Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 16175 0 пікір 20 Қазан, 2011 сағат 11:40

ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР, ҚАЗАҚ- ҚЫТАЙ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ

ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегінен әр түрлі себептермен тұтастығынан айырылып, бөлшектенуге түскенімен осы ғасырдың екінші жар¬тысында елдің қайтадан бірігуі және оның сыртқы жауларға қарсы күресін шеберлікпен ұйымдастыра білген білгір саясаткер, ше¬бер дипломат, қолбасшы Абылай сұлтанды бас еткен қазақ хал¬қы елдің ішкі жағдайын реттеу мен сыртқы сая¬сат¬та нәтижелі табыстарға қол жеткізді. Ш. Уәлихановтың атап көрсеткеніндей: «Сол уақыттың күңгірт жағдайы Абылайға батылдығын, тапқырлығы мен ақылдылығын жарқырата көрсетуге мүмкіндік берді» [1.119].

Соның ішінде қазақ-жоңғар, қазақ-қытай және қазақ-орыс қатынастарын тиімді жолға қойылып, елдің тыныштығы мен тұтастығын сақтауда маңызды істер атқарылды. Көрсетілген мерзімдегі аталған мемлекеттермен арадағы осындай қатынас¬тар бейбіт келісім және жеңісті соғыс қимылдары арқылы да іске асырылды.
Осылардың ішінде қазақ жерінің бірлігін қамтамасыз етіп, қантөгісті болдырмау, Қытай агрессиясына кез-келген жолмен тойта¬рыс беруді қамтамасыз етуде Абылай сұлтан тарапынан жоңғарлардың сол мерзімдегі билеушісі Әмірсанамен ХVІІІ ға¬сырдың 50- жыл¬дарының екінші жартысындағы бірлескен қи¬мыл¬дарының маңызы ерекше.

ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегінен әр түрлі себептермен тұтастығынан айырылып, бөлшектенуге түскенімен осы ғасырдың екінші жар¬тысында елдің қайтадан бірігуі және оның сыртқы жауларға қарсы күресін шеберлікпен ұйымдастыра білген білгір саясаткер, ше¬бер дипломат, қолбасшы Абылай сұлтанды бас еткен қазақ хал¬қы елдің ішкі жағдайын реттеу мен сыртқы сая¬сат¬та нәтижелі табыстарға қол жеткізді. Ш. Уәлихановтың атап көрсеткеніндей: «Сол уақыттың күңгірт жағдайы Абылайға батылдығын, тапқырлығы мен ақылдылығын жарқырата көрсетуге мүмкіндік берді» [1.119].

Соның ішінде қазақ-жоңғар, қазақ-қытай және қазақ-орыс қатынастарын тиімді жолға қойылып, елдің тыныштығы мен тұтастығын сақтауда маңызды істер атқарылды. Көрсетілген мерзімдегі аталған мемлекеттермен арадағы осындай қатынас¬тар бейбіт келісім және жеңісті соғыс қимылдары арқылы да іске асырылды.
Осылардың ішінде қазақ жерінің бірлігін қамтамасыз етіп, қантөгісті болдырмау, Қытай агрессиясына кез-келген жолмен тойта¬рыс беруді қамтамасыз етуде Абылай сұлтан тарапынан жоңғарлардың сол мерзімдегі билеушісі Әмірсанамен ХVІІІ ға¬сырдың 50- жыл¬дарының екінші жартысындағы бірлескен қи¬мыл¬дарының маңызы ерекше.

Елінің тағдыры нақты шешілер кезеңдегі аталған тарихи қимылдарға әкелген оның алдындағы оқиғалардың дамуына келетін бол¬сақ: «1750 жылы Жоңғарияда Ла¬ма-Доржының билік басына келуі өзара қырқысқан күрестің қайтадан тұтануына әкеп соқты. Бұл күрес¬те жеңіліс тапқан (Абылайдан үне¬мі қолдау тауып келген,-Ғ. Қ.) Даваци нойон жиен¬дері Әмірсана мен Байнджурды алып, 1751 жылдың көктемінде қазақтарға қашып келді. Оларды абақ-керейлердің билеушісі Қожаберген батыр қабылдады. Жоңғарияның билеушісі (Лама Доржы,-Ғ. Қ.) өзінің саяси бақталастарын қайтарып беруді талап етті. 1752 жылдың жазында ордада Орта жүз бен Ұлы жүздің батырлары мен рубасыларының жиыны болып, онда Абылай және батырлардың көпшілігі Давациді қолдады.
...Қазақтардың Даваци нойонды (Әмірса¬намен бірге,-Ғ. Қ.) беруден бас тартқанына ашуланған Жоң¬¬ғария билеушісі Лама Доржы Орта жүзге Са¬йын-Бөлек пен Шадыр басқарған әскер жі¬берді» [2.248]. Осы оқиға туралы тарихи деректерде: «Лама Даладжа Даваци мен Әмірсана хасақтардан (Абылайдан,-Ғ. Қ.) қолдау тауып, олардың көмегі арқылы дұшпанын қуатты күшке айналдырмау үшін өзі¬не берілген 60000 адамдық іріктелген әскер жіберіп, бүлікшілерді не тірідей ұстап немесе өлі¬дей әкелуге тапсырма берді» [3.51-52].

«Жоңғарлар Орталық Қазақстанда көшіп жүрген үйсін, уақ және керейлердің қоныстарына шабуыл жасады. 3 мыңнан астам қазақ тұтқынға алынып, орасан көп мал мен мүлік қолға түсірілді. Бұған жауап ретінде Абылай Сайын-Бөлекке қарсы (өзі қолдау көрсетіп отырған,-Ғ. Қ.) Давациді жіберді, оған... қазақ ұлыстарында тұтқында жүрген барлық жоңғар жауынгерлерін де қосып берді. Сонымен бірге ірі ауқымды соғысқа дайындық басталды,
... 1753 жылдың жазында жоңғар әскерлері қа¬зақ даласына тағы да басып кірді, алайда Да¬ва¬цидің 1753 жылғы қыркүйектегі Жоңғарияның терең түкпіріне жасаған батыл жорығында Лама-Доржы өлтірілді. Даваци жаңа қоңтайшы болып жа¬рияланды, ол бірден Абылайға елшілік жіберіп, өзінің ризашылығы мен достығына сендірді. Қазақтардың іс жүзінде жеңуі және Жоңғарияда қазақтарды жақтаушының билік етіп отыруы қазақ жүз¬дерінде Абы¬лай сұлтан беделінің күшеюіне жет¬кізді. Алайда дала өңірінде бейбітшілік ұзаққа созыл¬мады. Даваци билікті ұстап тұра алмады. Оның бұрынғы одақтасы әрі туысы, қазақтар жақтан қо묬дау тапқан Әмірсана оған қарсы шықты. Жағдайдың жаңадан шиеленісуін Орталық Азияда бел¬сенді басқыншылық саясат жүргізіп келген Цин империясы шебер пайдаланды.
ХVІІІ ғасырдың 50-жылдарының орта шеніне қа¬рай Цин әскерлері Жоңғарияның шекарасында тұрып, басып кіруге дайындалды. Давацидың әл¬сіреуі, Әмірсана мен оның қазақ одақтастарының жеңістері мәселенің шешілуін тез¬детті. 1755 жылдың ақпанында (Қытай,-Ғ.Қ.) император Цян-лун ша¬буылға шығу туралы бұйрық берді...
... Басып кіруге Әмірсананың Цин үкіметіне өзара қырқысқан күресте көмек көрсету туралы өтініш жବсауы ресми дәлел болды. Көктемде Қытай әс¬керлері Әмірсананың жасақтарымен бірге Жоңғарияның аумағына кіріп, Дава¬циді оп-оңай талқандады. Алайда бұдан кейінгі оқиғалар Әмірсана мен Цин империясының мақсаттары мүлде қарама-қарсы екенін көр¬сетті. Егер де біріншісі орта¬лық¬танған күшті мем¬лекетті қалпына келтіруді қа¬ласа, соңғысы оны жойып, Жоңғарияның аумағын өзіне толық қосып алуға ұмтылды. Нәтиже¬сінде (Қы¬тайға қарсы,-Ғ. Қ.) көтеріліс шығып, онда Әмірсана өзінің бұрынғы одақтастарына (Қы¬тайға,-Ғ. Қ.) қарсы шықты»[2.248,249]. Осы оқиғаның барысы туралы аталған мерзімдегі қытай дерегі: «Әмірсана залым және тұрақсыз болды. Ілені бағындыру үшін ол Қытай әскерін бастап олардың көмегі арқылы Жоңғарияның ханы болғысы келді. Басталуы оған едәуір тұрғыда қолайлы болды... алайда Сарайдың (Пекин,-Ғ. Қ.) басқаша маңызды жоспары болып, істің өзінің ойлағанындай болмай ба¬ра жат¬қандығын көрген Әмірсана бүлік шығару¬ға деген шешім қабылдады.
... Шабуыл тұтқиылдан болып, ...Әмірсана оларды қаталдықпен талқандады,- [4.108-109] деген анықтама береді.

«1755 жылы Әмірсана, - деп көрсетеді М. Тынышбаев, - Абылай және Қытай императорының кө¬мегімен бүкіл Қалмақ мемлекетін бағындыра ал¬ды» [5].
Аталған уақыттағы тарихи құжаттарда баян¬дала¬тынындай: «Давацидың бақытсыздығына қуанған Әмірсана барлық ықыласымен Жоң¬ғарияның би¬леушісі болуға ұмтылды. Ол Қытай әскерлерінің қай¬тадан қайтуын күтті. Императордың қолбасшы¬лары Баньди мен Ожунань көпсанды әскерлеріне жабайы және өңделмеген елден тамақтануға азық таба алмай, оларды қосымша дүкендері бар Турфан мен Ха¬миге жіберуге мәжбүр болды. Ал өз¬де¬рі іріктелген әскердің бір бөлегімен жаңа бағын¬ған жерді басқаруға арналған тиісті жарлықтар дайын¬дау үшін Мирцин өңірінде қалды. Осы мер¬зімде Әмірсана ойластырған жоспарын іске асыруға кірісті. Ол жасырын түрде қытайлықтардың өр¬көкіректігі мен олардың жаңа нұсқаулары ұнамаған лама, князь және зайсандарды жинап, олар¬ға бұғаудан құтылудың жолдарын ұсынып, егер де олар бір¬ауыздан өзіне көмектесіп, Жоңғарияның барлық күштерін толық қарамағына беретін болса, еркіндіктерін қамтамасыз етуге өз өмірін қыюға дайын екендігін мәлімдеді. Шарттар мен сенім ризашылықпен қабылданып, антпен бекітілді. Әмірсана Жоғары Әміршінің туын желбірете ұстады. Мұны көрген әркімнің еркіндікке деген ұмтылы¬сы артып, барлығы қаруға жармасып, бірауыздан Әмірсанадан Қытайға қарсы жорыққа бастауды сұ¬рады. ... Оларды осында аз ғана әскермен Баньди мен Ожунань орналасқан Мирцинге бағыттайды, оларды қапыда бас салып, барлығын өлтіреді. Одан ары Қытайға қарай асықпай бара жатқан Қы¬тай әскерінің соңына түседі, оны қуып жетіп, толығы¬мен талқандайды. Еш жерде өзіне қарсылық кез¬дестірмеген ол Хамиге дейін жетеді, ... Хами елін тнап, Іле өзеніне жеңісін тойлау үшін қайтып оралды [6.70-72,73].

Әмірсананың осындай батыл да ержүрек әрекеті Цин империясының барлық назарын оған қарсы аударды. Сөзсіз жазалауға, Жоң¬ғар халқын құр¬ту¬¬ға деген шешім қабылданды. Ал тура осы мер¬зім¬нен Әмірсананың күші аса басым жаулаушы Қытай империясына қарсы Жоңғария мемлекетін қалпына келтіріп, оның тәуелсіздігі жолындағы азат¬тық соғысы бастау алады деп есептеуге болады. Яғни аталған уақыттан Әмірсана азаттық қозғалысының бастаушысына айналды. Абылайдың да осы кезеңдегі жауынан жеңіліске ұшырап, өзінен пана іздеген Әмірсанаға көмектесуін шарасыздыққа түсіп, құруға айналған халыққа деген игі шарасы деп ұққан жөн болар. Аталған тұрғыдағы келесі тарихи деректерден белгілі болғанындай: «... Ол (Қытай императоры Кянь-Лун ) жауыз Әмірсананың көзін жоймай, осы арқылы қырғынға ұшыраған мыңдаған өзінің әскер¬лерінің кегін алмай бастаған ісін тоқтатпауға уәде береді. Оның жарлығымен екі көпсанды жасақ ұйымдастырылып, не жеңу не сонда өлу туралы тапсырмамен Жоңғарияға асқан асығыстықпен аттандырылды. ...Әмірсана ті¬келей шайқасқа қатысқысы келмей, керісінше тынымсыз шабуылдарымен ... Қытай әскерлерін әлс¬і¬¬ретуді ойлады. Осыған қарамастан Қытай қолбас¬шылары жоңғарлар тобын ажыратып, олардың бас¬шысының қашып кетуіне мәж¬бүрлік жасады» [6.73-74]. Міне осылай ... «Бұл күресте оған тағы да Абылай көмек¬тес¬ті»[2.249].
... Мұның бәрі Цин өкімет орындарын шындап алаңдатты, олар көтерілісшілерге қолдау көрсе¬туді дереу тоқтатуды талап етіп, Орта жүзге бір¬¬қатар елшіліктер жіберді. Абылай елшілерді өзінің Цин империясына адалдығына сендіріп отырды, алайда жоңғарларға көмек көрсетуін тоқтатпады. Көреген саясатшы болған ол Жоңғарияның қазақ қо¬ныстарын Қытай экс¬панциясынан қорғап, аралық орын рөл атқаратынын тамаша ұғынды [2.249].
Яғни, осы кезеңде Қытай империясының Жоңғариямен арадағы қатал қырғын саясатын көріп, сонымен қатар Цин империясының Жоңғариямен шектелмей, қарудың күшімен қазақ жеріне де ұмтылатындығын болжай білген Абылай қайткен күнде де осындай сын-сағатты мерзімде Қытай басқыншылығына қарсы тұрар өзіне көмек іздеді. Аталған уақыттағы Ресей патшалығымен арадағы жүр¬гізілген тиімді келісімдер де осының себебінен болғандығы белгілі. Айтылғандармен қатар көреген саясаткер Абылай жоңғарлар арасындағы беделді, білгір әскер басы, елдегі жоғары билік¬ке ұмтылушы Әмірсанаға Қытай тарапынан қауіп төнген кезде оған белсенді тұрғыда әскери көмек көрсетуді де жоспарлады. Әлі қолынан қаруы түспей, Аспан асты елінен өз жерін алып қалуды мақсат еткен Әмір¬санамен ортақ жауға қарсы уақытша болсада келісімге келу, осы арқылы қазақ жеріне деген Қы¬тай экспанциясына бөгет жасау қазақ билеушісі тарапынан сол мерзімдегі нақты да батыл істердің бірі болғандығы анық.

Ғасырлар бойы Орталық Азияда үлкен әскери ықпалды мемлекет құрып, айналасын соғыс ошақтарына айналдырған, алайда қазақтардың бірлес¬кен күштерінен және қытай әскер¬лерінен үлкен жеңілістерге ұшыраған, сонымен бірге одан ары ішкі өзара бітіспес қанды бақталастықтан әбден әлсіреп, тұтастығы бұзылып, ыдыраған жоңғарлардың тура сол сәтте жұртына елеулі тұрғыда қауіп тудырмайтыны да Абылайға анық болды
Көрсетілген тұрғыдан алғанда ХVІІІ ғасырдың 50-жылдарындағы Абылай мен Әмірсана арасындағы аталған мақсаттағы қатынастың орын алуы туралы қытай деректері төмендегі¬дей мәліметтер береді: « ... Міне осылай бүлікші Абылайға барып тығылды. Әскер басылар ... Әмірсананың ұсталынып, Қытай үкіметіне тапсырылуын қалайтындықтарын білдірді, алайда Абылай бұған қарсы тұрып қана қоймай, Кодзи Боркенді әскерлерімен Нулаға бағыт алған Әмірсанаға жіберді; өзі мың атты әс¬кер¬мен батысқа бет алып, Каоказалак таулары ет嬬гінде өзінің көмекшісіне қосылып, біздің (қытайлық) әскерлерімізді күтуге дайындалды» [7.312].
Қазақ-жоңғар және қазақ-қытай арасындағы оқиғалардың осылай ушыға түсуіне орай Абылайдың шешімі туралы Ж. Қасымбаев тө¬мен¬дегідей дерек береді: »Амурсана әскерінің қал¬дығымен қашып келіп, сол Абылайдан жәр¬дем сұрайды. ... егер маған сенім артсаң, менің жауынгерлерім сенің туыңның астына кіреді. Өзің шеш, - деп мәмлеге шақырады. ... Абылай сұлтан ойрат жауынгеріне қол ұшын бермек болды» [8].
«Ол, - деп жазады И. Златкин, - Абылайды көмекке шақырды. Абылай көмек беруге келісті және 10 мың әскермен Жоңғарияға келді. ... Үлкен маньчжур армиясының таяп қалғандығын білген Әмір¬сана Жоңғарияны тастап, Орта жүзге Абылай -сұл¬тан¬ға қашып, тағы да одан пана тапты» [9.295]. Яғни «Әмірсана Абылай ауылына барып жан сауғалайды» [10].
Әмірсанаға байланысты туындаған қазақ-жоңғар арасындағы осындай қатынасты Цин империясы түпкі ниетін орындаудағы қолайлы кезең деп есеп¬теді. Міне сондықтан да өзінің осы мерзімдегі мақсаты-бүкіл жоңғар жерін алу¬дың орайы келген сәті - Әмірсананың сат¬қындық жасап, Іле аңғарындағы қытай әскер¬лерін жоюының кегін алуды желеу етіп, «.. ішкі қарама-қайшылықтардан мүлдемге әлсіреген Жоңғарияға 1756 жылы мань¬чжур императоры Хун Лидің көп мыңдаған армиясы аттандырылып, ... оның толық талқандалуына әке묬ді. ... маньчжурлар елдің байырғы тұрғындары-ойраттардың басым көпшілігін қырғынға ұшыратты. ... Қолбасшылар Чжао Хой және Фу Де өз жол¬дарындағы ойраттарды толығымен жойды. Барлығын, балаларды, әйелдерді, қарттарды да аямастан қырды. Бір миллионнан артық адам өлтірілді.
Циндіктердің аса қаталдығы ойраттарды ... қазақтар ... арасынан пана іздеуге мәжбүр етті» [11.207]. Қытай империясы тарапынан жасал¬ған асқан мейірімсіз жорық қорытындысында Жоңғария одан ары өмір сүруін тоқтатты. «Аталған мер¬зім¬нен бастап жоңғарлар Қытай империясына толығымен қосылды. Елді басқару үшін бас қолбасшы анықталды және әр жерлерге әскерлер қойылды» [4.110].

Осындай алапатты шапқыншылығымен бүтіндей бір халықты жойып жіберу арқылы қазақтарға да ескерту жасалғандығын Аспан асты елі әмір¬ші¬лерінің одан кейінгі Абылайға қойған талаптарынан білуге болады.
Аталған жағдайдағы ... «Жоңғар мемлекеті¬нің құлауы аймақтағы саяси жағдайды түбірі¬нен өз¬герт¬ті. Қазақтың Орта жүзі мен Ұлы жүзі Қазақстан жөнінде де басқыншылық жоспарлар жасаған орасан зор агрессияшыл Цин империясымен бетпе-бет қалды. 1756 жылдың көктемінде Абылайға Әмірсананы ұстап беруді талап еткен грамота жіберілді. «Өздеріңе келешекте өнетін қасірет туралы мықтап ойлаңыздар, сонан соң өкінесіңдер, бірақ кеш болады,» - деп қорқытты император қа¬зақтарды. Дегенмен де Абылай қытайлықтарға қарсы тұруға шешім қабылдады» [2.249]. Тарихи деректерден айқындала түсетініндей: «Цин әс¬кери басшылығына Әмірсананың тығылған жері белгілі болғаннан кейін Абылайға «Әмірсананы беру, егер ондай жағдай болмағанда соғыс ашатындығын талап еткен» жаңа елшілік жіберілді. Үзілді-кесілді қарсылық алғаннан кейін цин үкіметі армияларға Қазақстанға сол¬түстік және оңтүстік бағыттарда екі топпен жылжу туралы бұйрық берді. Абылай қазақ әскерлері мен Әмірсананың адамдарынан жа¬сақ жинап, цин әскеріне қарсы шықты»[12.58].
Нәтижесінде «1756 жылдың жазында Қа¬зақстан аумағына екі ірі топқа бөлінген Цин армиясы басып кірді. Солтүстіктегі армияны мань¬чжур генералы Хадаха, батыстағысын -генерал Дардана басқарды. Қазақтар мен қытайлардың алғашқы қақ¬тығысы 1756 жылдың мамырында Шаған Оба ауданында болды» [2.249]. Соғыстың екі жақтан да ауыр шығындар әкеле отыра ұзаққа созылатындығы белгілі болып, »жазбойғы қантөгіс-алма-кезек шабуыл, ит жығыс күрес үстінде өтеді. Қазақтармен бірге Әмірсана бастаған қалмақ шерігі де қайтпай соғысады.» [13] Туған жерлерін өліспей беріспеуге бел шешкен »... 10 мың адамдық қазақ әскерлері Қалмық Толағай және Аягөз өзені аңғарларында бірнеше күшті соққылар берді»[12.59]. Алайда сансыз көп цин әскерлеріне ұзақ уақыт төтеп беру мүмкін болмағандықтан... »Қантөгісті шайқастан кейін қазақтар батысқа қарай шегінуге мәжбүр болды» [2.249].
Абылай бастаған қазақ әскерлерінің табанды қарсылығынан және оның ұзақ уақытқа созылуынан сескенген Цин империясы Қазақ хандығын ке¬лісім арқылы өз талабына көн¬дір¬мек болды. Осы тұрғыдағы А. И. Лев¬шиннің айқындауынша: »1756 жылы оған Қытай елшілігі келді» [14]. Алайда Қытай басшылығы Абылай тарапынан өздеріне қажетті жауапты ала алмады.
... 1756 жылдың аяғында соғыс қимылдары қайтадан Жоңғария аумағына ауысты. Жоғар¬ғы Ертісте, Аягөзде қазақ жасақтары пайда бол¬ды, жоңғарлардың Қытайға қарсы қозғалысын тағы да Әмірсана басқарды. Алайда күрес нәтижесі белгілі болатын. Көктем ішінде цин әскерлері көте¬рілісшілердің бытыраңқы топтарын талқандап, 1757 жылдың жазында Тарбағатай таулары арқылы қазақ жеріне келіп кірді [2.250].
Өзіне қарсы жіберілген қытай жазалаушы әскерлерінен соңғы рет соққы жеп, амалсыздан көмек сұрап, бұл жолы да Абылайға барған Әмір¬сананың келесі әрекеті туралы қытай мағлұматтары төмендегідей анықтама береді: «... Жиырма екінші жылы (1757 жыл) маршал Чао Гуей және дзан-дзан Фу-То батыста соғыс жүргізіп жатқан кезде Әмір¬сана тағы да қазақтарға қашты»[7.313].
Жағдайдың халқының тағдыры шешілер тұр¬ғыда¬ғы шиеленісуіне қарамастан Аягөз өзе¬нінің аңғарында Абылай Әмірсанамен келісім жасасып, оны Қытайға бермеу туралы шешімге келеді. Бұл келісім туралы халқымыздың ұрпақтан - ұрпаққа жетіп келе жатқан ... «Қандыжап, Мамырсу бітімі» -1757 жылы жасалған. Абылай хан қалмақпен шайқасып жатқанда, шабылған қалмақ Еженхан атынан Құлжадан көп әскермен шығып, жапа көрген қалмақтар екі мыңдай адамды алып, екі жақтың ортасында, Аягөз суының етек жағы - Батпақ су жеріне түсіп, Абылай ханға елші салады. Абылай да мыңнан аса қолмен, лай су бойында бітім жасасады. Көк қасқа айғыр мен қара бас қош¬қар сойылады, қолдарын қанға батырып, шарт бойынша кешірім болып, құн, мал дауы болмады. Лай суды халық »Мамырсу» деп атап кетті» [15].
Аталған оқиға туралы С. Липовцовтың жазуынша: »Әмірсана тағы да күшін жинап, хасақтармен (қазақтармен,-Ғ.Қ.) өзіне көмек көрсетуді талап еткен келісім жасады» [6.74].
Яғни »Жоңғариядағы көтеріліс және Абылай, сонымен бірге тағыда басқа қазақ батырлары тарапынан Әмірсанаға белсенді көмек Цин империясының жоспарларын болдырмады.
... жоңғар тағына өз адамын қоюға үміттенуі, тіпті бұлай болмағанда Әмірсананы бұрын жоңғ¬арлар басып алған байырғы қазақ жерлерін қайтарып алу жолындағы күресте пайдалану оны (Абылайды,-Ғ. Қ.) Әмірсананы белсенді түр¬де қолдауға мәжбүр етті» [12. 56, 57].
Сонымен қатар елі, жерінің қауіпсіздігі үшін Қытаймен арадағы болмай қоймайтын соғыс жағдайында ержүрек батырлары бастаған қазақ қолы мен олардан сын сағатта ортақ жауға қарсы бостандық жолында көмек іздеп келген жоңғар көтерілісшілер тобының біріккен күштерінің құдіретін көрсету де Абылайдың негіз¬гі мақсаттарының бірі болғандығын тарихи оқиғалар бекіте түседі.
Абылайдың Әмірсананы үнемі қолдап келген¬дігі туралы келесі тарихи құжатта: »Батысты бағындырушы » цзян цзюнь Дардана ... хабардар етеді: ... тұтқындар айтты: «Әмірсана қазақ жеріне аяқ басқаннан бастап біздің жүздің кәрі ақсақалдары, ол шүршітке бағынып, төрт ойраттың түбіне жетті. Енді оған сат¬қын¬дық жасап, біздің жерімізге қашып келді, сонымен бізге бақытсыздық әкеледі. Егер оны ұстап алып, қайтарып бермесек, ешқашан тиыш өмір сүре алмаймыз,»-дейді. Бірақ, Абылай «Әмірсана өлімнен қашып, қарағанға қорғалақтаған торғайдай. Оны ұстап алып, шүршітке беру арға сын» деп Әмірсанамен келісім жасап, қазақ руларынан әскер жинақтауға бұйырды», - [16] деп көрсетіліп, Абылайдың алдына қойған мақсатына жетуде берік шешім қабылдағандығын одан ары айғақтай түседі.
Міне осындай келісім арқылы жоңғарлардың арасында әлі де беделі болған Әмірсананы қолдай отыра көреген саясаткер Абылай сұлтан оны сонымен қатар Қытаймен екі арадағы қорған ретінде пайдаланбақ болғандығы белгілі. Осылармен бірге Әмірсананы Қытайдың ұстап беру туралы талабын кез -келген уақытта орындауымен Қытай ықпалында кетіп қалған қазақтардың тарихи жерлерін қарату да Абылайдың жоспарында болды. «Уақыт өте келе жағдай өзгеріп, қытай әскер басылары жаулары тарапынан үнемі соққыға ұшырай отыра жоңғарлар жерінен шабуыл жасауға мәжбүр болды. Міне осылай аталған жорық та сәтсіздікпен аяқ¬талды» [6.74-75]. Яғни, сол мерзімдегі тарихи деректерден айқындала түсетініндей Әмір¬¬сана мен Абылайдың біріккен қолдары күші басым қытай әскерлеріне ойдағыдай соққы берген. «Алайда Қытай әскер басы Фуде көпсанды атты әскермен олардың артынан ере отыра, Хан (Абылай хан,-Ғ.Қ.) мен сұлтандарға кімде-кім сатқын Әмірсанаға пана беретін болса империяның жауына айналатындығын жариялап, Жоңғария сияқты қарудың күшімен жазаланатындығын ескертті» [6.77-78]. Осыған орай «Әмір¬сананың Абылай сұлтанның көші өңірінде тығылып жүргенін білген отряд (қытай отряды,-Ғ.Қ.) Орта жүзге бет алды»[5.296].
Cонымен бірге Абылай сұлтанның Ресеймен арадағы қатынасын ескерген Қытай үкіметі Ресеймен тыныш жағдайды да сақтағысы келді. Сондықтан да «... 1756 жылдың соңында Пекиннен Петербургке ...Әмірсана қазақтарға қашқан сатқын екендігі, соңғыларына (қазақтарға,-Ғ.Қ.) оны және жақтастарын ұстап беруді талап еткен әскер аттандырылғаны туралы хабар берілген хат жіберілді» [9.301].
Одан арғы тарихи оқиғалар көрсеткеніндей: «...Аягөз ауданында қазақтардың қытайлармен соңғы шайқасы өтті. Тамызға қарай қытайлар Семей бекінісі ауданында Ертіске дейін жетті. Қазақ билеушілері Жоңғарияны қалпына келтіру үшін күрестің келешегінің жоқ екен¬дігін түсіне бастады. Абылай, Әбілпейіз сұл¬тан¬дар мен Қожаберген батыр қытайлармен келіс¬сөз жүргізіп, өздерінің жеңілгенін мойындады, Цин империясымен саяси және экономикалық байланыстарды жолға қоюға тілек білдірді. Қы¬тай әскери басшылығы Абылайға Пекинге елші¬лік жіберуді ұсынды, оған сұлтан келісті және 1757 жылдың қыркүйе¬гінде Хан¬жігер мен Өмір¬тай бастаған елшілік жіберді. Императордың қабылдауы кезінде қазақ елші¬лері, бір жағынан, өздерінің 1756-57 жылдардағы Қытайға қарсы қимылдарын қателік және Әмірсананың арамдығы деп түсіндірді, екінші жағынан, Тарбағатайды өздерінің заңды қоныстары деп жариялап, оны қазақтарға беруді талап етті.
... Қазақстанның Қытаймен бұдан кейінгі қатынастары негізгі екі мәселеге байланысты болды. Біріншісі және ең маңыздысы жер мәсе¬лесі еді. Қазақтар жайылымдарды, әсіресе Ер¬тіс пен Іле аңғарындағы және Тарбағатайдағы бай жерлерді қайтарып алуға ұмтылды. Ал циндер бұрын Жоңғарияға қараған барлық жерге дәмеленді» [2.250,251].
Қазақ елшілерімен болған осы кездесуде Қытай әкімшілігі Абылай ханға хат жолдап, онда: »Абылай, сендер шалғайда жатқан бөтен елсің¬дер. Егер сендерге моңғолға жасағандай ішкі жасақ тәртібін қолдансақ, қысым көріп қаласыңдар. Демек, бұрынғы салт-жүйеле-ріңде бола беріңдер ... Елші жіберіп, патшаға сәлем беріп тұрсаңдар, рақым көресіңдер.
Ал, сенің елшің бізге жеткізген : «Тарбағатай тегін¬де біздің байырғы жайлауымыз еді, сол жер¬ді патша бізге берсе» деген сөзге келсек, бұл жерлер жаңа ғана тыныштандырыл¬ған. Әлі иен жатқан өңір.
Патша, әсілі, ол жерді сендерге қиып бере салушы еді, бірақ сендер бізге еңбек сіңірген жоқсыңдар, ебін тауып ел болып алғансыңдар. Сондықтан , ол жерлерді сендерге сиға бере салу мемлекеттің тәртібіне қиғаш келеді.
Сендер егер, бұрын айтқандай, Әмірсананы тұт¬қындап әкеліп беретін болсаңдар, онда ол жер¬лерді жарылқап беруге болады», - [17] деген талап қойылды.
Тарихи деректер мен мұрағат құжаттарынан айқындала түсетініндей, осы мерзімдегі қазақ елі мен Цин империясы арасындағы алдағы іске асырылатын қатынастың барлығы да Абылайдың Әмірсананы Қытайға ұстап беру ісімен байланыстырылды. Қытай үкіметі бұл талапқа ерекше маңыз беріп, қазақ хандығына нақты талаптар қойылып, орындалмайтын болса әскери күш көрсетілетіндігі айқындалды. Атап айт¬қанда 1757 жылды 1 қыр¬күйегінде Цин императоры қазақ ханы Абылайға: »Айтуға қарағанда, бүлікші (Әмірсана ) біздің жерге қашып келген болса, дереу ұстап, тапсырамыз депсіз, мен бұл сөзіңізге кәміл сенемін. Сіз қазір мем¬леке¬тіміздің мәдениетіне пейіл беріп, адалдықпен бағыныштылық білдіріп отырсыз. Бірақ мынаны ұғынуыңыз лазым: Жоңғарлар жайлаған жерлердің барлығы да біздің иелігіміз. Ал сіз өз елі¬ңіздің топырағын қапысыз қорғаңыз. Біздің иелігімізге бей-берекет соқтығушы болмаңыз,» [18] - деген мәлімдеме жасап, өзінің жоңғарлардан босаған жерге деген ұм¬тылысын ескертті. Ал бұл Жоңғар хандығының кезінде басып алған қазақтардың Орта жү¬зі руларының тарихи мекендері - Алтай, Тарбағатай, Зайсан көлі, Қара Ертіс өңірлерінің Қытайға кететіндігін білдірді. Яғни, осы арқылы қазақ жеріне бөлшектену, халқына ыдырау қаупі төндірілді.
Абылай үнемі қамқорлыққа алып, көмектесіп келген, осы мерзімдегі қазақ-қытай қатынасының шиеленісуіне әкелген Әмірсана, оның шығу тегі, Қытай империясы және қазақтармен жүргізген саясаты туралы Шәкәрім Құдай¬бердіұлы төмен¬дегі¬дей деректер береді: »Ғалдан хан өлген соң өзге ағайынның балалары сол сөзді сылтау етіп, (Халық аузындағы мәлі¬мет негізіндегі Шәкәрімнің жазуынша Әмір¬сана Ғалданның баласы емес, оның әке¬сі қа¬зақ¬тың Ұлы жүзінің батыры Төлеки деген сөз тараған, ал Әмірсананың шешесі Қытайдың Ежин ханының қызы болған,-Ғ.Қ.), Әмірсана қазақтың баласы деп хан қоймай, қалмақтың көбі өзгелеріне қосылып, хан қоймаған соң, Әмір¬сана нағашысы Ежин ханға барыпты. Ежин хан бұл жақтағы қытайлардың бастықтарына -қалмақты Әмірсанаға қаратып бер десе-Қытай келіп, қалмақты шауып, быт-шыт қылып тоздырып жіберген соң, Әмірсана-елімді тоздыр де¬генім жоқ, - деп Қытайдың әскерімен жауласып, қашып Абылайға келеді. Абылай Қытай келіп қала ма деп, жер шола үш мың кісімен бар¬са, осы Аякөз өзенінде жолығыпты. Неғып жүрсің десе-Әмірсана сенде, соны бермесең қазақты шабамыз,-деген соң, не қыларын біле алмай, Әмірсананы үш күнге шейін тауып бермек болып, қайтып келіп, қытай әскері жоқ десе Әмірсана Абылайға: - сен Қытайға жолықтың, бірақ мені береріңді, иә қазақты шапқызарыңды білмей отырсың ғой. Мені Қытайға бер, бірақ екі сөз айтайын, әуелі мені алдым деп хат бересің. Соған тоқсан жақсы кісінің бармағын сиялап, мөр орнына басқызып ал, мөрден танар, қол сызығынан тана алмас. Екінші, мен де хан баласымын ... және Ежиннің жиенімін ғой, өз алдына алып барғанша байламай, күзетіп бос алып бар деп тілек қыл деді.
Абылай Әмірсананың айтқанын қылды да Қытайға берді. Былай шыққан соң, үш күн өтпей, Әмірсана біртұман күні қашып кетіп және Абылайға келген соң, Абылай ұстап тұра алмай, орыстың Екатерина екінші деген қатын патшасына жіберіпті. Қытайлар қайтып келіп сұраса, Абылай өздеріңе бергенмін, деген соң қайтып кетіпті.
Орыс патшасы Әмірсанаға қалған қалмақтарды қаратып бер деп, көп әскер жібергенде, жолда Әмірсанаға шешек шығып өлген соң, орыс әскерлері қайтып кетіпті» [19]. Бұл деректі «Өзіне хасақтардан (қазақтардан,-Ғ.Қ.) қауіп¬сіздік таба алмаған Әмірсана еріксізден Оң¬түстік Сібірдің тауына кетіп, осында өзінің өмірін аяқтаған»[6.78], деген сол мерзімдегі нақты тари¬хи мәлімет дәлелдей түседі.
«Алғашында Давацидың одақтасы және досы, одан кейін қас жауына айналған , алдымен өз халқын сатып, Цин империясы жағына өткен, ал одан кейінгі екі жыл бойы жаулаушыларға қарсы азатттық соғысын бастаған, осы азаттық күрестің туына айналған адам өзінің аз ғана, алайда тынымсыз өмірін (35 жыл ғана өмір сүрген) аяқтады» [9.302].

Яғни, өзінің Әмірсанамен екі арадағы бірлес¬кен қимылдарына қарсы қазақ жұртына Қытай империясы тарапынан жоғарыда аталғандай ашық қысым көрсетілуіне орай халқының болашақ тағдырын, жерінің түгелдігін сақтауды ойлаған Абылай орайы келген қадамға барып, Әмірсананы ұстап беруге келісті. Алайда берген сөзіне адал ол бұл іске тікелей өзі ара¬лас¬па¬ды да. Қазақ-цин билігі арасындағы қатынастағы осыдан кейінгі қадамдар мен Қытайға жасалған қазақ елшіліктері талаптарының орындалуы еліміздің ХVІІІ ғасырдың ортасындағы Қытай басқыншылығына қарсы күресін¬дегі орын алған Абылайдың Әмірсана¬мен уақытша болса да одақтастық қызметінің оңды орнын айқындай түсетіндігі белгілі.
Жоғарыдағы орын алған оқиғалардан кейін Абылай еліне алдыңғы ғасырлық кезеңде соншама қасірет әкелген жоңғарларды толығымен талқандау мақсатында оларға қарсы бірден сәтті жорық ұйымдастырды. Тарихи құжаттар баяндай түсетініндей: «1757 жылы сұлтан Абылай және батыр Қошқарбай бастаған Орта Орданың (Орта жүздің,-Ғ. Қ.) қырғыздары Алтайға басып кіріп, көпсанды тұтқын төленгіттерді (төленгет- Алтай қалмақтары,- Зобнин Ф.) алып кетті» [20]. Бұл мәлімет Абылайдың белгілі мақсатқа жетудегі жекелеген қадамдарға бару арқылы түпкі жоспары - сырт¬қы жауларға деген толық жеңіске жеткенге дейін¬гі ымырасыздығын паш етті. Сонымен қа¬тар аталған жорықтағы табыс оның әскери кү¬шінің қуаттылығын Қытай империясына да көр¬сетіп берді. Міне сондықтан да Абылайдың өскери күшін сезініп, оны өз ықпалынан шығармау мақсатында »боғдыхан Орта жүз қазақтарына «жоңғар жерлерін» бермек болды»[11. 211].
Осыдан кейінгі бірнеше рет орын алған елшілік уағдаластықтардың нәтижесінде қазақ жұртына аса қажетті болған Қытаймен арадағы қатынас, соның ішінде жер мәселесі екі жақты келісімдер арқылы қазақтар үшін тиімділік жағдайында шешімін тапты. «Мәселен, қазақ елшіліктері 1757 жылы Тарбағатайға, 1759 жылы - Ертістің жоғары ағысындағы жерлерге, 1760 жылы Іленің жоғары ағысына өз құқықтарының танылуына қол жеткізді. Қытайлар бұған келісіп, қазақтарға заңды түрде тиесілі жерлерді жоңғар көтерілісшілеріне қар¬сы күресте көмек көрсетуге уәде бергені үшін қайтарып берді» [2.251. Осындай көреген де батыл саясатының нәтижесі арқылы Абылайдың есімі барша жұртына ұран болып тарады. Тіпті ... «Қытайлықтардың арасындағы оның есіміне деген құрметтің терең кеткендігі сондай, оның жекелеген ұрпақтарына (Абылай қайтыс болғаннан кейін де,-Ғ.Қ.) силықтар жі¬беріп тұрды» [21].
Қорыта айтқанда «...қырғыз рыцарлығының ғасыры болып табылатын» [1.124] ХVІІІ ғасырдағы қазақ халқының ауыр да батырлыққа толы тарихындағы елін басқарып, жұртының амандығы мен территориясының тұтастығын сақтауда өміршең де батыл саясатты жүргізіп, оның оңды қорытындыларына жеткен Абылайдың кемеңгер де зор тұлғасы барша ұрпағына мақтан болып табылады. «Халықтың ерік-жігерінің тастүйін бірлігі, - деп жазды Н. Ә. Назарбаев аталған бағытта,- Абылай ханның бір басында бейнеленді. Батырларымен тізе қосып, қаһармандықтың тамаша үлгілерін көрсеткен, сөйтіп халықтың ұйтқысы болған Абылай ханның ерліктері сонау қатал заманда қазақ рухын қайта түлетудің бір алтын діңгегіне айналды» [22].
Осы тұрғыдағы еліміздің азаттық жолындағы күрес кезеңінен өзінің нақты нәтиже¬лі¬лі¬гі¬мен белгілі орын алатын ХVІІІ ғасыр ор¬тବсын¬дағы қазақ елінің сыртқы саясатта¬ғы күші басым Цин империясы басқыншылығына қарсы осындай дипломатиялық, әскери әрекеті Абылай тарапынан іске асырылған оңды да қажетті қимыл болғандығын халқымыздың одан кейінгі даму тарихы дәлелдей түсті.
Яғни, Абылайдың аса қаһарлы жауға қарсы қазақ батырларының басын қосуы және сонымен бірге Әмірсанамен арадағы өз¬ара қажетті бірлескен әрекеттің нәтиже¬сінде:
- Цин империясына егерде ұйымдасқан, бірлескен жағдайда көшпенділер күшінің еселеп артып, соғыс қимылдарының ұзаққа созылуы және де елеулі тұрғыда шығын әке¬ле¬тіндігі белгілі болды, сондықтан Цин армиясы шабуылын тоқтатып, басып алған жерлерін қайтарып беруге мәжбүр болды, қазақтармен одан арғы жасалған қатынас¬тың барлық түрі елшіліктер арқылы шешіле бастады;
- Аталған мерзімдегі жоңғар, әсіресе Қы¬тай империясы тарапынан жасалған елінің тәуел¬сіздігі, халқының амандығына төнген қауіптің бетін қайтарар күш барлық жұртының бірігуінде екендігін ақсүйектер, батырлар, барша қазақ қоғамы ұғына білді. Осы оқи¬ғалардан кейін қазақ қауымының Абылайдың маңайына топтасуы қарқынды түр¬де іске асырыла бастады;
- Абылайдың батырларының басын қо¬сып, сонымен бірге Әмірсананы көмекке алып, бірнеше рет күші басым цин әскерле¬ріне тойтарыс беруі ел ішінде және көрші ха¬лықтар, тіпті жаулары тарапынан Қазақ хан¬дығының қуаттылығын, Абылайдың елі таныған мемлекеттік қайраткер, дарынды да ер¬жүрек әскери қолбасшы ретіндегі орнын айқындады;
- Оның осындай беделі қазақ елін қоршай жатқан қос империя билеушілері арасында өсе түсті. Екі жақ та (Ресей, Қытай) оны өз жақтарына тартуға барша шараларды қолданды. Негізінен Абылайдың оларға қойған талаптары орындалып, онымен үнемі санасулары қамтамасыз етілді;
- Нәтижесінде екі империя арасындағы қазақ елінде Абылай қайтыс болғанға дейін халқымыздың бірлігі, жердің тұтастығы, сонымен қатар далалық билік жүйесі сақталынып келді.

http://akikatkaz.kz/?p=88#more-88

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458