Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
5952 0 пікір 22 Мамыр, 2020 сағат 14:47

Мемлекеттік білім беру тапсырысы жарияланды

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітті. 

Министр бұйрығына сәйкес, 2020-2021 оқу жылына арналған мамандықтар бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды, магистрлерді және PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді.

Құжатқа сәйкес, биыл жоғары білімі бар кадрларды (бакалавр) даярлауға - 53 864 грант бөлініп отыр. Ғылыми-педагогикалық магистратура бағытына - 12 915, бейінді магистратураға - 710 және PhD докторларын даярлауға - жалпы 2 355 тапсырыс бөлінген.

Барлық мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырыс тізімін бұйрық қосымшаларынан қарауға болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1329
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2904
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 986
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 917