Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
2996 0 пікір 18 Мамыр, 2020 сағат 10:20

АҚШ Ресейге 200 жасанды тыныс алу аппаратын береді

Құрама Штаттар Ресейге 200 жасанды тыныс алу аппаратын береді.

"Америка дауысының" үкімет құжаттарына сілтеме жасап хабарлауынша, Калифорнияда жасалатын елу аппарат сәрсенбі күні Мәскеуге жолданады. 26 мамырда тағы 150 аппарат Ресейге беріледі.

АҚШ үкіметі жасанды тыныс алу аппараттарының ақысы мен жеткізу құнын төлеген. Осы мақсатқа 4,7 миллион доллар бөлінген.

Аппараттар Ресейге әскери авиациямен жеткізіледі, өйткені қазір Ресей мен АҚШ арасында ешқандай коммерциялық рейс ұшып жатқан жоқ.

АҚШ әкімшілігі бұл аппараттар Ресей тұрғындарына арналғанын, мұндай шешім Ресей әскерилерімен әріптестік орнатуды білдірмейтінін мәлімдеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1363
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2949
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1017
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 956