Қаңғыған оққа ұшып өлген Қаддафиді жақтастары жасырын жерледі
Ливияны 40 жыл билеп-төстеген Муаммар Қаддафидің мүрдессін мүдделестері ұрлап көмуде. Қысқасы, дүниеден қайтқан Қаддафидің арты осылай болып жатқан көрінеді. Ал, Reuters агенттігі сенімді дерек көзі берген мәліметке сүйене отырып, марқұмның мәйіті елдің оңтүстігіндегі бір шөлейт түзге жерленетіні туралы айтыпты.
«Қаддафиді бүгін, яғни, 25-нші қазан күні жерлегелі жатырмыз,- дейді агенттік тілшісімен сөйлескен адам.
- Жерлеу рәсімі өте қарапайым түрде өтеді. Елдегі ахуалға байланысты марқұмды құм басқан алқаптың біріне жерлейтін болдық». Reuters агенттігінің өкілімен тілдескен әлгі адам Муаммар Қаддафидің ұлы Мутассиманың сүйегін әкесінің қасына қоятындарын айтқан.
Көп деген - осы. Кеше ғана Қаддафиді қас дұшпанға бермейміз деп жаныққан топ енді оған топырақ салуды да артық көріп жатқанға ұқсайды.
Естеріңізге сала кетейік, Ливия Республикасы ресми түрде Социалистік Халықтық Ұлы Ливия Араб Жамахириясы деп аталады! 1969 жылы Ыдырыс патшаны тақтан тайдырған «Ерікті социалист жасөрен офицерлер» қозғалысының тұсында Ливия - Ливия Араб Республикасы (ЛАР) еді, 1971 жылы төңкерісші әскерилердің басшысы Мұхаммед Қаддафи Ливиядан Ұлы Ливия Араб Жамахириясын «жасап» шығарды!

Ливия халқын 42 жыл тиымсыз билеген Қаддафиге қарсы көтеріліс басталғанда көтерілісшілер: «Қаддафи биліктен кетсін!» «Коррупцияға бұдан былай төзе алмаймыз!» деп ұрандатқан болатын.
Қаддафи қазанның 20-сы күні туған қаласы Сыртта қаңғыған оққа ұшып, жан тәсілім етті. Жақтастары Қаддафидің мүрдесін бүгінге дейін жеміс-жидек қоймасындағы тоңазтықышта сақтап келіпті.
"Абай-ақпарат"