Заң жобасын әзірлеушінің айтуынша, қазіргі қолданыстағы заңдар интернет кеңістігіндегі ақпараттарды құқықтық тұрғыдан реттей алмайды.
Гүлшат Асылбаеваның сөзінше, интернет желілерінде шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттарды жариялауға тыйым салынуы керек. Жалған ақпарат таратқан сайт иелері заң алдында жауап беруі тиіс.
Әзірленген заң жобасында егер жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтін болса, мемлекеттік тиісті орган сотқа дейін сайтқа шектеу қоя алады делінген. Егер сайт иесі ескертуді ескермесе, мемлекеттік орган сотқа жүгінеді.
Құжатта сонымен бірге провайдерлерді сот орындарына интернет қолданушы жайында мәлімет беруге міндеттеген.
Abai.kz