Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5212 0 пікір 1 Қараша, 2011 сағат 05:21

Қасіретімен қастерлі қайран ақын...

Ол Алматыға келмей-ақ ақын болып өмір сүрудің өнегесін жайды. Саяқ еді өйткені. Тоқпақ жалды топтың ортасында тұрса да ілкі бір сәттердің күйін аулап іңір қараңғысына ілінген жандай томаға тұйық көрінетін.  Сол томаға тұйық қалпында атақ мансапқа, ат шапанға ақындығын айырбастамай дүниеден озды. Әбен аға Дәуренбек... Кешегі өткен Тұмағаңдардан бір кем жыр жазбай қазақ поэзиясының аламанында қара үзіп шапса да орталық басылымдарда өлеңдері аса көп жариялана  бермепті. Сондықтан  Әбен ағаның қазасы туралы мына бір хабарды оқыған жас "Бұл кісі кім еді?", "Қандай ақын еді?" деп жатса, оған, еш өкпеміз жоқ. Бірақ Әбекең талапкер жас ақындарға "мені іздесең тереңнен ізде, өз жаныңның түкпірінен ізде" деген сертімен дүниеден озды.

Өмірде өлеңнен ғана шуақ тапқан ақын жарынан ерте айрылып, үш қозысын жетектеп жүріп өсірді. Тірліктің теперішін көрудей-ақ көрді. Алайда жасып-жадағанын жұртқа білдірген емес. "Айналайындар, дүкенде нан болса болды, әйтеуір дүкенде нан бар ғой" деп күлімсіреп тұратын еді-ау үнемі. Қайран ақын, жамау қазанға жабыла төнген балаларын басқаша қалай алдарқата алсын?.. Мына жолдарға қараңыз:

Көлеңкесін ұзартып сүйірленген,

Көктем лебі көңілін үйірмеген.

Кәрі жілік секілді қайран өмір,

Көгеремін дейтіндей

биыл немен?!

(Ә. Дәуренбеков. "Кәрі емен")

Ақын өмірі, әрине, желпініссіз, желіксіз өтпейді. Әбен ағаның ғаламат достары болды. Сол жан қимас асыл достардың аяулысы  - Жұматай Жақыпбаев еді. Жұмағаң мен Әбен ағаның әзіл жарастырып айтқан сөздерін талдықорғандықтар бас қоса қалса, еске алмай тарқамайды. Бірде Әбекең шалқып келе жатып қасындағы Жұматайға:

- Әй, Жұматай, анау тұрған менің үйім, анау гастроном. Енді осыны ұйқастыра қойшы, - дейді. Сонда Жұмағаң жұлып алғандай етіп:

- Үйіңнің асты да дом, үсті де дом,

Жаныңа тиіп тұр ғой гастроном, - деген екен.

"Айналайын, Гүлзадам,

Арнайын саған бір жаңа ән.

Әкең сенің - экспорт,

Поштамен келген Құлжадан", - дейтін жолдарды да Жұматай Жақыпбаев Әбен ағаның бір кездегі берекесі шалқыған үйінде отырып айтыпты. Гүлзада - Әбен ағаның тұңғышы. Әбекеңнің Құлжадан келгені де рас. 1939 жылы Шығыс Түркістан (ҚХР) өлкесінің Жарсу деген жерінде туған.

Жарқабақтанған жалғанның жарығында әлдебір ардақтысын, атар таңын сарыла күткендей  күрсініспен күндерін өткерген  ақын аға бұ дүниеге қол бұлғапты. Сонысын білгендей соңғы жырларының бірінде былай депті:

Болмасам да осып түсер қамшыгер,

Өтіп кетсем: «өзен», - дер ел,

«тамшы» - дер,

Жұбата алмай, жылатады-ау, жұртымды,

Өлеңімді әлдилеген әншілер.

Қош айтыстым ұйқыңмен де, күлкіңмен,

Сонда-дағы бір түн тәтті бір түннен.

Қасіретімен қастерлеген жаныңды,

Тіршілігім, неткен ғана сүйкімді ең?

Есті жылым!

Қош, есен бол көргенше,

Жаңа жылды қарсы алайын мен де елше.

Пенде болып жүре тұрам, қайтемін,

Періштелер: «Керексің», - деп келгенше.

Хош, бол ғазиз аға! Енді сенің өлең деген мәңгілік өмірің басталды. Соны көңілге медет тұтамыз.

"Абай.кз" ақпараттық порталының ұжымы

P.S. Әбен Дәуренбеков «Таң», «Мөлдір тамшы», "Тамшыбұлақ», «Балконнан ұшқан көгершін», «Мамыр айы» атты жыр жинақтарының авторы. Алматы облысы, Панфилов ауданының Құрметті азаматы.

Әбен ДӘУРЕНБЕК:

Жан жарасы, кімге жұмбақ, кімге аян,

Жасыдым деп жұртқа қалай сыр жаям.

Көмейімде көп жасаған жалғыз сөз,

Жүрегімде жүз құбылған бір баян.

Домбырамен достаспаған жыр-терме,

Додаға сап, түсірді әбден құр терге.

Талай күйші таппай кеткен сиқырлы үн,

Талай саусақ дөп баспаған бір перне.

Минөт сайын ми қабығын мың қажап,

Тағдырына тартқызатын күнде азап.

Қалт-құлт етіп кемем кетіп барады,

Жанарында дүниенің бір ғажап.

***

Күнде салған тазысын кім сонарға,

Білдірмеген боласың сынса да арба.

Жапалақпен жарыспай жар жағалап,

Қыран болып тумай ма, білсе қарға.

Айың күліп тусын ба күнде оңынан,

Бір қуансам, мың жылап, мың қорынам.

Алакеуім шақта да адастырмас

Жаманатқа жақынын кім жорыған?

Дүниенің әлдебір қуысында,

Қиналасың түскендей ұлы сынға.

Тәлейлі де тәлейсіз тағдырым бар,

Зымыраған уақыттың уысында.

Шалдықтырып, шаршатып тың денені,

Аңыратып жылдан соң жыл келеді.

Қырдан асып барады киік-арман,

Оның дағы бар шығар бір дегені.

***

Бүрлемеген, көгеріп гүлдемеген,

Кәрі еменнің қасына күнде келем.

Жапырақсыз, жабусыз жалаң ағаш,

Қарсы алады қалпында үндемеген.

Үндемеген қалпында қарсы

алады,

Жабағыдай жалбырап әр сабағы.

Ақ боранмен алысып, ақ дауылмен,

Көрініп төр қалжырап, шаршағаны.

Қарайтындай ынтығып тау-шыңдарға,

Етек-жеңі келмейді қаусырғанға.

Қаз дауысын, жайдары жаз дидарын,

Күте-күте тағаты таусылған ба?

Көлеңкесін ұзартып сүйірленген,

Көктем лебі көңілін үйірмеген.

Кәріжілік секілді қайран өмір,

Көгеремін дейтіндей

биыл немен?!

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321