Сенбі, 23 Қараша 2024
5166 0 пікір 6 Мамыр, 2020 сағат 14:14

Қырғыз-өзбек шекарасында жанжал болды. Шекарашылар әуеге оқ атты

Баткен ауданы (Қырғызстан) мен Сох анклавы (Өзбекстан) шекарасында тұрғындар жайылымға таласып, қырғызстандық шекарашылар әуеге оқ атқан. Оқиға 1 мамырда тіркелген, бірақ ол туралы енді ғана белгілі болды.

Баткен мен Сох арасындағы шекара мәртебесі анықталған, бірақ тұрғандар жайлау мен суға үнемі таласып қала береді.

Қазір шекара тыныш, деп хабарлады Баткен ауданындағы Апкан ауылының Жамалидин есімді тұрғыны.

"Өзбекстанға қарасты Лембург ауылының тұрғындары малды біздің жайлауда баққан. Біздің шекарашылар олардан кетуін сұраған, бірақ малшылар қарсы болған. Естуімше, шекарашылар әуеге оқ атқан. Қазір ешқандай шу жоқ", - деді баткендік.

Оның айтқандарын Сох анклавының тұрғыны Фарход Сафаров растады. Оның айтуынша, анклавтағылар осы уақытқа дейін малды осы жайлауға жайып келген.

"Тәуелсіздік алған соң бұл жер дербес аймаққа айналды. Атыс болған жоқ. Қырғыз шекарашылары оқты әуеге атқан. Жиналған адамдар кейін тарқап кетті. Сонымен дау бітті", - деді ол.

Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметіндегілер осындай оқиға болғанын растады, бірақ шекарашылар шекарадағы заңсыздықты болдырмауға тырысқанын ескертіп өтті. Оқиғадан соң екі елдің жергілікті билік өкілдері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Осы оқиғадан соң Өзбекстан қырғыздың Апкан ауылына суды аз беретін болған. Суу-Башы ауылының басшысы Кудайберди Козуев мәселені шешу үшін көрші елге барған.

"Біз судың азайып кетуіне байланысты Сох өкілдерімен кездестік. Қазір су бұрынғысынша ағып тұр", - деді Козуев.

Бұл уақытта, дәл осы Сох анклавы мен Чарбак ауылы арасындағы шекарада тағы бір жанжал болған. Мәліметтерге қарағанда, Өзбекстанның Хушер ауылына су тарту мен жол жөндеу жұмыстары кезінде дау шыққан.

2013 жылы Сох анклавының тұрғындары шекара қырғыздардың электр желісін тартуына қарсы шықты. Олар Баткен ауданының Чарбак ауылына кіріп, автокөліктерді қиратты, отыздан астам қырғызстандықты кепілге алды. Бір күнге созылған келіссездерден соң анклав тұрғындары кепілдегілерді босатты. Содан бері анклавты Өзбекстанмен жалғастыратын Сох-Риштон жолы жабық тұр. Өткен жылы жолдың салтанатты ашылу салтанаты өткен, бірақ бірнеше сағаттан соң ол қайтадан жабылды.

Қырғызстан мен Өзбекстанның 1379 шақырым ортақ шекарасы бар, соның шамамен бес пайызының мәртебесі анықталмаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394