Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4185 2 пікір 6 Мамыр, 2020 сағат 13:21

Жүрек тірілту жайлы жалғыз сөз

Ғалымдардың айтуынша, 2012 жылдың 21 желтоқсанынан бері Жер шары галактикадағы «Қарақұрдымның» (Черная дыра) тартылыс шеңберінде келе жатыр. Оның алдында ғалымдар арасында: «Сол шеңберге кірген соң жер планетасы кез келген уақытта сағызша созылып бір-екі мүйнет ішінде жоқ болып кетуі мүмкін» деген үрей болды. Әрине бағымызға орай ол қорқыныш бүгінде артта қалды. Содан бері жер бетінің әр түпкірінде ақылға қонбайтын, санаға сыймайтын құпия құбылыстар бұрынғыдан бетер қабындап көбейіп кетті. Соның бірі – үлкен темірлерді бір-біріне үйкегендей үрейлі дыбыстардың жиі-жиі естіле бастауы. Бұл құпияны да ешкім әлі дәл түсіндіріп беріп жатқан жоқ.

Шындығында, мұның барлық сыры қасиетті «Кәлам-Шәріпте» тұр! Бірақ Шәкәрім қажы айтқан: «Сөйтіп бұзып, бүлдіріп есіл дінді, – Дін десе есті азамат тұра қашар» заманда мұндай ақиқаттар ертегі сияқты естіледі. Оны атеист те, космополит те, тіпті, діндарлар да қабылдай алмайды. Әлгі дыбыстарды құранда «нәқуур үні» деген. Ғұламалар ондай құбылыс 1-ақырзаманда болады деп жазып кеткен. Осы шындықтардан шығарып айтайын дегенім – мынау.

Меніңше, әрбір адам – галактика! Ол галактикада бір құпия планета бар. Оның аты – Жүрек. Егер Аманатқа қиянат жасамай, жүректі Құдайдың мекеніне айналдыра алсақ, онда ол маяк құсап Мәңгілік Бақтың еліне жеткізеді. Ал Һаннас-лағиннің еркіне беріп қойсақ, ол барлық сәулесін тонатып, «қарақұрдымға» айналады. Бұл – адамның өлімі. Тәнің тірі болуы мүмкін, бірақ рухың сөнік болғасын, күллі жарықты жұтып, жалмап қоятын құбыжықсың.

Осы өлім туралы ардақты Пайғамбарымыздың (сғс) немересі Хазіреті Құсайын бұдан 1340 жыл бұрын былай деп айтып кетіпті: «Адамзаттың өлімі 3 нәрседен болады. Біріншісі, тәкаппарлық. Бұл – діннің өлуі. Сол үшін ібіліс қарғысқа ұшыраған. Екіншісі, қанағатсыздық. Бұл – рухтың жойылуы. Сол үшін Адам ата жәннаттан қуылды. Үшіншісі, қызғаныш. Ол – ашу-ызаның негізі. Сол үшін Қабыл Абылды өлтірді». Міне, қазіргі адам баласының жүрегін осы үш кесапат індет жайлап алған. Осы «қарақұрдымның» тартылыс шеңберінде келе жатқанда біздің болашағымызда – баян, тіршілігімізде – береке, өмірімізде мән бар деп айта алмаймын.

Басқаны білмеймін, өзім осынау құрдымнан сау шығудың жалғыз жолы – Құдайдың рахмет нұры себелеген қасиетті Рамазан айының әр таңсәрісінде: «Ей, нұрыңнан рухымды бөліп жан жаратқан, ақыл-сана, жүрек пен мый берген Ерекше Мейірімді Құл сүйгіш Алла, тезірек Жәбірейіл (ғс) періштеңді жіберіп: «Жалғандықтың күні батты! Ақиқаттың таңы атты!» деп 18 000 ғаламға жар шаштыра гөр! Ғафілет көрпесін серпіп, өлім ұйқысындағы адамзатты оятып, мен қара бет құлыңның өлі жүрегін тірілте гөр!» деп зар еңіреп дұға қылу ғана деген байламға келдім...

Айт-Манның әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394