Сенбі, 23 Қараша 2024
4515 3 пікір 6 Мамыр, 2020 сағат 17:10

Өзбекстан президенті: Сардоба су қоймасындағы апатқа кінәлілер жазаланады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Сардоба су қоймасындағы бөгеттің бұзылуына кінәлілер кім болса да, заң алдында жауапқа тартылатынын ескертті.

Ол бұл жөнінде үкімет мүшелерімен өткізген видеоселекторлық жиналыс кезінде айтты.

"Менің тапсырмам бойынша су тасқынына байланысты құқық қорғау органдары тергеу ісін бастады. Барлық кінәлілер, ол кім болмасын заң алдында жауап береді", – деп ескертті өзбек президенті.

Мирзияевтің сөзінше, Сырдария обдысындағы су тасқыны өзбекстандықтар үшін ащы сабақ болды.

"Біз халықаралық сарапшыларды шақырып, бөгеттің құрылысын тексереміз. Сол кезде бәрі белгілі болады", – деді Шавкат Мирзияев.

1 мамырда таңға жуық Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасындағы бөгет бұзылып, 22 елдімекенді су алды. Ол жақтан 70 мың адам көшірілді. Кемінде төрт адам қайтыс болып, біреуі із-түссіз жоғалып кетті.

Су апатынан Қазақстан өңірі де зардап шекті. Түркістан облысының Мақтарал ауданында 845 үй, 3 мектеп, 5 балабақша, 4 медицина ғимараты мен мәдениет үйі және 54,7 км көпір мен жолды су алған. Мұнан өзге 7639 га егістік су астында қалды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391