Маңғыстау облысында мұнайдың апаттық төгілуін жою жөніндегі тәжірибелік оқу сәтті өткізілді
«ТеңізСервис» ЖШС («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы) SEACOR Response мамандандырылған компаниясымен бірлесе отырып, Түпқараған шығанағының (Маңғыстау облысы) айлағында 2 деңгейлі мұнайдың төгілуін жою жөнінде тәжірибелік оқу өткізді.
Оқу мұнайдың апаттық төгілуін жою аясында тәжірибе алу және алмасу, технологияларды тәжірибелік тұрғыдан пайдалану мақсатында өткізілді.
Оқуға «ТеңізСервис» ЖШС-тен және SEACOR компаниясынан 17 адам, Теңіз-1, Теңіз-2 және See Eagle атты үш мамандандырылған кеме, «Ro BOOM» 250 метрлік бонды бөгет, көлемі 25 м3 скиммер (мұнай жинақтаушы), сондай-ақ 4 бірлік арнайы автотехника жұмылдырылды.
Оқудың жоспарына сәйкес, «ТеңізСервис» ЖШС-ның теңіз мұнайы операцияларын қолдау базалары диспетчерінің тетігіне мұнай төгілген жерлердің мекенжайы келіп түсті, мұнай төгілген орынға Sea Eagle және Теңіз-1 кемелер барып, бонды бөгетті қойды. Бұдан әрі Теңіз-2 кемесі скиммермен және мұнайды уақытша сақтауға арналған суда жүзетін қоймамен бірге төгілген мұнайды жинауға бастады. Қойма мұнайға толтырылғаннан кейін, скиммер мен қойманы ауыстыру үшін Теңіз-2 кемесі жағаға қарай жүзді. Осы үрдіс мұнай төгілген дақты толық кетіргенге дейін қайталанды.

«ТеңізСервис» ЖШС мен SEACOR Response компаниясының жоспарларында бірлескен ауқымды оқу өткізу жоспарланған. Осындай іс-шараларды іске асыру мұнай төгілген кезде әрекет ету тәжірибесін бұдан әрі арттыруға, кәсіби қазақстандық мамандардың тізімін құруға, сондай-ақ мұнайдың апатты төгілуін жою үрдістеріне әлеуетті түрде қатыстырылған ұйымдармен өзара қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік береді.
Анықтама түрінде:
«ТеңізСервис» ЖШС - жаға инфрақұрылымын құру және дамыту мақсатында 2003 жылы құрылған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес тәуелді компаниясы. Компанияның негізгі қызметі теңіз мұнайы операцияларын қолдау үшін инфрақұрылымдық нысандарды салу, пайдалану және дамытумен байланысты.
SEACOR компаниясы мұнай төгілулерін жою жөніндегі қызметті ұсынуда мол тәжірибесі бар халықаралық компания болып табылады. SEACOR экология, өнеркәсіп және апаттық әрекет ету аясындағы қауіп-қатер менеджментін әлемдік тұрғыдан қамтамасыз етуші болып табылады.