Сенбі, 23 Қараша 2024
3504 1 пікір 23 Сәуір, 2020 сағат 12:10

Алматының қылмыстық істі тексеру полициясының басшысы қызметтен алынды

Алматы қаласы қылмыстық істі тексеру басқармасының басшысы Жанболат Зиадин қызметтен алынды. Бұл туралы Қазақстанның ішкі істер министрлігі хабарлады.

Әлеуметтік желіде Bentley, Mercedes және Cadillac сынды қымбат көлік мінгендер тойға бару үшін Алматыдағы блокпосттан өткені бейнеленген видео жарияланды. Қалаға қатаң карантин енгізілгеніне бірнеше апта болды. Қалаға кіріп-шығу үшін арнайы рұқсат керек.

Кейінірек блокпосттан кедергісіз өткен адамдардың Алматы облысы жол полициясы бастығының туыстары деген ақпарат пайда болды. Полиция мұндай мәліметті жалған деп атады.

21 сәуірде Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғұмбаев жиналыста бұл оқиғаны сынап, "төтенше жағдай ережесін бұзғандарды қатаң жазалауды" тапсырған.

Содан кейін ғана блокпосттан заңсыз өткендер ұсталып, әкімшілік жазаға тартылды. Кортеждегі тағы екі адамға іздеу жарияланды, төрт қымбат автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406