Сенбі, 23 Қараша 2024
2858 2 пікір 26 Мамыр, 2020 сағат 17:16

Коронавирустан қайтыс болғандарды жерлейтін зиратта жерленгендер ресми деректен көп

Алматы облысы Қараой ауылының маңындағы коронавирустан қайтыс болғандарды жерлейтін арнайы зиратқа 32 адам жерленген. Бұл туралы зиратқа барған Азаттық тілшісі хабарлаған.

Бірақ ресми дерек бойынша, Алматы қаласында COVID-19 жұғып, көз жұмғандар саны 10 адам. Ал Алматы облысында коронавирустан көз жұму мүлдем тіркелмеген.

Вирустан қайтыс болғандар мен жерленгендер санының арасындағы сәйкессіздікті Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов түсіндірген.

Жергілікті Tengrinews.kz сайтына берген түсініктемесінде Қожағапанов, "қалада қазіргі таңда COVID-19 жұғып, қайтыс болғандар саны – 10, ал қалған 22 адамға коронавирус жанама түрде әсер еткен, бірақ негізгі өлімі созылмалы дерттен болған", деген.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырып қайтыс болғандардың өлімін тексеретін комиссия құрған. Олар марқұмның өліміне коронавирус әсер еткенін я басқа созылмалы дерт себеп болғанын анықтауы тиіс. Комиссия "коронавирус марқұмның өліміне жанама түрде әсер еткен, негізгі өлімі созылмалы дерттен болған" деп тапса, қайтыс болған адам ресми статистикаға енбейді.

Министрліктің ресми мәліметінше, Қазақстанда 35 адам COVID-19 инфекциясынан көз жұмған. Ведомство коронавирус жұқтырған, бірақ бұл тізімге енбеген адамдардың санын ашып айтпай отыр. Бірақ "коронавирус жұқтырса да, өліміне басқа дерт себеп болғандар" жайлы статистиканы карантин аяқталған соң жариялауға уәде еткен.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлем елдеріне қайтыс болған адамнан COVID-19 анықталса, басқа қандай ауруы барына қарамастан марқұмды коронавирустан көз жұмғандар статистикасына енгізуді ұсынған.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 26 мамырдағы ресми мәліметінше, елде 8969 адамнан коронавирус табылды. 4515 адам дерттен айығып, 35 адам көз жұмған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364