Жұма, 22 Қараша 2024
3701 0 пікір 28 Мамыр, 2020 сағат 10:52

ҚР Үкіметі смартфонға бірнеше құжаттарды енгізді

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев смартфонда болатын құжаттар тізімін жария етті.

«Өткен аптада eGov mobile қосымшасында болатын және тиісті заң қабылданған соң қағаз құжаттардың заңды баламасы ретінде қолданылатын цифрлық құжаттар туралы жазба жариялаған едім. «Қосымшаға енгізілген құжаттардан басқа тағы қандай құжаттардың смартфоныңызда болғанын қалайсыз?» деген сұрағыма сіздерден көптеген ұсыныс келіп түсті. Сол бойынша тізім жасадық», - деп жазды министр Facebook-парақшасында.

Асқар Жұмағалиев ұсынып отырған тізімге мына құжаттар кіріп отыр:

1. Төлқұжат

2. Жүргізуші куәлігі

3. Студенттік билет

4. Көліктің техпаспорты

5. Әскери билет

6. Диплом

7. Қаруды пайдалануға берілген рұқсат

8. Зейнеткер куәлігі

9. Аңшылық билет

10. Мүгедектігі туралы куәлік

11. Жылжымайтын мүліктің техпаспорты

«Осы құжаттардың бірқатарын мобильді қосымшаға енгізу үшін тиісті мемлекеттік органдарға хат жолдап, қажетті интеграцияны жүргізу мүмкіндігін қарастыруды ұсындық. Ведомствоаралық комиссияның жақын уақытта өтетін отырысында бұл процесті жеделдету үшін аталған мәселені талқылауды жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5302