Сенбі, 23 Қараша 2024
2351 0 пікір 10 Сәуір, 2020 сағат 17:16

Қазақстан конфессия аралық келісімнің жарқын үлгісін көрсетуде

Қазақстан өз тәуелсіздігін алған соң, барша жаһанға этносаралық және конфессия аралық келісімнің бірегей үлгісін көрсетті. Әлемнің бірқатар елдерінде туындаған конфессия және этносаралық қақтығыстар қазақстандық тәжірибенің қаншалықты маңызды екенін айқындап берді. Ал, Қазақстанның бас қаласы Астананың әлемдік дін лидерлерінің келіссөз  алаңы болуы да осы сөзімізді айғақтай түссе керек.

Әлемдік тәжірибе дәлелдеп отырғандай, бүгінде жаһанда қақтығыстар мен соғыстардың себебі - түрлі дінге, конфессиялар мен мәдениетке жататын түрлі қоғамдастық өкілдері арасында тиісті өзара түсіністіктің болмауы. Алайда, діндер мен рухани құндылықтар өркениет пен мәдениетті қалыптастырғаны рас.Демек, бұдан адам өз отбасында, қоғамда, қоршаған ортада өмір сүре отырып алатын құндылықтар мен білім тасымалдаушысы.

Өзара келісім мен түсіністіктің болмауынан мәдени құрылымдарды және зираттарды ойрандау, қоғамаралық қақтығыстар, карикатуралық даулар, басқа жеке тұлғаның рухани құндылықтар тәртібін қабылдамау, түсінбеу, көшіп келгендер мен басқа дін өкілдеріне қатысты ішкі қауіп сияқты діни тұрғыдағы қақтығыстар табиғаты жасырынып жатыр.

Сонымен қатар, әлемде террор мен діни экстремизм қаупі де асқынып тұр. Олар діннің қасиетті ұстанымдарын басқаша бұрмалап,адамдар арасында дау мен сенімсіздік туындатып, азаматтарды агрессиялы ойларға жетелеуде.

Дінаралық және мәдениет аралық даулар мен қақтығыстардың ушығуына орай, сондай-ақ аталған мәселелер жаһандық сипатқа ие болғанына байланысты, әлем бүгінгі күні осы проблема факторларының мәнін белсенді зерттеп, оларды шешу жолдарын іздестіріп келеді.

Бұл тұрғыда Қазақстанның тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы үлкен қолдау тауып отыр. Елбасы қазіргі заман тарихында алғашқылардың бірі болып дінаралық және өркениетаралық келіссөзді алға жылжытумен айналысты. Қазір басқа елдер де Елбасының осы бастамасына өз үлестерін қосқылары келеді. Қазақстан халықаралық құқық субъектілерінің арасында бірінші болып өзіне жауапкершілік жүктеді. Сондай-ақ, іс жүзінде түрлі әлемдік және дәстүрлі дін мен конфессиялар лидерлері арасында келіссөздерді алға жылжытумен айналысты.

Алғаш 2003 жылы Қазақстан Елбасы Н.Назарбаевтың осы бастамасы негізінде әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің алғашқы съезін өткізіп, әлем халықтары арасында рухани жақындау процесін бастады.

Аталған бастамаға кейіннен Қасиетті Эджидия қоғамы, Испания мен Түркияның бірлескен бастамасы ретінде туындаған Өркениеттер альянсы – форумы, Дохада дінаралық келіссөз конференциясы, Мадрид халықаралық форумы, Мекке халықаралық мұсылмандар конференциясы және тағы басқа дінаралық, мәдениетаралық және өркениетаралық келіссөз бен өзара түсіністікті қалыптастыру мен алға жылжыту мақсатын көздейтін басқа да форумдар қосылды. Бейбітшілікті көздейтін ұйымдардың осы қатарында ерекше атап өтуге тиіс - Астана қаласында өтетін әлем және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі ерекше орын алатыны белгілі.

Ал, осы сьезден Қазақстанға қандай пайда бар деген сауал туындайтыны белгілі.

Жалпы, біздің ел адамзат тарихында өркениеттен ешқашан қалыс қалып көрген емес.Ұлы Жібек жолы Қазақстанның қазіргі аумағы бойынша өтетін және Шығыс пен Батыс, Солтүстік пен Оңтүстіктің өзара мәдени және рухани баюының арнасы ретінде қызмет етті. А.Македонскийдің Эллилік өркениеті біздің даламызға жетті, батыс еуропалық саяхатшылар Марко Поло, Плано Карпини мен Гильом Рубрук монғол империясының астанасына дейін біздің аумақ арқылы өтті,Будда оқулары мен ислам әлемінің ғылыми жетістіктері Қытайға және Шығыс Еуразияның басқа бөліктеріне Орталық Азия аумағы арқылы жетіп жатты.

751 жылы бір жағынан Аббасид халифаты мен Түргеш қағанатының арасында және Таң Қытайы әскерінің арасында болған Талас соғысы Орталық Азия тарихына үлкен әсер етті. Біздің өңірде мәдениет пен рухани құндылықтардың көтерілуіне үлкен әсер етіп, біздің өңірде ислам діні бастау алды. Келешекте Қазақстан деп аталатын ауқымды аумақта Фараб, Испиджаб (Сайрам), Сығанақ, Сауран, Сарайшық сияқты басқа да қалалар тұрғызылып, дамып гүлденді. Әл-Фараби бастаған ғалымдар шоғыры әлемдік ғылымға баға жетпес үлес қосты.

Ал, қазіргі XXI ғасырда әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі әлем мен жеке Қазақстанға не берді?

Бұл халықаралық шара - дінаралық және өркениетаралық келіссөзді алға жылжыту бойынша алғашқы саммиттердің бірі болды. Съезд рухани құндылықтардың жаһандық өзара кірігуі, адамдар санасында адамзаттың дәстүрлі діндерінің қасиетті идеалдарын насихаттау мен нығайту процесінің елеулі қозғалтқыштарының бірі болды.

Съезд алғаш рет бірнеше ғасырлық діни оқуларына, надандық, экстремизмдік және террор идеологиясына шырмалғандарды адамзаттың асыл идеяларымен қарама-қарсы қойды. Бұл тұрғыда Хакім Абайдың «Адамшылықтың алды- махаббат, ғадәләт, сезім» деген сөзін еске алу қажет.  Шынымен барлық уақытта әлем осы құндылыққа сүйенді, адамзат қоғамында махаббатқа, әділдік пен жоғары сезімдерге орай бейбітшілік пен тұрақтылық, әл-ауқат артуы мен даму қалыптасты.

Осыған дейін болып өткен дін лидерлерінің съезінде ислам, христиандық, иудаизм, буддизм, синтоизм, даосизм және қалған дәстүрлі дін басшылары мен көрнекі өкілдері қатысты. Олар қоғам мен халықтардың рухани жақындасуы бойынша қызықты да мазмұнды әңгіме өрбітіп, бірлескен декларациялар қабылданды және қарапайым азаматтар, елдер мен халықтарға арналған рухани лидерлер баяндамалары тыңдалды.

Жиын шеңберінде түрлі дін мен конфессиялар өкілдері арасында байланыс нығая түсті. Діни қауымдастықтар арасында сенім мен өзара құрмет артуына септігін тигізді. Осылайша Қазақстан әлем қауымдастықтарын мейірімді бастамаларға итермеледі, әлемнің түрлі бұрыштарында адамдар жүрегінде құрмет пен қолдауға ие болды.

Дінаралық келіссөзді дамытуға қосылған үлес біздің елдің ұлттар қоғамдастығында беделін арттырды, жаһандық құрылымдарда Қазақстан өзінің мейірімді бастамаларымен және экономикасы қарқынды дамыған, өзара түсіністік пен өзара құрмет негізінде жұмылған қоғам ретінде таныла бастады.

«Дін және мультикультурализм» тақырыбының негізінде діндер, конфессия, нәсіл, мәдениет пен география өкілдерінен тұратын қазіргі заман қоғамының даму мәселелері талқыланды.

Осы күндері съезд жұмысына ТМД мемлекеттерінен, Таяу Шығыс, Азия, Африка, Еуропа елдері мен Америкадан әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері мен өкілдері жоғары баға беруде.

Мұндай жиын планетамызда өзара құрмет, өзара түсіністік пен келісім қамтамасыз етуде шынайы үлес қосады және халықаралық аренада діни форумға деген қызығушылық, сондай-ақ оның күн тәртібі мен дайындалу барысы кезекті әлем және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі өзінің аса маңыздылығымен есте қалады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502