Сенбі, 23 Қараша 2024
2711 0 пікір 4 Мамыр, 2020 сағат 12:01

Теңіз кен орнында 100-ге жуық жұмысшы үстемақы талап етіп жатыр

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында 100-ге жуық жұмысшы стационардағы карантин шараларын жеңілдетуді сұрады,-деп хабарлады Tengrinews.kz.

Штаб кеше, 2 мамырда "COC Realty" компаниясының 100-ге жуық қызметкері стационардағы тұру шарттарын жеңілдетуді талап етіп шыққанын хабарлады.

"Компанияның бір жұмысшысы коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды. Сондықтан барлық қызметкер карантиндік стационар режиміне ауыстырылған болатын. Олар тұрмыстық шарттарды алып тастауды талап етті. Атап айтқанда, жұмысшылар темекі шегетін ортақ орын, тамақ ішетін ортақ орын, бірге уақыт өткізетін орын талап етіп отыр. Бұл карантин кезінде оқшаулау режимін бұзу болатындықтан, олардың талабы қанағаттандырылмады", - деп хабарлады Шұғыл штаб.

Мұнайшылар оқшаулауды жеңілдетуден кейін жұмысына үстемеақы төлеуді талап ете бастайды. Себебі карантин енгізілгеннен кейін көптеген жұмысшы вахтада екі күн қатарынан қалып қойған.

"3 мамырда жұмысшылармен әкімдік қызметкерлері және жұмыс беруші кездесті. Жұмыс ақысын төлеу мәселесі шешілді", - делінген Шұғыл штабтың хабарламасында.

Айта кетейік, қазір Атырау облысында 175 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде, 111 адам Теңіз кен орнында тіркелді. Қазірге дейін Теңізден 13 мыңнан аса қызметкер шығарылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364