Бейсенбі, 15 Қазан 2026
3086 0 пікір 12 Мамыр, 2020 сағат 11:04

Қазақстан ұшақ жолаушыларынан COVID-19 анықтамасын талап етпейтін болды

Қазақстан ұшақ жолаушыларынан COVID-19 тестінен өткені жайлы анықтама талап етуді тоқтатты. Бұл туралы көлік саласындағы бас мемлекеттік санитар - дәрігер Сәдуақас Байғабылов хабарлады.

Байғабыловтың сөзінше, оған 1 мамыр мен 10 мамыр арасында ұшқан жолаушылар мен ұшқыштардан коронавирус табылмағаны себеп болған.

Мамырдың 1-інен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы, кейіннен басқа да бірнеше қала арасында әуе рейстері қайта ашылып, COVID-19 тестінен өткені туралы анықтамасы бар жолаушыларға ғана ұшуға рұқсат берілген.

Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі аяқталды.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 5138 адамға жетті. 1941 адам жазылды. 31 адам қайтыс болды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 998
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1347