Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 7627 0 пікір 1 Қараша, 2011 сағат 04:26

Ардақ Нұрғазыұлы. Қас батыр, Ван Гог және үш кісілік одақ (жалғасы)

Ең әуелі айтарымыз, жыр еркін жазылған. Бұл бостандықтың белгісі. Идеологияның қатаң ноқта-жүгенімен қаңтарылған 1991 жылдан бұрынғы Кеңес қазақ әдебиетінің поэзияға қойған талап-талғамы, түсінігі бойынша өлеңде ең алдымен бәрін көзге көрсетіп тұратын нақты форма болуы керек. Партия өзін қалай тұйық ұстаса, басқаларға дәл соның керісінше барынша ашық болу талабын қоятын. Ақындар саналы не бейсаналы түрде өлең үшін ғана емес, форма үшін де ұйқас жасауға міндетті бола беретін. Тәуелсіздіктен соң 18 жылдан кейін жазылған жоғарыдағы жырда жан-дүниені шеңбектеген ондай бұғау дегенің атымен жоқ.  Бұл жолдар бостандықтың рухта, өнерде, қала берді мәтінде белең беруі. Бұндай бостандыққа шығу Кеңес қазақ әдебиеті үшін  оңай болған жоқ. Көптеген ақындар Тәуелсіздіктен кейін өлең жаза алмай қалды, жазса да кешегісін қайталаудан ары аса алмады. Әу бастағы қарақұрым шаңнан бой жазып сытылып шыққан ақындар да болды. Әне, солардың бірі Жәркен Бөдешұлы еді. Жоғарыда біз «Жалғыз» поэмасына дейін ақын он жылдай уақыт жұмсады деген болатынбыз. Сол сөздің мәнін де осы тұстан табамыз. Өткен он жыл бойында Жәркен Бөдешұлы өзінің Жаңа поэзиясын іздеумен болды. Осы жылдарда оның қаламынан онға тарта поэма, жүздеген өлең туды. Олардың ішінде сәтті шыққандары да, кеміс қалғандары да болды. Бірақ, үздіксіз жалғасқан шығармашылық ізденіс ақынды үзбей толғаныста ұстады. Бұл түйіннің маңызы зор.

Ең әуелі айтарымыз, жыр еркін жазылған. Бұл бостандықтың белгісі. Идеологияның қатаң ноқта-жүгенімен қаңтарылған 1991 жылдан бұрынғы Кеңес қазақ әдебиетінің поэзияға қойған талап-талғамы, түсінігі бойынша өлеңде ең алдымен бәрін көзге көрсетіп тұратын нақты форма болуы керек. Партия өзін қалай тұйық ұстаса, басқаларға дәл соның керісінше барынша ашық болу талабын қоятын. Ақындар саналы не бейсаналы түрде өлең үшін ғана емес, форма үшін де ұйқас жасауға міндетті бола беретін. Тәуелсіздіктен соң 18 жылдан кейін жазылған жоғарыдағы жырда жан-дүниені шеңбектеген ондай бұғау дегенің атымен жоқ.  Бұл жолдар бостандықтың рухта, өнерде, қала берді мәтінде белең беруі. Бұндай бостандыққа шығу Кеңес қазақ әдебиеті үшін  оңай болған жоқ. Көптеген ақындар Тәуелсіздіктен кейін өлең жаза алмай қалды, жазса да кешегісін қайталаудан ары аса алмады. Әу бастағы қарақұрым шаңнан бой жазып сытылып шыққан ақындар да болды. Әне, солардың бірі Жәркен Бөдешұлы еді. Жоғарыда біз «Жалғыз» поэмасына дейін ақын он жылдай уақыт жұмсады деген болатынбыз. Сол сөздің мәнін де осы тұстан табамыз. Өткен он жыл бойында Жәркен Бөдешұлы өзінің Жаңа поэзиясын іздеумен болды. Осы жылдарда оның қаламынан онға тарта поэма, жүздеген өлең туды. Олардың ішінде сәтті шыққандары да, кеміс қалғандары да болды. Бірақ, үздіксіз жалғасқан шығармашылық ізденіс ақынды үзбей толғаныста ұстады. Бұл түйіннің маңызы зор. Тау басынан төмен домалаған қардың етекке түскенше жолындағының бәрін жиып, үздіксіз ұлғайып, дүлей күшке айналып кететіні сияқты, ақынның рухани дүниесі де үздіксіз ұлғаю, барынша көп, кең дүниені шарпи отырып жаңа бір өнер туындысын жасақтауға қарай бет түзеген. Міне, осы тұста ақын әлгі өзі көптен іздеген, аңсаған есігін тапқан.

Жоғарыда келтірілген жырдың алғашқы тоғыз жолы бір мазмұн ретінде оқырманға «жаралы арқар» мен «оқ» деген бір-біріне қатысы бар түсінікті сыйлайды. Бұның артында ерлік, қайсарлық, жиып келгенде, батырлық тұр. Ақын онан кейінгі жолдарда батырлықтың тегін ұлы рухтан іздейді. «Тамыры шынжыр болаттан» тұрған алып бәйтерек сана көгіне көтеріледі. Келесі жолда батырдың өзі ортаға шығады. Ол - Батыр Баян. Бұл жерде Батыр Баян ақын санасындағы барлық қас батырлардың өкілі ретінде тұр. Оның орнына басқа батырды қоюымызға, айталық, Жоһар Дудаевты атауымызға әбден болады. Батырлардың иілмей, қасқайып тұратыны тіпті өлгенде де бойын бүкпей құлайтыны (Қажымұрат сияқты) бізге өте таныс көрініс. Қазақтар бұны «еңсесі биіктік» деп бағалайды. Түркі тектілер үшін көктен қалса, отбасы - шаңырақтан биік, еңселі дүние жоқ. Шаңырақты көтеріп тұрған уықтың «рух» болатын қадір-қасиеті де міне осында. Ақын поэмасының кіріспесінде бәйтеректен басталып, шаңыраққа ұласқан асқақтықты жиып келіп бесіктен белін буып шығатын Ана тілге апарып бір-ақ тірейді. Бұл бөлекті ақынның шабыт шақыруға жасаған тұздығы деуімізге де болады. Өлең содан кейін шындап басталады:

 

Жоңғар құмын омбылап, Сары-Арқаға жеткенше -

Қияметтей жол жүрдім.

Өкпемді қарып ыстыққа, жүректі аяз, тоңға ұрдым.

Адамша ерлік жасадым, бұралқы иттей болдырдым.

Өмір сүрдім дегенім - тырағай тірлік, тірі егес.

Тек өлген соң боламын құбылмалы құр елес.

Алабөтен тағдырым Такламакан шөліндей жазы ыстық, қысы аяз.

Қабірімнің басында сексеуіл өсер, гүл емес...

Жалғыздыққа сүйенген Мен де жалғыз арқармын.

Жалғыз өлең дарыса жүректегі тарқар мұң.

Жырдың уы бойыма жайылғанда өлермін,

Өзі айтады үкімін келер ұрпақ, келер күн.

 

Бұл енді жоғарыда айтып өткен үш жалғыздың біреуі, өмірдің асу-асу белдерінен асып, тірі келе жатқан ақын - Жәркен Бөдешұлының өз портреті. Алғашқы алты жолда ақын айна-қатесіз өзі туралы жазады. Күні кеше ақын дәл осы тақырыпты кеңейтіп поэма етіп те жазған болатын. Келесі екі жолда ақын санасы басқа Жәркен Бөдештерді шарлап өтеді. Олар - шекараның ар жағында қалған, Жәркен Бөдештің замандас ағалары, тұстастары, інілері - өткен ғасырдың 60-70-нші жылдарында Қытайда алды атылып, арты 25, 20 жылдан сотталып, Такламакан шөліндегі жаза лагерьлерінде қалған ақын-жазушылар. Айталық Қажығұмар Шабданұлы, Омарғазы Айтанұлы, Задахан Мыңбайұлы, Оразхан Ахметұлы, Мағаз Разданұлы, т.т. Қаласақ бұл тізімдікті он емес, жүзге дейін созуға болады. Бұдан кейін Жәркен Бөдешұлының жалғыздығы жаңа мағына алуға тиіс. Енді ол ерекше дәуірдің куәгері ретінде де жалғыз деген сөз. Ендеше жалғыздық деген сірә не өзі? Ақын поэманың келесі үшінші бөлегінде бірден осы тақырыпты ашуға көшкен, шығарманың өзіндік кескін-келбеті де, болмысы да  осы жерден көрнеуге шығады.

 

Бұл жалғанда кім жалғыз?!

Ақ борықтай Ай жалғыз, айдан нұрлы Күн жалғыз.

Жарқырап тұрған шолпан да жалғыздығын сезінер,

Таң алдында көз ілер...

Жыр боп мәңгі жасарға, Абай жалғыз қашанда...  ...

 

Жоғарыда біз Жәркен Бөдешұлы өзінің Жаңа өлеңін ұзақ іздеді және оны тапты деген болатынбыз. Осы сөзімізге дәлел ретінде поэманың жоғарыда басталған екінші бөлегі мен келесі үшінші бөлегін атауымызға болады. Бұл екі бөлек жырдағы көзге ұрып тұрған ерекшелік - онда қатып қалған форма жоқ, оның орнына өзіне тән форма бар. Ол форма ырғақ - музыка. Француз ақыны Малерме кезінде поэзия түптің түбінде музыкаға жақындауы керек дегенді айтқан болатын. Символистердің сонда көздегені алуан түсті бояудан, симфонияға ұласқан әуеннен, телегей-теңіз мазмұннан тұратын бір әлемді кескіндеу болатын. Бұл ой кезінде асыра сілтеушілік деп қаралып, көптеген таластар тудырса да, XX ғасырда өлеңде жетістікке жеткен ақындардың оның әсеріне ұшырамағаны кемде-кем. Символистердің жоғарыдағы талабын бір ауыз сөзге жинақтар болсақ, ол «өлеңнің тығыздығын арттыру» болып шығады. Өлең бірсыдырғы, жалаң көріністі емес, қайта қатпарлы, құйқалы болу үшін не істеу керек? Ол үшін символистердің ескертпесін ескермей болмайды. XX ғасыр әлем әдебиетінде өлеңнің тығыздығы мәселесін ең қарапайым жолмен тамаша шешкен ақынның бірі - 1987 жылғы Нобель сыйлығының иегері, АҚШ қарастылығындағы орыс ақыны И.Бродский. Оның «Ж.Донды жоқтау жыры» - тығыздығымен дараланып тұратын туынды. Бұл өлеңде И.Бродский «ұйқыда» деген сөзді іліп алады да, оны топса ете отырып, елу реттен артық қайталап қолданып «ұйқыданың» екінші мағынасын іздейді.

 

Джон Донн уснул, уснуло всё вокруг.

Уснули стены, пол, постель, картины,

Уснули стол, ковры, засовы, крюк,

Весь, гардероб, буфет, свеча, гардины.

Уснуло все. Бутыль, стакан, тазы,

хлеб, хлебный нож, фарфор, хрусталь, посуда,

ночник, белье, шкафы, стекло, часы,

ступеньки лестниц, двери. Ночь повсюду...  ...

«Большая элегия Джону Донну»

 

Түптеп келгенде, поэзияның өзі сөздің осы екінші мағынасын іздеу. Жәркен Бөдешұлы да поэмасының екінші, үшінші бөлегінде «жалғыздық» дегенді қалқып алады да, осы сөздің екінші мағынасын іздейді. Бұнда ақын ырғақ, әуенге сүйене отырып (бұл - симвлистердің басты талаптарының бірі) қайталаулар, үстеулер жасайды. Оқиық:

 

... Жалғыздықтың азабын Шәкерімдей тартқан кім?

Жалғыз құдық түбінде жалғыз қурап жатқан кім?

Жалғыз таудың қуысын жалғыз қажы паналап,

Жалғыз балға. Төрт таға. Жалғыз атын тағалап.

Тобылғы сап, жез бунақ, жалғыз қамшы сабалап...

Жалғыз қыстау. Жалғыз меңіреу тас үйде:

Жалғыз шырақ. Жалғыз төсек. Жалғыз жастық.

Жалғыз қыран. Жалғыз құман. Жалғыз шаршы жайнамаз. ...

 

Бұл арадағы қайталау бізге (оқырманға) әсте жайшылықтағы қайталаулардай қарабайыр сезілмейді. Себебі оның тегінде музыка, әуен жатыр. Біз біріншіден, сөздің өз мағынасын емес, екінші мағынасын қабыл аламыз. Одан қалса, әуенге берілеміз.  Егер кімде-кім поэманың осы екі бөлегіндегі мазмұнды таратып жазар болса, оның том-том кітап жазарында дау жоқ. Бұл жерде өлеңнің биік поэзиялық деңгейге көтеріліп кеткеніне, соның арқасында ақын «жалғыз» деген сөздің анықтамасын шексіз кеңдікке соза алғанына куә боламыз.

(Жалғасы бар)

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320