Бейсенбі, 10 Қазан 2024
4201 6 пікір 7 Мамыр, 2020 сағат 21:35

Алматы облысында 238 ҰОС ардагеріне арналған ескерткіш жөндеуден өтеді

Жеңістің 75 жылдығына орай Алматы облысындағы 238 ҰОС
ардагеріне арналған ескерткіш жөндеуден өтпек. Бастама облыс әкімі
Амандық Баталовтың тікелей тапсырмасымен «Рухани жаңғыру»
мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бұл мақсатта
облыстық бюджеттен 150 миллион теңге бөлінген. Биыл 119 ескерткіш тақта
қайта және күрделі жөндеуден өтпек.

«Алматы облысында жалпы саны 2363 тарихи және мәдени ескерткіш
бар. Оның 238 ҰОС ардагерлерінің құрметіне қойылған. Біз батыр
бабаларымыздың ерлігін мәңгі есте сақтау үшін соғыс ардагерлерінің
құрметіне қойылған монументтер мен ескерткіштерді қорғап, ұрпақтан-
ұрпаққа аманат етіп қалдыруымыз қажет», - деді Алматы облыстық
мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен
Көлбаев.

Елдегі карантиндік жағдайға байланысты Жеңістің 75 жылдығына орай
ұйымдастырылған барлық іс-шаралар онлайн режимде өтіп жатыр. Мәселен,
мамырдың басынан бастап 2 мыңға жуық концерт пен тікелей эфир өтті.
Сонымен қатар, музейлерге онлайн саяхат, кітап көрмелері мен тарихи
сабақтар ұйымдастырылды. Ал, облыстық ардагерлер ұйымының ұйытқы
болуымен «Отан үшін от кешкендер» атты кітап жарық көрмек.
Айта кету керек, ҰОС ардагерлерін онлайн құттықтау шарасын
алғашқы болып Жетісулықтар атқарды. Әлеуметтік желіде сауда
орталығында «майдан шебінде» айтылған әндер орындалып, оқырмандардың ықыласына бөленді.

Төтенше жағдайға байланысты биыл жеңіс күні дүбірленіп тойланбаса
да ауқымды шаралар атқарылмақ. Мәселен, сол күні тұрғындар «День
победы» әнін бір мезетте орындап рухты асқақтатса, тағы бірнеше нысанда
«9» және «75» айтулы санымен жарық жағылады.

;feature=youtu.be

Айман Асыл

Abai.kz

6 пікір