Жексенбі, 10 Мамыр 2026
4464 2 пікір 6 Мамыр, 2020 сағат 17:34

Сенат Аппаратының Басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың өкімімен Әлия Ғалымжанқызы Рақышева Сенат Аппаратының Басшысы болып тағайындалды.

Ә.Ғ. Рақышева 1980 жылы туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. Әр жылдарда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында басшылық лауазымдарда болды.

2013 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді, 2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі болды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2372
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1712