Сенбі, 23 Қараша 2024
Ақмылтық 4610 4 пікір 6 Мамыр, 2020 сағат 12:36

Қазақстанда АҚШ-тың биозертханасы бар ма?

«Американың Қазақстанда әрқандай ауру түрлерін тәжірибеден өткізіп, сынайтын биозертханалары бар» дейтін сөз көптен бері айтылып келеді. Бірақ, биозертхана туралы ресми билік тіс жарып ештеңе айтпаған соң, ол «жабулы қазан жабулы» күйінде қалып келеді. Әрине, АҚШ тарапы да зертхана жайында жақ ашқан емес. Бұл жайтты Қытай мен Ресей ғана жарияға жар салып отыр.

Кешелі бері АҚШ Қытайды СOVID-19 індетінің тарауына байланысты тағы да айыптай бастады. Американдық барлаушылардың төрт беттік баяндамасындағы деректерге сүйенген Associated Press «ҚХР сақтану шаралары мен дәрі-дәрмектің қорын жасап алу үшін, індеттің таралу аймағын жасырып келген» деп, хабарлады. Сондай-ақ АҚШ тарапы Қытайды «ақпаратты құпия ұстады, тіпті әуелі зертханада жасалған вирусті де білдірмеді» деп, кінәлауда. Американың мемлекттік хатшысы Майк Помпео  Covid-19 ҚХР-дың Ухань қаласындағы зертханадан тарағанын дәлелдейтін айғақтар ресми Вашингтонда жетіп артылатынын мәлімдеді. Помпео ҚХР Компартиясы коронавирус індетінің қауіпін әлем елдеріне білдірмеудің бар айлы-шарғысын жасап бақты дей келіп, Вашингтон індеттің таралуына жауапты адамдарды жазаға тартуы керек деді.

Помпео заявил, что COVID-19 вышел из лаборатории в Ухане

(АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео)

АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын да кінәлап отыр. «ДСҰ Қытайдың ықпалына түсіп қалған» дейді АҚШ. Сол сбепті АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қаржыландырудан бас тартты.

АҚШ-тың айыптауларын ести салысымен Қытай Америкаға бұрынғы КСРО территорясындағы зертханаларын жабуды талап етіп шыға келді. Оған Ресей қосылып, АҚШ-тың Қазақстандағы, Армениядағы, Грузия мен Украинадағы зертханалары аурудың аты жаман түрлерін жасап, таратуы мүмкін деп дабыл қағуда.

Ал енді бұл сұмдық хабар. 40-50 жыл қазақ даласы Кремльдің сынақ полигоны болды. Сынақ аймақтарында 1949-1989 жылдар аралығында 456 әр түрлі ядролық жарылыстар жасалса, соның ішінде әуе мен жер астында – 116 сынақ жасалған.

Ресей жалға алған полигондарға қатысты сенаторлар тағы дауласып ...

e-history.kz сайтының деректеріне жүгінсек, қазақ даласындағы сынақ трагедиясы 40 жылға созылып, 1951 жылы 18 қазанда уран бомбасы, 1953 жылы 12 тамызда жер үстінде дүние жүзінде алғаш рет қуаттылығы 500 килотонна болатын сутегі бомбасы сыналған. 1953 жылғы тамызда термоядро қондырғысының, ал 1955 жылы А. Сахаров шығарған бомбаның сынағы өткен. Жазушы Медеу Сәрсеке: «Семейде жерасты сынағы 1961 жылғы 9 қыркүйекте, ең соңғысы 1989 жылғы қазан айының 19-ы күні жасалған. Яғни, 28 жыл бойы дамылсыз жүрген. Сол жылдарда тек қана Дегелеңнің астында 296 сынақ жасалған. Солардың дені – аса қуатты дүмпулер болған»,  – деп жазады.

Қазақ халқы ядролық сынақтардан адамзат баласы бұрын соңды көрмеген зардап шекті.

Бүгін Семей полигонының жабылғанына 27 жыл болды | КТК

«Семейдегі ядролық сынақтың салдарынан соңғы жылдары әр жүз мың адамға шаққанда жүйке-психологиялық ауруға шалдыққан адамдардың саны 960-тан 1624-ке, ақыл-ойы кем адамдар 3105-тен 4612-ге, невроз және жүйке тамыр дерті бар адамдар 3692-ге көбейген. Ал сары ауру, іш ауруы, туберкулез сияқты ауру түрлері халықты әбден меңдеп, арасында көпшілігі нағыз тұқым қуалайтын дауасыз рак, паралич, анемия, жазылмайтын тері ауруларының алуан түрлеріне душар болып отыр. Сынақ зардаптары дәрі мен дәрігерлерді дәрменсіз етіп, адамзат баласында кездеспеген ауру-сырқаулардың «жаңа» түрлерін туындата бастаған. Жалпы, Семей өңіріндегі полигонға жақын бұрынғы бес аудан халқының денсаулық жағдайын сараласақ, жүйке ауруына шалдыққандар саны (1995 жылғы деректер) – 1650-ге таяу, ақыл-ойы кемтарлар 4700-ге жетіпті.  3700 адам жүйке тамыры ауруына шалдыққан. Әсіресе, екі әйелдің бірінде тамақ бездерінің ауруы асқынып қабынуы, ауруға шалдығушылардың иммунитеттері нашарлығы байқала бастаған. Республика бойынша орташа жас ұзақтығы ерлерде – 59, әйелдерде – 62 жас болса, полигон аймағына жататын аудандарда ерлерде – 52-55, әйелдерде 58 жас күйінде қалып келеді» деп жазады e-history.kz сайты.

Қазір «даламызда сынақ полигондары жабылды» деп, жүрміз. Егер сол полигондар мен сынақ базалары ары қарай биозертханалар түрінде жұмысын жалғастырып жатқан болса, сорымыз сорпадай қайнайтын күндер әлі алда екен...

Сонымен, АҚШ-тың Қазақстанда биозертханасы бар ма, әлде жоқ па? Егер жоқ болса, Үкімет елді үрейлендірмей Қытай мен Ресейдің АҚШ зертханалары туралы сөзіне ресми жауап беруі керек. Егер бар болса, ол зертханалар ертең ажал уын сеппей тұрған кезде жабылуы керек!

Дәурен Қасенұлы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401