«Ескі жүйеден айырылғысы келмеген топтармен қатаң күресу қажет»
Президент Зеленский Саакашвилиге вице-премьер қызметін ұсынды. 24 сәуір күні Украина Радасы бұл ұсынысты қарастырады.
Қазір Украинада ескі жүйе мен жаңа элитаның қақтығысы болып жатыр. Президент ЗЕ абыройдан айрылуда. Дәл осы кезде Украинаға кең танымал Саакашвилиді реформа бойынша вице-премьер қызметіне шақырып, өз позициясы мен елдегі реформаны күшейткісі келетін секілді.
Саакашвили сұхбатында төмендегі ойларымен бөлісті:
1. Мен командалық ойыншымын. Сайлау науқанында ЗЕ мырзаны қолдадым. Қазір де оның командасында болып, көмек көрсетуге дайынмын.
2. Грузияны басқарған жылдары экономиканы 400%-ке көтердім. Бұл тәжірибем Украинаға қажет болары сөзсіз.
3. Ескі жүйеден айырылғысы келмеген топтармен қатаң күресу қажет. Мұны жасамай ешқандай жетістік жоқ.
4. Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банктен қаржы алу бойынша тәжірибем жеткілікті. Қазір 4,5 млрд доллар қаржы алуда Грузияға көмектесіп жатырмын. Қажет болса Украина үшін де мұны жасауға әзірмін.
5. Белгілі топтар мені Порашенкомен күрескенім секілді 4-5 айдан кейін президентпен күреседі деп атауда. Бұл ескі жүйенің адамдары ойдан шығарған дүние. Мен ЗЕ командасындамын.
Не де болса Украина ішкі саясаты қызық оқиғаларға толы болады алдағы уақытта.
Бауыржан Серікбайдың әлеуметтік желідегі жазбасы
Abai.kz