Сенбі, 23 Қараша 2024
2502 0 пікір 6 Мамыр, 2020 сағат 17:14

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Мақтаарал ауданына барды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр су алған ауыл тұрғындарымен кездесіп, оларға Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жеткізді.

"Қазақстан Президенті Мақтаарал ауданының судан зардап шеккен бірде - бір тұрғыны көмексіз қалмайды, деді. Сол себепті, сіздерге тек түсініктік танытуды сұраймын. Үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі.
Президент Үкіметке Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан су басқан ауылдардың тұрғындарына жан-жақты материалдық көмек көрсетуді тапсырды",- деді Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр.

Орын алған жайтқа байланысты арнайы үкіметтік комиссия құрылғаны белгілі. Оны Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр басқарады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен құрамында орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары бар жұмыс тобы Жаңа тұрмыс, Жеңіс, Фирдоуиси, Өргебас, Достық ауылдарының тұрғындарымен кездесті.
Комиссия келген шығынды шұғыл түрде есептеу бойынша жұмыстарды жүргізеді. Ең алдымен тұрғын үйлер қалпына келтіріледі. Сонымен қатар, инженерлік, көлік, әлеуметтік инфрақұрылым қолға алынады.

Комиссия арнайы техника әкелген Өзбекстан мемлекетінің өкілдерімен де кездесті. Су астында қалған ауылдарды тазалауға көрші елден көмекке келген 50-ге жуық техника жұмылдырылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394