«Бәйтерек» қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Бәйтерек» ұлттық басқарушы компаниясының қызметкерлеріне қатысты тергеу жариялады,-деп хабарлайды Tengrinews.kz.
- «Нұр-Сұлтан» қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның лауазымды тұлғаларына және басқа тұлғаларға қатысты «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ еншілес ұйымының бизнес-моделін өзгерту үшін консалтингтік қызметтерді сатып алуға бөлінген 197 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Данияр Бигайдаров.
«Бәйтерек» холдингі – 11 еншілес ұйымды қамтитын интеграцияланған даму институты: Холдингтің 100 пайыздық қатысуымен 10 акционерлік қоғам және 97 пайыздық қатысуымен бір жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ миссиясы мемлекеттік саясатты іске асыру және «2050 – Стратегиясында» қойылған мақсаттарға қол жеткізу мақсатында ҚР Тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады.
Abai.kz