Шығыс Қазақстанда фаунаның сирек түрінің контрабандасына жол берілмеді
Өскемен. 26 қазан. ҚазТАГ - «Майқапшағай» бекетінде кедендік тексеру барысында Қытайға бет алған Ақмола облысының тұрғынынан декларацияда көрсетпеген кептірілген құрттар салынған 4 пакет табылды, деп хабарлайды ШҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
«Құрттар кептіріліп, полиэтилен пакеттерге салыныпты. Бұл фаунаның сирек түрлері, олар жабайы пионның (марьины коренья) тамырларында ғана мекен етеді», - деп хабарлайды департамент.
ҚХР-да бұл құрттар үлкен сұранысқа ие және фармацевтикалық, косметикалық препараттар жасауда пайдаланылады. Қазақстандықтың әрекеттерінен ҚР ҚК 209 б. 1б. бойынша қылмыстық белгілері байқалып отыр. Фауна түрлерінің контрабандасы фактісі бойынша тергеу алдындағы тексеру басталды.