайдың өрістегі малын Сыпатай айдатып алғанда Ағыбай батыр базына айтып, жалынып малын қайтарып алады екен.

Мұрағат құжаттарында «Қаракесек еліне барымтаға келіп Сыпатайдың баласы Пірімқұл қолға түсіп қалды» деген дерек бар. Балқаш көлінің басын жайлаған Кәрсон-Кернейлер Пірімқұлды «үйренген жауың ғой» деп Ағыбай батырға сыйлайды. Ағыбай батырдың қаһарынан қорқып Пірімқұл қашпайды. Сіңбе болып кетеді. Сыпатай бір өңкей екі үйір шұбар жылқы жіберіп айырбастап, құн төлеп алады. Сол шұбар жылқылардың тұқымы Тайатқан, Шұнақ, Мойынты, Киікті, Мыңарал төңірегінде өткен ғасырдың алпысыншы жылдарына дейін болғанын естідік.

«Сыпатай Кенесары ханның басын пұлдап ақша сұрағаны немесе ханды қырғыздар үшін сатқындық жасағаны туралы, орыс әкімшілігіне хабаршы болды, көмек көрсетті» деген дерек жоқ дейді Үміткен. Ол рас. Опасыздар, сатқындар дерек қалдырмайды. Деректі Аян Нысаналин қалдырды. «Орыстың қару-жарағын тасып кіре тартты» деп жазды.

Кенесары өліміне қатысты марапаттауда Жантай Қарабеков, Қожабек Таштамбетов, Асық Шалов, Қалиғұл Алибеков көрсетіліп Сыпатайдың көрсетілмеуі заңды. Сыпатай тасада тұрып Кенесарының басын алуды тездетті. Басқа қазақтардың келіп Кенесарыны құтқарып, аман қалуынан қорықты. Қазақ ұлтының тұңғыш көшбасшысы Әлихан Бөкейхановты зерттеуші ғалым Сұлтанхан Аққұлұлы: «Материалах к истории султана Кенесары Касымова» деген құжаттан үзінді келтіреді. «Голова Кенесары Касымова была доствлена вождю рода Великого жуза Ботпай Сыпатаю и султану Рустему... Эти двое, видимо, еще были далеки от раскаяния за свое предательство, приведшее не просто к гибли Кенесары, а вместе с ним их поражению всего национально-освободительного восстания казахов, но еще ускорившее и колонизацию русскими всей Средней Азии, и тех же кыргызов»

Жазғыштардың жазуынша Сыпатайдың сатқындыққа баруына екі себеп бар дейді Үміткен. Кенесары шапанының жеңінен қолын таба алмай қамшысының ұшын жүгіртіпті. Аянның жазуынша «Төрде жатқан Кенесарыға Сыпатай сәлем берсе, қамшысының ұшын ұсыныпты.» Осы екі себеп Кенесарының түбіне жеткен. Сол арқылы ұлт-азаттық соғысы жеңіліс тапқан.

1846 жылы Кіші жүзден жолы болмай оралған кезде қырғыздың Сарбағыш руының манаптары Кенесары хандығын мойындамай, алғашқы соғыстардың кезінде Сыпатайдың ағасы Андастың бейітін қырғыздар қиратады. Соғыс кең өріс алып соңынан ермеген, бағынбаған қырғыздардың ауылын шауып, айтулы үш батырын өлтіріп, Қанай манаптың кесенесіне тығылған қырғыздарды шапқанда кесене қирап бұзылады. Ол қазақтың кесенесін (Андастың) қиратқанға жауап болып есептеледі.

Сыпатайды хан Кенеге қарсы батыл-батыл сөйлету көркем әдебиеттегі фантазия. «Әкең Қасым туғанда қан уыстап туған деуші еді, сен де қан уыстап туған екенсің, боздақтарымызды өлімге бере алмаймыз» - деп хан алдынан екі жігітті қолынан жетектеп ала жөнеледі. Бұл адам сенбейтін өтірік. Кенесары бір күнде 26 төре-сұлтанды, «саған қосылмаймыз» деген Шекті руының биін тірідей өртеп жібергені рас болса, алдына келіп тұрған Сыпатайдың тірі кетуі мүмкін емес еді.

1847 жылы сәуірдегі Кенесарының ажалына Сыпатайдың сатқындығы себепкер болған соғыста азғана қол төлеңгіттердің, батырлардың қоршауда қалуы сатқындықтың салдары екені даусыз. Соғыс басталар күнгі түні қырғыздарға «біз кеттік, 300 адамға шамаларың келер» деген хабар жеткізіп ең сорақы сатқындығын жасап кетті. 300 адамның Ағыбай батыр бастаған 60-70-сі ғана қоршауды бұзып шықты. Оның ішінде Наурызбай батыр да бар еді. «Өлсем ағаммен бірге өлемін» деп қайта барып қырғыздарға берілуі Кенесарының өз бармағын өзі шайнап тастауына апарды. Наурызбайдың аңғалдық ісі тағдырларын шешіп кетті. Наурызбай қайта берілмегенде қырғыздар Кенесарыны өлтіре алмайтын еді. Наурызбайдың кешірілмес қатесі де  - осы. Ағыбай мен Наурызбай әскер жинап келіп қайта шабады деп қорыққан қырғыз манаптары ашық бас кесуге бармас еді.

Үміткеннің мақаласында «Жантай манап медальді місе тұтпай, Кенесары өзіне алпыс түйеге артылған дүние ұсынғанда көнбеп едім, соған ылайық дүние беріңдер» деп саудаласыпты. Не деген сұмдық?! Медальді Сыпатайға бөліп беруге келмейтін болған соң ба? Ақыры саудаласып жатып Сыпатайға үшінші медальді алып береді. Сонда Кенесарының кесілген басының саудасына Сыпатайдың қатыспағаны қайсы? Керісінше, бәрін ұйымдастырушы.

«Ағыбай батыр қоршаудан қашып құтылып жатқанда, Сыпатай да жан сауғалауға мәжбүр болды» дейді Үміткен. Сыпатай соғыс басталмай тұрып қашып кеткен жоқ па? Сыпатай мен Байзақ датқа әкелген үш мың сарбаз соғысқа қосылғанда Ағыбай мен Наурызбай бастаған батырлар жеңілер ме еді? Қырғыздың соғысынан да жан кешті соғыстарды бастан өткерген жоқ па еді?  Ту-талақайын шығаратын жеңісті соғыс, сатқындықтың кесірінен қолдан шығып кеткен жоқ па, Үміткен?!

Үміткен академик Манаш Қозыбаевқа сілтеме жасап «өктемдікке үйренген  хан Кене қайшылықтарды шешу жолы күш деп қате пайымдады» деп қортындылап жасырын сөйлеммен «біреудің жіберген қателігінің салдарын Сыпатайдан көру ғылыми тұжырымға жатпайды» деп көсіледі.

Енді «Сыпатай батыр» романының авторы Бақытияр Әбілдаға сөз берейік: «Кіші жүз бен Орта жүз ағайындар орыстың темір ноқтасына өздерінің азат бастарын сұғып, қолы байлаулы, аяғы тұсаулы болып қалғанда Ұлы жүз баласы әлі күнге ешкімге кіріптар, бағынышты емес еді. Тіпті, қытайдың жібек ноқтасына да басымызды салдырмаппыз» деп көсіледі. Ұлы жүз-үйсіндер Абылай ханға дейін Жоңғарларға ауыр салықтар төлеп, Төле би екі баласын бірдей аманатқа беріп, патша заманында жетісудың ең шұрайлы жерлері орыс мұжықтарының қолында, Колпаковскийдің билігінде болмап па еді? Бұл оқиғалар тарихта  таңба басылғандай жазылған.

Сыпатай Жалайыр елінен мыңнан аса жылқы ұрлап қайтқан қырғыздың Солто руының манабы Қанайға кездесіп, «балықшы балықшыны алыстан таниды» дегендей ұрыны ұры қиядан таниды. Өзі туып өскен Жалайыр елінің малын қарақшылап қайтқан Қанаймен төс қағыстырып дос болып соның қолшоқпарына айналады. Қазақтың жылқысын шапқан қырғызбен ауыз жаласып Андас пен Сыпатай «батыр» атанады. Батырлықтың басы осылай басталған. «Қос батыр, мәрт батырлар» аталып мал құрала бастады деп жазады Бақытияр марқұм.

Шудың бергі жағына кім өтсе де еркіндігінен айырылады. Өйткені, Сыпатай қохандықтардың адамдарын орыстарға көрсетіп отырады. (Шоқан Уәлиханов. Шығ. жинағы 1985 жыл. 5-том, 144-бет.) Байзақ датқа Кенесарымен бөле еді. Топыш ханымға үйленген Қасымнан Кенесары туса, сіңлісі Жәмила сұлуға үйленген Мәмбеттен Байзақ датқа туған. Сол себепті де қос бүйрегі Кенесарыға бұрып тұратын. «Сыпатай қайда» деген сұраққа «Сыпатай Рүстем сұлтан түгілі Сіздей ханға да сәлем бермей, үйінде шалқайып жатса, әліптің артын бағып жатқаны да» деп жауап береді. Кенесары нөкерлеріне «Сыпатайды шақыртыңдар» дейді.

Өзі шақыртып, қамшының ұшымен амандасса «сен кімсің» деп ренжігені болар. «Арғындардың шапанының ұзын жеңінің ішіне Сыпатай қамшы жүгіртіп Кенесарының қолын іздеді» деген қисынға келмейді. Көктен аяғы салбырап түссе де Сыпатайдың басын шауып тастау кәміл. Сыпатайдың «қамшы жүгірткен» мазағына қанына қарайып жүрген Кенесары шыдамас еді. Қалжыңдайтын қатары да, досы да емес.

Сыпатай қырғыздың Жаңқараш манабына соғыстың алдын ала адам жіберіп: «Досым, қапа бол ма. Кенесарының қолына араласқан болып кетіп бара жатырмын. Реті келсе іштен шалып жығып беремін» деп сәлем айтады. Сыпатайдың бұл сәлеміне Жаңқараш манап: «Әулиеатадан Меркеге дейінгі жерді беремін» дейді. Жаз жайлауы, қыс қыстау жоқ Сыпатай қырғыздар жағына біржолата беріліп таза сатқындық жолға түседі. («Қырғыз санжарасы» - Сапарбек Закиров. 130-131 бет)

Сыпатай: «Кенесарыға әлдерің келмесе де, Шудың суын бөгеп басқа арнаға бұрып жіберуге әлдерің келеді ғой» деп ақыл береді. Қырғыздар «Шудың суын тас салып бөгеп, суды Қызылсу, Шамшының ойпатына бұрып жібереді». (Бөлек Солтоноев. «Қызыл қырғыз тарихы» 2-кітап, 8-9 беттер) Сыпатай Кенесарыға келіп: «Таудың іші толған қырғыз, Орман манаптың 50-60 мың әскері көмекке келсе керек» деп қорқытады. Тау басындағы оттарды көріп Кенесары «қырғыз көп пе, жұлдыз көп пе» деп сұрайды мыс - деп жазады Сапарбек Закиров. Сонда Кенесары қырғыздың қанша екенін білмегені ме? Абылай ханның «Жайыл қырғынынан» кейін, көп болса 20-30 мың атқа қонар әскері бар деп сендірген жоқ па еді Байзақ датқа. Сол үшін де үш жүз төлеңгітімен, бас батырларымен келген жоқ па еді, хан Кене. Соғыс басталар алдында Орман ханның сарбаздары «күндіз қырқылған талдың бұтақтарын сүйретіп, ұйысқан қалың шаң шығарып, қалың қол төмен түсіп келе жатқандай қазақтардың жүрегін ұшырған» деп жазады. Қалың шаңның қайдан шығып жатқанын жәй көзбен де көруге болады. Оның үстіне Кенесарының дүрбісі бар емес пе? Әрі бері шаптырып отырған барлаушы-жігіттері бар емес пе? 10 жыл соғысып тәжірбие жинақтаған, соғыстың тактикасын, стратегиясын меңгерген қолбасшы Кенесарыны қырғыздардың алдында құбыжық етіп көрсету, қырғыздарды жеңімпаз етіп көрсету - сатқындық болған жоқ дегенді дәлелдеу ғана. Жамбыл жырау айтқандай «Кенесарының жеңілуі - етектен тартқан иттердің, сатқындықтың салдары емес пе?!»

Сібір қазақтарының шекара бастығы генерал-майор Вишневский жеке Сібір корпусының комондиріне 1847 жылы 27 сәуірде жазған хатында «Орман ханның басшылығымен Кенесарының немере інісі Құдайменде басқарған 5000 адамдық әскерін тас талқан етіп Құдаймендені тұтқындап өлтірген» деген деректі келтіреді. Кенесары қырғыздармен бір-ақ рет, Кіші жүз жерінен қайтып келе жатқанда, қохандарға қарсы соғысқа келісімге келмеген ерегістен соғысқан. 5000 әскері болған Кенесары Сыпатай мен Байзақ датқадан көмек сұамас еді. «Қырғыздарға шабуыл жасағанда Кенесарының  10 мыңнан аса әскері, 1500 мылтығы және 2 зеңбірегі болған еді деп жазады, - қырғыз тарихшылары Т. Н. Өмірбеков пен Т. К. Шоратегин «Қырғыздардың және Қырғызстанның жаңа дәуір тарихы 17-18 ғасыр басы» деген кітабында. (Кенесары Кіші жүзден, Орта жүзден әскер әкелген жоқ. Әкелген болса қырғыздармен басқаша соғысар еді) Сәуір айының аяғында болған соғыс кезінде «үш күн - үш түн қарлы боран соғып Кенесары әскерлерінің ақуалы кетіп қалды» деп жазады. Сонда қырғыздардың алаулаған оты, боратқан шаңы қайда қалды? Табиғи нәубат екі жаққа бірдей болмай ма? Бір таудың бөктерінде қарама қарсы тұрған әскерлер емес пе? Бұл өтірікті Сібір корпусының комондирі жоққа шығарды.  1847 жылғы мамырдың 18 күні Петербургке Соғыс министіріне жазған хатында «Жетісу қосынының бастығы есауыл Нюхалов ақылмен басшылық жасауға күн райы қолайлы болды. Ал жүзбасы Абакумов кейбір үйсін тайпаларының Кенесарыға қосылып кетуіне жол бермей, олардың (Кенесарының) жойылуына ықпал етті» деп жазды. Сыпатайдың Кенесарыға деген сатқындығына қоса, өз руластарын, жалпы үйсін тайпасын да, жеклеген батырларын да (Саурық, Байзақ датқа, Сиқым Құдайберген) жымысқылық жасап, өзінен беделі артықтардың көзін жоюды қаперінен шығармаған. Саурықтың досы Таятай батырдың айтуынша Жантай манап Сыпатай мен Рүстем төреге Дулат қолын қашырса «қалағандарыңды берем» деп уәде жасапты. Рүстемді Ұлы жүзге хан сайлаймыз деп дәмелендіріп бірге қашады. Біз қашсақ  Кенесарыға ерген 300 үй төлеңгітін, оншақты батырын Орман ханның 30 мың әскері «Арқада түйесін бағып жей алмай жүрген жалпақ табан арғындарды шауып алмай жандарың жоқ па? Біз енді Кенесарыдан кеттік» деп хабар береді. Кенесары қасында Байзақ датқаны сыйлаған, жанын шүберекке түйген жүзге жетер жетпес Шымырдың жігіттері әсіресе, Байзақтың өз аталастары Жаңабайлар мен Байтаналар қалады. Рүстем сұлтан басқарған - Жаныс, Сыпатайға ерген Ботпай жігіттері түн жамылып қашып шығады. Жолда қырғыздармен қарулы қақтығыста соққы жеп қансырап өлгелі жатқан Сыпатайды Бөлтірік шешен тауып алып жарасын емдеп, ауызына су тамызып, жан шақыртып тірілтіп алады. Бөлтірік шешеннің сол жақсылығын  да ұмытқан Сыпатай жоғалған екі бие үшін Бөлтірікті тілдеп, сенің аулыңның ұрысы алды деп биесін даулайды. Жанын алып қалған адамға істеген жақсылығы осы болса Кенесарыға не істемейді?! (Т. Н. Өмірбеков, Т.К. Шоратегин «Қырғыздардың және Қырғызстанның жаңа дәуірдегі тарихы» 82 -  бет) Кенесары мен Наурызбай өлген соң Жантай манап Байзақ датқаны ат бастаған бір тоғыз пара алып шымырларға босатып береді.

Қазақ ұлтының көшбасшысы, Қазақ тарихының атасы, Қазақ саясатының алмас қылышы Әлихан Бөкейхановтың «Қазақ энциклопедиясы» баспасынан шыққан кітабында (Алматы, 1995 ж. Таңдамалы шығармаларының 82-83 бетінде) Кенесары өлімінің тірі куәсі 85 жастағы Қалиғұл Әлибековке жолығып, өз аузынан жазып алған жазбаларында «манап Жантай Қарабеков Жалайырлардың қолында отырған Төрегелді манапты құтқару үшін, өз тұтқыны тірі Кенесарыны айырбастауды ұсынып Сыпатай мен Рүстем төреге сөз салады. Олар: «Төрегелді Қапал уезіндегі орыс әкімшілігінің қолында. Біздің құтқаруға шамамыз келмейді. Кенесарының басын кесіп апарсаңдар ғана Төрегелдіні бостады» деп жауап беріп, тезірек өлтірілуін тілейді. Сыпатай шын сатқын болмаса тірі Кенесарыны Төрегелдіге айырбастап құтқарып қалуға болатын еді. Олай істемеді. Нағыз сатқындық осы. Манап Жантай Қарабеков Кенесарының басын кестіріп Қалиғұл Әлибеков арқылы орыстарға беру үшін Сыпатай мен Рүстем төреге беріп жібереді. Орыстармен ауыз жаласқан Сыпатай кезегімен Омбы қаласына генерал-губернатор князь Горчаковқа жібертеді. Ол: «Кенесарыны жеңіп, басын кескен кім» деген Горчаковтың сұрағына «манап Жантай Қарабеков» деп жауап берген Қалиғұл Әлибеков күміс медальмен марапатталады. Орысшасын келтіре кетейін. «Почетному киргизу Калигулле Алибекову! Желая наградить отличную храбрость и примерное усердие, оказанное Вами в деле против мятежника Кенесары Касымова, я, по высочайшей представленной мне, его императорским величеством власти препровждаю при сим Вам серебрянную медаль, для ношения на шее на георгиевской ленте....»

Генерал-губернатор Тобольской и Томский, Главный начальник Сибирских киргиз и Комондир отдельного Сибирского Корпуса генерал-от инфантерии князь Горчаков.

«Июля 15 дня 1847 года, горд Омск»

 

Сыпатайдың сатқындығына бұдан артық қандай дәлел керек?

Жантай манаптан істеген сатқындық қызметіне «Алатаудың теріскейінен жайлау, бауырынан күздеу бер» деп сұрайды. Бүкіл Ботпайды билеп тұрған би болса, жыртылып айырылған бай болса, найза ұстаған батыр болса қырғыздың Жантайынан жер сұрай ма? Сыпатайдың батырлығын дәріптеген Бақытияр марқұм: «Айдалада түз тағысы Жолбарысты кездестіріп пышақтың ұшымен бүйрек тұсынан қолын тығып жіберіп бүйрегін суырып алады.» Ағайындар-ау, ешкі екеш ешкі де, төрт аяғын бусаң да бір бақырып қалады ғой! Қайран Жолбарыс ешкі ғұрлы болмағаны ма? Адами жаумен соғысып бір адам өлтіре алмаған Сыпатай терісінің қалыңдығы екі елі, былқылдап тұрған сіңірлі май, күш атасы Жолбарысты көзін бақырайтып қойып жәукемдей салады. Осыған да сенеміз бе?

Бақытияр марқұм мынандай да адам сенбейтін деректі де келтіреді. «Кенесарының басын сарбағыштың бір кемпірі еті сылынғанша қайнатып құйқасын жейді». Терісі сылынған, сақал мұртсыз бастан генерал Горчаков Кенесарының басын қалай таниды? Үш мың алтын ақшаны, саудырлаған медальдарды қалай береді?

1959 жылы күзде атақты шопан, Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышпаев Ленинградқа бірнеше кісінің қыдыртуымен келді. 12 сағаттық демалысқа (увалнение) шыққан біздер - төрт қазақ солдаты эрмитажды аралап жүргенде  сол кісілерді кездестірдік. Бірге араладық. Ағыбай батырдың суретін түсіртіп алды. Ақшасын төлеттіріп жер асты үйіне (подвал) кірдік. Сөрелерден формалин құйылған колбалардан бірнеше бастарды көрдік. Соның бірі Кенесарының бас болып шықты. Желкесінен екі рет шабылғанға ұқсайды. Өйткені, жұқа мойын омыртқа ырсиып тұр. Жазекең ауызы күбірлеп Аят оқыды білем алақанымен бетін сипады. Бізде қайталадық. Егер бас табылып жатса көрерсіздер. Ол жоғалмайды. Эрмитаждың дүниесі - инесі сыртқа шықса да түбіртекпен (квитанция) шығарылады.

«Сарыарқадай ел қайда, Ағыбайдай ер қайда?» деп Ағыбай батырды Құдайындай құрметтеп сыйлаған, қысылғанда ақыл кеңес сұрап ығына жығылған Кенесары Сыпатайды танымады деу, бойындағы қасиетін қастерлей білмеді деу ақылға сыймайды. «Ханда қырық кісінің ақылы бар» деген рас болса, мейлі Кенесарыда бір-ақ кісінің ақылы болсын Сыпатайдың жауға сілтеген қылышын, Жамбыл жырауша айтқанда «қай боққа» қадаған найзасын көрмеді, бағаламады деп Кенесарыны күстәналау жазғыштарға жараспайды.

Көзге ұрып тұрған сатқындықты боямалап қолдан батыр жасау Шырын Мамасерікованың жазғыштығына бұйырған. Ол көркем әдебиет жасап фантазияға құрып отыр. Тарихи тұлға фантазияға сыймады. «Әулие бабам Сыпатай» деген шағын очеркінде «өз ағайындары - келіншек ботпайларға да тізесі батып, ақыры Андас, Сыпатай Іле бойындағы туған жерлерін тастап қырғыз Қанай, Жанғараш манаптардың қолтығына кіргенін» мойындап жазыпты. Сонда олардың ел қорғаған батырлығы қайда? Әрине, ұрлық істеу де батырлық. Қанай, Жанғараштар ұры-қары ретінде пайдаланды. «Күндіз отырмаған, түнде ұйықтамаған» «ЖҮРЕКЖҰТҚАН», «СЫПАТАЙДЫҢ САЯСИ КЕЛБЕТІН» авторларлардың өз сөздері, өздерінің жазғандары ашып берді. Ол - САТҚЫНДЫҚ.

0 пікір