Сенбі, 23 Қараша 2024
2002 0 пікір 24 Сәуір, 2020 сағат 21:02

«Nur Otan» төтенше жағдай кезінде онлайн қабылдау өткізді

Қазақстан Республикасы халқының аса сенімді саяси ұйымы саналатын «Нұр Отан» партиясы еліміздің саяси-әлеметтік мәселелерін дұрыс жолға қоюда аса маңызді рөр атқарады. Жиырма жылдан астам уақыт бойы Қазақстан халқы үшін қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан партияның жұмысына бес деген баға беруге тура келеді. 

Бәріміз білетіндей, өткен жылы 27 ақпан күні сол кездегі Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өткен болатын. Бас партияның 20 жылдығына орай ұйымдастырылған съезде халық тұрмсы үшін аса пайдалы бірқатар шешімдер қабылданғаны есімізде. Партияның 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасымен қатар, азаматтарды жан-жақты қолдау бағдарламалары қабылданды. Елдегі көпбалалы аналарды қолдау, оларға жәрдем ақы төлеу, баспанамен қамту мәселелері де дәл осы жиналыста бір арнаға тоғыстырылған болатын.

2020 жыл адамзат балсы үшін абыр-сабыр қиындықтармен басталды. Әсіресе тұтас дүниені шарпыған коронавирус парндемиясы елдің бәрін аяғынан тік тұрғызды. Осы қатарда біздің елде де бірқатар мәселелер туындағаны шындық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елде сақтық шаралары ұтымды жүргізіліп жатыр. Әсіресе елде вирус жұқтырған алғашқы жағдайлар анықтала сала, төтенше жағдай жарияланып, жалпыхалықтық карантин енгізілді. Осының бәрі вирустың таралу барысын барынша тежежеді деуге болады.

Бірақ тұрғындар үшін тағы бір мәселе, карантинде жатқан көп адам жұмыстан уақытша шеттетіліп, тұрақты табысынан айырылып қалды. Сөйтіп, кейбір жерлерде күнделікті тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз етудің өзі қиындық тудырған сәтер орын алды. Осыған байланысты ел азаматтарына көмектесу үшін алғашқы болып бас партия «Nur Otan» партиясы атқа қонды. Табысынан айырылғандарға қаржы үлестіріп, қарыны ашқанға азық-түлік жеткізіп берді. Қысқасы қиналған халықтың қолтығынан демеп, қасынан табылды.

Біз бұл сөздерді бос мақтан үшін айтып отырған жоқпыз. «Бізбіргеміз» қоғамдық қоры бірнеше жүз мың отбасыға айына елу мың теңгеден әлеуметтік көмек таратып, миллиондаған адамға азық түлік жеткізіп беріп жатқанын бұқаралық ақпарат құралдары күнде жазып жатыр. Қиын күндерде қасынан табылатын «Nur Otan» сынды партиясы бар халықтың мың алғыстан басқа айтары жоқ деп ойлаймыз.

Әрине «Nur Otan» партиясы бұл ұшан-теңіз жұмыстарды халықпен етене жақын жұмыс істей білгендіктен ғана атқарып отыр. Егер халықтың үнін тыңдамаса, оларға не керек екенін білмесе, мұндай игілікті істердің басынан табылмас та еді. Біздің қазіргі айтпағымыз, «Nur Otan» партиясының елдегі ішкі жағдайды қиын-қыстау күнде де амалын тауып тыңдай білгені болып отыр. Партия елдің мәселесін онлайн жүйеде тыңдап, әр істің оң шешімін тауып отыр.

Бас партияның барлық өңірлердегі ресми өкілдері жергілікті тұрғындардың сан сауалына түрлі әлеуметтік желілер арқылы жауап беріп жатыр. Тікелей эфирге қосылған халық көкейіндегі көп сұраққа тікелей жауап алуға мүмкіндік алды. Көпшілікті алаңдатқан басты мәселе төтенше жағдай кезінде қосымша әлеуметтік көмекті қалай алу мәселесі болды. Әрі осы сұрақтарын тікелей эфирде партия жауаптыларынан сұрап білді.

Мәселен «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Гүлбахор Садықбаева өткізген тікелей эфирге әлеуметтік желіде екі мыңға жуық адам қосылды. Тікелей эфир барысында жиыны төрт жүзден аса түрлі сұрақ қойылды. Бұл сұрақтардың көбі ел үкіметі үлестіріп отырған әлеуметтік көмектерді қалай алуға болады дегенге саяды.

Көпшілікті мазалаған бұл сұрақтарға «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Гүлбахор Садықбаева жауап берді:

-балам екінші топ мүгедегі, елу мың беріле ме?, дейді.  50 мың теңге бірінші топ мүгедектеріне беріліп отыр Түркістан қаласы бойынша. Жалпы жеті категория бойынша беріледі. Тұл жетімдерге осы 50 мың теңге біз екінші траншпен арнайы дайындадық. Ол бойынша 4 600-ден астам адам келесі айда бұл көмекті бір реттік алатын болады. Қаржылай көмек алу жолдарына қызылордалықтарда қызығушылық танытты. Бір жарым сағатқа созылған байланысқа 3 мыңға жуық адам қосылып өз сауалдарын жолдады. Партияның облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары республикалық қордан бөлінген қаржы тағы жеті мыңнан астам отбасыға берілетінін хабарлады. Шамамен 14 мыңнан аса мұқтаж азамат бұл көмекке үмітті, - деді.

Ал өз кезегінде «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова бір Қызылорда облысының өзінде халықты қолдау мақсатында 82 миллионға жуық қаржы тартылғанын мәлімдеді.

- Жергілікті жерде, аудандарда филиалдар жұмыс жасап жатыр. Тиісті арыздарды түсіп жатқан осы аудандық жұмыспен қамту орталықтардың ақпараттарын алып, осы көмектерді беруге демеушілер арқылы үйлестіріп отырмыз. Бүгінгі таңда Қызылорда облысы ғана бойынша 82 миллионға жуық қаражаттар тартылды. Оның 31 миллион теңгесі ол біздің барлық денгейдегі депутаттардың берген қосымша көмегі, - деді.

Сонымен қатар, елдегі төтенше жағдай кезінде атыраулық тұрғындар да әлеуметтік жағдайна байланысты бас партияның өкілдерімен тікелей байланысқа шыға алды. «Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық филиалы өткізген тікелей эфир  барысында жергілікті тұрғындар төтенше жағдайға байланысты туындаған қиыншылықтар жайлы айтты. Аймақтағы филиал жауаптылары өткізген онлайн байланысқа екі мыңнан астам тұрығын қосылып, сұрақтар қойды. Атырау облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев бір сағат көлемінде 78 сұраққа жауап берді. Тұрығындар оның қырық біріне сол мезетте жауап алды. Ал кейбір анықтап барып жауап берілуі тиіс мәселелер кейінге қалдырылды.

Біз бұл мақаламызда еліміздегі бас партия - «Нұр Отан» партиясының бірнеше аймақтардағы филиалдарының төтенше жағдай кезінде атқарған игілікті іс-шаралары жайлық жаздық. Мемлекеттің тұрақтылығы, халықтың болашағы үшін тынымсыз жұмыс жасап жатқан көшбасшы партиямыздың елеулі істерін ел есіне салу бізге парыз. «Нұр Отан» партиясы алдағы уақытта да мемлекет үшін мың-сан қызмет атқарары сөзсіз.

Ал, күні кеше партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек су бөгетінің жарылуынан зардап шеккен Мақтарал ауданынан арнайы іссапармен барды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен азаматтар жаңадан салынған немесе толықтай қайта жөндеуден өткен баспаналармен қамтамасыз етілетінін айтқан болатын. Сонымен қатар, су тасқынынан зардап шеккен әрбір тұрғын республика бюджетінен 100 мың теңге ақша алады. Ал, жолдар мен инженерлік желілерді, әлеуметтік нысандарды қалпына келтіруге 14 миллирард теңгеден аса ақша бөлінбек. Мұндай игі істердің басы-қасында «Nur Otan» партиясы да белсенділік танытуда.

Олар бүгінде Мақтарал халқына 920 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберген.

Сонымен қатар, Бауыржан Байбек Мырзакент елдімекені мен Достық ауылы тұрғындарының баспана мәселесін шешу үшін өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевпен бірге бөлінген жерді қарап, тұрғындармен және құрылысшылармен кездесті.

Алдағы уақытта аталған жердегі саман үйлердің орнына газоблоктан 100 шаршы метрді құрайтын 4 бөлмелі үйлер салынатын болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371