Сенбі, 5 Сәуір 2025
3141 1 пікір 22 Мамыр, 2020 сағат 14:53

Катардан Қазақстанға гуманитарлық жүк жеткізілді

21-мамыр күні «Qatar Airways» әуекомпаниясының арнайы рейсімен Дохадан Нұр-Сұлтанға жалпы салмағы 8.5 тонна құрайтын гуманитарлық жүк жеткізілді,- деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Оның ішінде жеке қорғану құралдары бар - жоғары сапалы N95 респираторлы медициналық маска, арнайы киім, қолғап, көзілдірік, халат және өзге де медициналық құралдар.

Көмек Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танидің тапсырмасы бойынша ұйымдастырылды. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қатар тарапына гуманитарлық көмек үшін алғысын білдіреді.

Қатардың бұл игі әрекеті екі мемлекет арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастың, сондай-ақ пандемияға қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық күш-жігердегі ынтымақтастықтың көрінісі.

Гуманитарлық жүк медициналық мекемелер арасында одан әрі тарату үшін «СҚ-Фармация» ЖШС-на табысталады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1514
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4240
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3138