Сенбі, 23 Қараша 2024
3674 5 пікір 25 Сәуір, 2020 сағат 13:41

Лондон соты: бұғатталған 530 млн доллар Қазақстанның Ұлттық банкіне тиесілі

22 сәуірде Англияның жоғарғы соты молдовалық бизнесмендер Анатол мен Габриэль Статидің шағымы негізінде Ұлттық банктің 530 млрд доллар көлемінде активін бұғаттау ісі бойынша процесте Қазақстан пайдасына қарай шешім шығарды.

Бұл туралы Қазақстанның әділет министрлігі хабарлады. Ұлттық банктің есепшоты Bank of New York Mellon (BNYM) Лондондағы бөлімшесінен ашылғандықтан Қазақстан үкіметі мен бизнесмендер арасындағы соттың бір бөлігі Лондонда өткен.

2017 жылы желтоқсанда New York Mellon банкі Анатол Статидің Қазақстан үкіметіне қарсы арызы бойынша Қазақстан Ұлттық қорының 22 миллиард доллар қаржысын бұғаттаған. Министрліктің айтуынша, Қазақстан үкіметі бұғатталған қаржы көлемін 530 млн долларға дейін азайта алған.

2018 жылы 25 мамырда Бельгия соты қаржы дауын шешу үшін істі Англия сотына жіберген. 2020 жылы сәуір айында Англия соты төрт күнге созылған процесс кезінде істі қарап, 22 сәуірде сот шешімін шығарған.

"Стати заңгерлері сотта 530 млн АҚШ доллары бұл BNYM-ның Қазақстан алдындағы қарызы, сол себепті оған Бельгия сотының бұғаттау туралы шешімін қолдануға болады деп хабарлаған. Судья Тир олардың келтірген дәлелдерін қабылдамай, мынадай шешім қабылдаған: Қазақстан Республикасы BNYM мен Ұлттық банк арасындағы жаһандық депозитарлық келісімнің тарабына жатпайды; жаһандық депозитарлық келісім бойынша BNYM міндеттемелерінің Қазақстанға емес, тек Ұлттық банкке қатысы бар; BNYM-нің Қазақстан алдында қаражат төлеу бойынша міндеттемелері жоқ; Қазақстанның BNYM депозиттеріндегі ақшаға қатысты қандай да бір талап қою құқығы жоқ" делінген министрлік хабарламада.

Молдовалық бизнесмен Стати мен Қазақстан билігі арасындағы сот бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Қазақстанның мұнай саласына инвестиция салған Анатол Стати мен оның ұлы Габриэль Стати Қазақстанның мемлекеттік органдары өзін "инвестициясын тым арзанға сатуға мәжбүрлеу үшін қыспаққа алғанын" айтады.

Бұл іс бойынша негізгі шешімді 2013 жылы желтоқсанда Швецияның арбитраж соты шығарған. Швеция соты Қазақстан инвесторлар алдындағы халықаралық міндеттемелерін бұзды деп танып, Статиге 500 миллион доллар көлемінде өндіріп беру туралы шешім шығарған. Кейінірек Нұр-Сұлтан бұл айыптауды терістеп, Статиді "алаяқтық жасады" деп айыптады.

Содан бері Стати бірнеше мемлекетте сот шешімін күшпен орындатуға күш салып келеді.

2019 жылы мамырда Нидерланд соты құны 5,2 миллиард доллар тұратын Нидерландтың KMG Kashagan B.V. компаниясындағы "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қоры акцияларына салынған тыйымды күшінде қалдырды. Бұл акцияларға Қазақстан үкіметі мен Анатол Стати арасындағы дау аясында тыйым салынған еді.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Ұлттық қор активтерінің бұғатталуы туралы хабар Қазақстан қоғамында қызу талқыланып, кейбір сарапшылар мәселеге алаңдаған.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371