Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды
Елімізде карантин режимі 11 мамырға дейін ұзартылды. Бұл туралы бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
«Еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, мен Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдадым. Бұл – біз бастан өткеріп жатқан күрделі кезеңнің талабы», - делінген Президент мәлімдемесінде.
Сонымен, Жарлық негізінде, елде жарияланған Төтенже жағдай режимі 11 мамарда аяқталады.
«Елімізді пандемияның шеңгелінен құтқару–бәрімізге ортақ міндет.Мен үшін әр азаматтың өмірінен қымбат ештеңе жоқ», - деді Президент.
Сонымен қатар, Президент мәлімдемесінде Мемлекеттік комиссия карантин режимін жеңілдетуға дайын екенін айтты.
«Алдымен, вирустың таралуын қатаң бақылауда ұстап отырған облыстар мен қалалардан бастауға болады. Мемлекеттік комиссияға елорданың үлгісімен еліміздің барлық аймағында өз жұмыстарына кірісетін мекемелердің тізімін жасау тапсырылды», - деді Мемлекет басшысы.
Бірінші кезекте өнеркәсіп кәсіпорындары, құрылыс, жол құрылысы және көлік компаниялары, банктер және халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысқа кірісуі мүмкін.
Abai.kz