Экономиканы қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды
![](https://abai.kz/content/uploads/2020/05/7d.jpeg)
Қазақстанда экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Қаулы Ақорда сайтында жариялаған.
"Жаңа экономикалық ахуал жағдайында экономикалық өсуді қалпына келтіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында мемлекеттік комиссия құруды қаулы етемін", - деп жазылған ақпаратта.
Премьер-министр Асқар Мамин комиссия төрағасы болады.
Үкімет басшысының бірінші орынбасары Әлихан Смайылов комиссия төрағасының орынбасары.
Ал Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Әсет Ерғалиев комиссия хатшысы болады.
Жаңа құрылған комиссия құрамына енген шенеуніктердің толық тізімі Ақорда сайтында жарияланды.
Abai.kz