Сенбі, 23 Қараша 2024
2850 6 пікір 21 Мамыр, 2020 сағат 11:35

Ресей Жеңіс шеруін 24 маусымда өткізуі мүмкін

Кремль Конституцияға өзгеріс енгізу мәселесін дауысқа салу мен Жеңіс шеруін бір күнде - 24 маусымда өткізуді көздейді. Бұл туралы РБК президент әкімшілігіне жақын төрт дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Жеңіс шеруін 24 маусымда өткізу жоспарда бар. Дәл осы күні 1945 жылы Ұлы Отан соғысындағы жеңіске орай әскери шеру өткен.

Президент әкімшілігіне жағындығы бар дереккөздердің пікірінше, маусым айына жоспарланған шеру коронавирус эпидемиясына байланысты жарияланған шектеулерден шаршаған халықтың еңсесін көтеруі керек. Бұған қоса, Кремль дәл осы күні конституциялық заңды дауысқа салуды көздеп отыр. 24 маусым биыл демалысқа сәйкес келеді.

Конституцияға өзгеріс енгізуді қарастыратын заңды дауысқа салуды президент Владимир Путин кейінге қалдырғанын 25 наурызда жариялаған. Ал сәуірдің ортасында Жеңіс шеруі кейін өтетіні мәлім болды. Сол кезде Путин бұл шаралардың нақты қай күні өтетінін айтпады.

19 мамырдағы мәлімет бойынша, Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 300 мыңға жуықтады.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5452