Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4374 2 пікір 1 Мамыр, 2020 сағат 12:48

Қазақстан жел энергиясына 72 миллиард теңге жұмсайды

Қазақстан жел энергиясына 72 миллиард теңге жұмсайды, - деп хабарлайды LS сайты. Жасыл нысандардың жалпы қуаты 180 МВт-тан асады.

Ақмола облысында 2022 жылға дейін жалпы құны 72 миллиард теңгеден асатын төрт жасыл жоба іске қосылады.

Оның біріншісі Аршалы ауданында орналаспақ. Құны 39 млрд теңге. Қуаттылығы 100 МВт-қа дейін жетеді. Әкімдік мәліметінше, жел электр стансасын іске қосудың екінші кезеңі жоспарлануда.

Сонымен қатар, Ерейментау ауданында жалпы қуаты 80 МВт құрайтын тағы екі жел стансасы іске қосылмақ. Жасыл жобалардың бірін жүзеге асыру 26 миллиард теңгеге бағаланады. Оның қуаты 50 МВт құрайды. Екінші жел электр станциясының құрылысына 5,6 млрд.теңге қажет. Қуаты - 30 МВт.

Одан бөлек, Көкшетауда 2 миллиард теңгеге жасыл жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Ақпаратқа сәйкес, 7 МВт жеті жел электр станциясын орнату жоспарланған. Жалпы, өңірде жасыл нысандардың іске қосылуына байланысты 50-ге жуық жұмыс орны ашылмақ.

Айта кетейік, биыл елімізде жалпы қуаттылығы шамамен 700 МВт болатын 13 жасыл станция іске қосылады. Ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта бұл жобалар құрылыс-монтаж жұмыстары немесе жобалау сатысында тұр. Сонымен бірге, коронавирус індеті де жобаның жалпы дамуына өзгерістер енгізген.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318