Сенбі, 23 Қараша 2024
2336 3 пікір 8 Мамыр, 2020 сағат 11:19

Саакашвили Украина реформалары кеңесінің атқару комитетін басқарады

Украина президенті Владимир Зеленский Одесса облысының бұрынғы губернаторы және Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилиді Украинаның реформа мәселелері жөніндегі ұлттық кеңесі Атқару комитетінің басшысы етіп тағайындады. Президент қаулысы бейсенбі күні жарияланды.

Зеленский Саакашвилиді қызметімен құттықтап, ел тіршілігіне елеулі өзгерістер әкеледі деген сенімін білдірді.

Реформа мәселелері жөніндегі ұлттық кеңес 2014 жылы құрылған.

Бұған дейін Михаил Саакашвили үкіметтен қызмет ала алмайды деп хабарланған еді. Владимир Зеленский бұрынғы губернаторға реформалар мәселелері жөніндегі вице-премьер қызметін ұсынған. Бірақ мұндай ұсынысты "Слуга народа" парламенттік фракция сынап, сонымен бірге Грузиямен арада халықаралық жанжалға ұласа жаздады.

Ақпарат құралдары Саакашвилиді вице-премьер қызметіне тағайындауға Радада дауыс жеткіліксіз екенін хабарлаған.

Тбилиси Саакашвилиді елге экстрадициялауды талап етіп отыр, сол себепті оның вице-премьер қызметіне тағайындалуы Грузиямен арадағы қарым-қатынасқа сызат түсіреді. Грузияда саясаткердің үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435