Дүйсенбі, 30 Қыркүйек 2024
46 - сөз 4774 8 пікір 8 Мамыр, 2020 сағат 13:40

Карантин кезінде Мәжіліс жасаған өзгерістер

Бізді билік карантинге «қамап» қойып, осы уақыт ішінде Мәжіліс Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ұсынысымен мынадай шаруалар жасап тастапты:

-Қылмыстық кодекстегі жала жабу туралы 130-бапты қылмыстық кодекстен алып, әкімшілік кодекске ауыстырды, яғни бұл бап бойынша енді қылмыскер атанбайсыз;

-Араздық тудыру туралы 174-бапты да өзгертіп тастады, қамау жазасының орнына айыппұл енгізіпті;

-Осы бап бойынша жазасын өтеп шыққандарды қаржылық қара тізімнен шығарды;

-Митингілерді рұқсат сұрамай, тек хабарлау арқылы өткізе беретін етіп тастапты;

-Партия тіркеу үшін қажетті межені 40 мың адамнан 20 мың адамға төмендетіпті;

-Партиялардың тізімінде жастар мен әйелдердің үлесі кемі 30 пайыз болуын міндеттепті;

-Парламенттегі опоозиция туралы заң қабылданды;

-Ел тарихында алғаш рет Ардагерлер туралы заң қабылдады;

Мұхтар Тайжанның әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

8 пікір