Жексенбі, 10 Мамыр 2026
3469 0 пікір 27 Сәуір, 2020 сағат 10:25

"Талибан" қозғалысы Рамазан айында атысты доғаруға келіспеді

"Талибан" қозғалысы Рамазан айында атысты доғару туралы ұсынысты қабылдамады. Ауғанстан үкіметі осындай ұсыныс жасаған.

Тәліптердің өкілі бейбіт келісім жасалмай тұрып, мұндай ұсынысқа жол жоқ деп мәлімдеген.

Ауғанстан президенті Ашраф Гани үкіметі 23 сәуірде қозғалысқа ұсыныспен шыққан. Мемлекет басшысы коронавирус эпидемиясына қатысты төтенше жағдай орнаған ескерткеніне қарамастан, "Талибан" қозғалысы ұсыныстан бас тартқан. Тәліптер үкіметтен түрмеде отырған тұтқындарды босатуын талап етіп отыр.

Әлемдегі осынау қиын кезеңде зорлық-зорлықтан бас тартпаған "Талибан" қозғалысын НАТО одағы сынады. Ұйым ауған оппозиционерлерін бейбіт келісімге қатысуға шақырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2359
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1708