Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
3869 0 пікір 1 Мамыр, 2020 сағат 11:31

Ресей премьер-министрі Мишустин коронавирус жұқтырып алды

Ресейдің үкімет басшысы Михаил Мишустин коронавирус жұқтырып алды. Үкіметті басқару міндеті бірінші вице-премьер Андрей Белоусовқа жүктелді. Бұл туралы Мишустин бейсенбіде «Россия 24» телеарнасының эфирінде хабарлады.

Премьер-министр вирусты басқа адамдарға таратпас үшін ешкіммен уақытша араласпайтынын, бірақ үкімет мүшелерімен байланысын үзбейтінін мәлімдеді. Мишустин отандастарын елдегі шектеу шараларына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Ресейде бейсенбіде жеті мыңнан астам адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. 101 адам қайтыс болды. Пандемия басталғалы елде 106 498 адам коронавирус жұқтырған. 1073 адам көз жұмған, 11 619 адам аурудан жазылған.

Мәскеу қаласында коронавирустан ауырғандар көп – бір тәулікте астананың 3093 тұрғынына осындай диагноз қойылды.

Билік эпидемия мамыр айының басында күшеюі мүмкін деп болжайды. Ресей президенті Владимир Путин демалыс күндерін 11 мамырға дейін созды. Путин үкіметке шектеу шараларынан біртіндеп бас тарту жоспарын әзірлеуді үкіметке тапсырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1250
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2776
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 898
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 846