Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2059 0 пікір 24 Маусым, 2009 сағат 21:52

Нұрғазы Сасаев. Өзбектерге ғана шамамыз жетті

Волейболдан Дубайда өтіп жатқан ерлер арасындағы клубтық Азия чемпионатында «Алматы» клубы ширек финалға шыға алмады. «С» тобында екі рет ұтылған еліміздің биылғы чемпионы енді 9-12 орындар үшін додаға түседі.
«Алматы» әуелі Тайландтың «Роял Таи» клубымен кездесіп, 1:3 есебімен жеңіліске ұшырады. Бұдан соң Катардың «Алараби» атты клубымен әуедоп додасына түсіп, үш партияда ұтылды. Тек Өзбекстаннан келген АГМК командасына 3:0 есебімен әлімжеттік жасады. Алғашқы екі ойында «Алматы» сапында Марат Иманғалиев ерекше көзге түсті. Ал соңғы ойында бапкерлер құрамы ойынға, негізінен, қосалқы құрамдағы жігіттерді шығарды. Өйткені Өзбекстан клубының деңгейі біздің жігіттермен салыстырғанда әлдеқайда төмен еді.
«С» тобында бірінші орынды Катар жігіттері иеленді. Олар қарсыластарының бәрін үш партияда тізерлетті. Катар қырандарынан ғана ұтылған тай тарландары екінші орынға ие болды. Осы екі команда «А» тобында бірінші және екінші орындарға ие болған екі командамен «Е» тобына түсті. Қалған екі топтың («В» және «D») төрт үздік командасы клубтық Азия чемпионатын «F» тобында жалғастырды.

«Алматы» клубы мен Өзбекстан волейболшылары «А» тобында үшінші орын алған Ауғанстан волейболшыларымен бірге «G» тобында бақ сынауы керек болатын. Алайда Дубайға Ауғанстан жігіттері келе алмады. Ал Өзбекстан волейболшыларын біздің жігіттер топтық ойында жеңген болатын. Сондықтан үш күн бойы 9-2 орындар сарапқа салынатын додадағы қарсыластарын тосуға тура келді. «Алматылықтардың» қарсыластары «H» тобындағы додада анықталуы керек болатын. Ал мұнда клубтық Азия чемпионатының алғашқы сатысында «В» және «D» топтарында өнер көрсетіп, осы топтарда үшінші және төртінші орын алған командалар сынға түскен-ді. Нақтырақ айтқанда, «H» тобында Индонезия, Ливан және Мальдив аралдары жігіттері ойнады. Мальдив аралдарынан келген клуб осал екен, бәрінен ұтылды. Сөйтіп, олар 13-орынға тұрақтады. Себебі Ауғанстан жігіттері келген жоқ, яғни 13-орын сарапқа салынатын матч өтпейді. Ал біздің жігіттер бүгін Индонезияның «Саматор» атты клубымен кездеседі. Өйткені «Саматор» Ливан чемпионынан ұтылып қалған болатын. Өз кезегінде ливандықтар Қазақстан чемпионынан ұтылған өзбекстандық АГМК клубымен ойнайды. Осы екі матчта жеңіске жеткен командалар 9-орын үшін таласады, ал жеңілгендері 11-орынды сарапқа салады.
Сөйтіп, былтырғы клубтық Азия чемпионатында екінші орынға ие болған «Алматы» клубы биыл әрі кетсе 9-орынды еншілемек. Николай Рогозин мен Рафаэль Гилязутдинов жаттықтыратын Қазақстан чемпионы биыл сенімді ақтай алар емес. Ал былтыр «Алматымен» финалда ойнаған Иранның «Пейканы» биыл да бас бәйгеден үмітті. Иран чемпионы әзірше жеңілістің кермек дәмін татпай, жартылай финалға шықты.
«Алматы» – «Роял Тай» – 1:3 (21:25, 20:25, 25:16, 22:25)
«Алматы» – «Алараби» – 0:3  (20:25, 19:25, 18:25)
«Алматы» – АГМК – 3:0 (25:16, 25:12, 25:18)

Нұрғазы Сасаев
«Алаш айнасы» газеті 23 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5487