Сенбі, 23 Қараша 2024
2754 3 пікір 7 Мамыр, 2020 сағат 17:15

Өзбекстан Қазақстанға құтқарушылар мен арнайы техникалар жіберді

Өзбекстан президентінің көмекшісі Турсинхан Худайбергенов бастаған арнайы делегация Түркістан облысының Сардоба су қоймасының жарылуынан зардап шеккен аудандарына барды.

Өзбек делегациясы топан су басуының салдарымен танысып, оларды жоюға қажетті шараларды анықтады деп хабарлады Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. Нәтижесінде өзбек тарабы Түркістан облысына 209 құтқарушы мен 169 құтқару техникасын жіберді.

1 мамырда таңға жуық Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасындағы бөгет бұзылып, 22 елдімекенді су алды. Ол жақтан 70 мың адам көшірілді. Кемінде төрт адам қайтыс болып, біреуі із-түссіз жоғалып кетті.

Су апатынан Қазақстан өңірі де зардап шекті. Түркістан облысының Мақтарал ауданында 845 үй, 3 мектеп, 5 балабақша, 4 медицина ғимараты мен мәдениет үйі және 54,7 км көпір мен жолды су алған. Мұнан өзге 7639 га егістік су астында қалды.

Қазақстан билігі су апатынан 404 миллион теңге (1 млн долларға жақын) шығын келді деп отыр.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434